Султанғалиева Қоңыр Толеуовна,
Атырау қаласының №23 А.Байтұрсынов атындағы
орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Оқу жылы басында біздің №23 А.Байтұрсынов атындағы мектепте қазіргі жаңартылған білімді дәріптеу мақсатында мұғалімдердің білім — біліктілік тәжірибелерін дамыта отырып, бастауыш және орта сыныптар мұғалімдер арасында «Фокс» тобы құрылған болатын. Негізгі талап: өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды арттыра отырып, оқу-тәрбиелік маңызы бар іс-шараларды әртүрлі бағытта жүргізу. Топ құрған бастауыш сыныптар «Жалын» атанған топтың ұстаздары бастауыш сыныптар онкүндігінде де әр сыныптарда оқу-тәрбие мен денсаулық,спорттық негізінде құрылды. Бастауыш сыныптар онкүндігінің басты тақырыбы: «Жаңартылған білімге-жаңаша көзқарас» деп аталынды.Аптаның екінші күнінде 2 сыныптар арасында өтілген «Шынықсаң шымыр боласың!» атты спорттық сайыс сабақтары әсерлі болып өтті. Оқушылар спортқа деген құлшыныстарын көрсете білді.Әр түрлі қадамдардардан құрылған спорт сайысы 1,2,3 дәрежедегі орындарға ие болып мектеп әкімшілігі Дипломдарымен марапатталды.Сайыстың жоғары деңгейде өтуіне сынып жетекшілері: Султанғалиева Қоңыр, Алпысбаева Құралай мен Ишанғалиева Айжан атсалысты.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Спорттағы достық қарым — қатынасқа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Оқушыларды спортқа деген қызығушылықтырын арттыру және ептілікке, икемділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ойын
Түрі: Командалық жарыс.
Өтетін орны: Спорт зал.
Керекті құрал — жабдқтары: Түрлі — түсті шарлар, доптар, арқан, секіртпе, қап, қанаттты сөздер, ұранды сөздер,сенім арттыратын сөздер.
Барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Залдың іші безендірілген.
Көк тудың желбірегені әнінің әуенімен балалар залға қолдарына топтың аты, ұранымен ұрандатып кіреді.
1.Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
ІІ. Негізгі бөлім.
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Құрметті ұстаздар, оқушылар!. Сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты балаларсыздар.. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын,шыныққан шымырлы болайық, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп, өткелі отырған «Шынықсаң – шымыр боласың!» атты эстафеталық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Жүргізуші:Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар, мектепте үлкен сайыс. Бізде 2 сынып оқушылары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде, жылдам, епті, ұйымшыл және қөңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай оқушыларға сәт сапар тілейміз!
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Әділқазылар алқасының мүшелері:
Қитуова Мария,
Отарова Гүлбарам,
Олжағалиева Альфия таныстырылды.
Таза ауа, спорт болсын дәріміз,
Еңбек етіп келгенінше әліміз.
«Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа аттанайық бәріміз!
Спорттық сайысымыз 3- 5 балдық жүйемен бағаланады.
Олай болса сайысқа түсетін сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
1-топ 2а сыныбы «Бірлік» тобы
2-топ 2ә сыныбы «Достық» тобы
3-топ 2б сыныбы «Қыран» тобы.
Әр топ топ аттарымен, ұрандарымен таныстырылды.
Сайыс түрлері:
- «Кім жылдам» эстафетасы
2. «Қаппен секір» эстафетасы
3. «Тапқыр» сайысы
4. «Мергендер» эстафетасы
5. «Білек күші» сайысы
6. «Арқан тартыс» сайысы
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Өнер қуып топ өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп,
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
(Әр топ топтың аты мен ұрандарын таныстырып өтеді)
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен-тек жоймайық!
Олай болса, сайысымызды бастайық.
I: «Кім жылдам» эстафетасы
Ойынның шарты: Үш топ белгіленген жерден, белгіленген жерге дейін секіртпемен секіріп барып келеді. Қай топ бірінші келсе, сол жеңімпаз болады. Әділқазылар алқасы бағаларын жазып, ұпай сандарын жазып отырады.
II: «Қаппен секіру» эстафетасы
Ойынның шарты: Жарысатын үш топтың сайыскерлері мәреге келіп тұрады.
Бірінші адамның аяғында қап, осы қаппен секіріп сөреге дейін барып қайтып, екінші сайыскерге береді. Ал, балалары болса бір аяқпен секіріп барып қайтады. Қай отбасы уақытында келсе, сол жеңімпаз болады. Әділқазылар алқасы бағаларын жазып, ұпай сандарын жазып отырады.
ІІІ «Тапқыр» эстафетасы
Ойынның шарты: Әр топтан екі қыз бала шығады. Бастауға белгі бергенде допты еденге соғып, ойын алаңына қойылған кегілені айналып өтіп, берілген есепті шығарады. Өзі команданың тізбегінің соңына барып тұрады. Қай команда тез бітсе және есепті қатесіз шығарса сол жеңіске жетеді. Әділқазылар алқасы бағаларын жазып, ұпай сандарын жазып отырады.
ІV «Мергендер» сайысы
Ойынның шарты: Әр топ 3 метр қашықтықта тұрған нысанаға дәл тигізіп ұпайын жинайды. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Әділқазылар алқасы бағаларын жазып, ұпай сандарын жазып отырады.
V «Білек күші» сайысы
Ойынның шарты: Әр топтан 3 ер баладан шығады.Қарсылас топпен күш сынасады. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
VI «Арқан тартысу» сайысы
Ойынның шарты: Әр топ бір-бірімен арқан тартысады. Қай топ қарсыласын сызықтан тартып шығарады, сол топ жеңіске жетеді. Әділқазылар алқасы бағаларын жазып, ұпай сандарын жазып отырады.
Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады, —
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Көрсетті міне, өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар, — деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.
(командаларға мақтау қағаздары табыс етіледі)
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт — досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, — демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!
Осы сайыста 1-ші жүлде алған 2 «ә» сынып оқушылары болса,2-ші жүлдеге ие болған 2 «б» сынып оқушылары иеленіп 3-ші орынмен 2 «а» сыныбы марапатталды.
Бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың» жарысын осымен аяқтаймыз!
Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!
Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!
Сау болыңыздар!