Сағындырған көктем мезгілі келіп, табиғат ана оянды. Күн жылынып, құстар жылы жақтан өз туған жеріне оралады. Жан-жануарлар оянып, қорегін іздеді .
Сонымен қатар,балалардың сүйкімді күлкілері көктемде одан сайын құлпыра түседі. Көктемнің мерекелері көп. Наурыз, «Жеңіс күні», «Отан қорғаушылар күні», Аналар мерекесі», «Бірлік-ынтымақ күні» сондықтан да маған көктем мезгілі қатты ұнайды.
Атап айтып өтсем, олардың ішіндегі ерекше мейрамдардың бірі ˗ Наурыз, мұсылман халықтарының мейрамы. Наурыз сөзі «нау»-жаңа, «рыз»-күн дегенді білдіреді. Күн мен күн теңеледі. Наурызды халық қуанышпен, қарсы алады. Барша халық дастархан жайып, қыстан сүрлеп сақтаған етін пісіріп және оған жеті түрлі дәннен наурыз көже дайындайды. Осындай керемет мерекеде «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!», « Тек жақсылық болсын» деп тілек, ырымдарды айтып, бір-бірін кешіріп, бірін-бірі құшақтап қонаққа барысады. Осы мерекеде үлкен дастархан жайылады, Қандай ғажап десеңізші! Көктем мезгілінің талай қызықтары алда әлі.
Дулат Алуа
Астана қаласы
№84 мектеп-лицейінің
4 «Ә» сынып оқушысы