Home » Білім және тұлға » Шоқтығы биік, шұғылалы жан

Шоқтығы биік, шұғылалы жан

Әр адам-қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі — өзінше бір әлем.
Ал ұстаз сол әлемді шартарапқа танытушы. Ұстаз — бала болмысын өзгертіп, үлкен өмірге сара жол салушы, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді адамы.Осындай бірнеше қасиетті бір басына сыйдырған сыйлы ұстаздың бірі Қарағанды қаласындағы №36 мектеп ұстазы Қасым Гүлбаршын Медетқызы.Ол жиырма жылға жуық уақыт қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Шәкірттерінің білімге деген құштарлығының нұрлы болашағына тәлім -тәрбиесі мен біліктілігі арқасында жол ашып келеді. Гүлбаршын Медетқызы үнемі талаптылардың тынысын ашып, қанаттандырып жіберуді дәстүрге айналдырған. Оның қамқорлығына бөленіп, мейірімін көргендер қаншама. Кез-келген оқушыға ұстаздық ақылын айтып, бойындағы бар білімін сарқып беруге әзір тұрады. Туған тілдерінің қадір-қасиетін, ұлттық құндылықтар мен әдебиетіміздің асыл мұраларын кеңінен дәріптеп, оқушыны ізгілік пен мейірімділікке баулиды. Оқушыны өзінің пәніне сүйсіндіру, әрі сүйікті пәні еткізу –Гүлбаршын Медетқызының ең жақсы қасиеттерінің бірі болып табылады.
Гүлбаршын Медетқызының есімі мектепте ерекше мақтанышпен аталады. Мектеп ұжымының ортасында зор беделге ие. Оқушылары өнеге тұтып қадірлейді. Аяулы ана, асыл жар, ардақты ұстаз бола білетін ұстаздың тұла бойы тұнып тұрған өнер. Мектепте түрлі мәдени-әдеби кештер өткізіп, ұйымдастырып, оған қашан да балаларды тарта біледі. Поэзияны сүйіп жатқа оқиды.
Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие шуағын дарытып, сапалы білім сәулесін сіңірудегі Гүлбаршын Медетқызының еңбегі ұшан-теңіз. Атап айтар болсақ, «Білім беру саласында қосқан зор үлесі мен қол жеткен табыстары үшін» құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталған, ерен жетістіктерге жеткен. Облыстық, қалалық көркем сөз оқу байқауларының жүлдегері, «Қарағанды қаласының жыл мұғалімі» байқауының дипломанты, талай шығармашылық сайыстардың жеңімпазы, сонымен қатар   шәкірттерін де түрлі сайыстарға қатыстырып, жеңімпаз атандырып, қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген құштарлықтарын арттырып келеді
Қорыта айтқанда, көптеген шәкірт тәрбиелеп өсірген осындай шоқтығы биік , шұғылалы ұстаздың болуы мектебі үшін үлкен мақтаныш, зор мәртебе.

 

Әсел Құсайынқызы,

                                     Қарағанды қаласы,
«Білім айнасы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.