Home » Айтарым бар » Шығармашылықтың тәлімгері — «Білім айнасы»

Шығармашылықтың тәлімгері — «Білім айнасы»

«Білім айнасы» газетінің редакторы Қуантай Амантайұлының ұйымдастыруымен 25 тамызда №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатында семинар өткізілді. Семинар барысында Мадина Серікқызы мұғалімдердің шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында мақала жазу және жариялауға деген ынта-жігерін арттырып, қызығушылығын оята түсті.

Бұл семинардың мақсаты – мұғалімдерге мақала жазудың қыр-сырын игерту болатын.

Өткізілген семинарда мұғалімдер мақаланың жазылу ерекшеліктерін үйренді. Енді осы семинардың нәтижесінде алған ақпаратты өз тәжірибемізде қолданамыз. Мадина Серікқызы өзінің білімділігімен, мәдениетті сөйлей алу өнерімен педагогтарды өзіне баурап алды.

Бұл семинардан біздің педагогтар жақсы әсер алды. Аталмыш дәріс бізге жаңа заманға жаңашыл педагог болуды үйретті. Осындай семинарлар келешекте жиі өткізілсе екен деп тілейміз.

     Жунусова Тажикуль

Турарова Айнур

№2 мамандандырылған үш тілде

оқытатын мектеп-интернатының

мұғалімдері

Шымкент қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.