Әбілмансұр
Армысыздар, аяулы аналар, гүлдей құлпырған қыздар.Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы мерекесі — наурыз Халықаралық әйелдер күні де, келіп жетті.Бұл бір қолымен әлемді тербеткен аналар мен қыздар қауымының төл мерекесі құтты болсын.
Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құтықтаймыз мейраммен
Құрметті, жан аналар.
Тәрбиеші.
Қош келдіңіздер, құрметті аналар, мен балабақшамыздың тәрбиешілері мерекелеріңіз құтты болсын. Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.Әрдайым біздердің жанымызда есен-аман жүріңіздер.
Ана десем шешек ашып жанары
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады –дей отырып.
Әбілмансұр.
Бүгінгі ертеңілігімізге өз өнерін көрсететін «Қарлығаш» тобының балаларын қошеметпен шақырамыз қарсы алыңыздар.Залға әсем әуенмен балалар билеп, ортаға кіреді.Билеп болған соң, орындарына жайғасады.
Тәрбиеші.
Балалар бізге өзінің мерекесін,берекесін алып қай жыл мезгілі келді
Балалар.
Көктем
Дұрыс айтасыңдар ал көктем мезгілінің неше айы бар кім айтып береді.
Балалар.
3— деп жауап береді.
Дұрыс айтасыңдар.
Ал,осы үш ай аттарын жеке-жеке атап берейікші.
Балалар
Наурыз.Сәуір.Мамыр.
Жарайсыңдар балалар.
Орыс тілінде айта аламыз ба.Қане орыс тілінде атап берейікші.
Балалар.
Март.Апрель.Май.
Жарайсыңдар балалар.
Көктем мезгілінде ауа-райында қандай құбылыстар болады.
Балалар.
Күн жылынады, жаңбыр жауады, күннің көзі жарқырап шығады, жылы болады, барлығымыз күртелер киеміз. Сол кезде есікті біреу тоқылдатады.
Тәрбиеші.
Бізге балалар қонақ келген сияқты, қарсы алайық қонағымызды.
Осы кезде
Көктем аруы келеді.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар мен көктем ханшайымымын.Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтауға келіп қалдым.Мерекелеріңіз құтты болсын.Отбасыларыңыз аман болсын.
Мен көңілді көқтеммін
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтың
Түбіне тал еккенмін.
Гүл боп қырда егілем.
Дән боп жерге себілем
Жаңбыр болып жауам да.
Нұр боп көктен төгілем,
Жылуын күннің әкелем.
Әбілмансұр.
Қош келдің көктем ханшайымы, сізге ұқсап біздің қыздарымыз да, әрдайым құлпырып жүре берсін, біздің балаларымыздың сізге арнап әсем ән жаттаған қабыл алыңыз.
Ән. Қош келдің көктем.
Тәрбиеші.
Күн шуағын шашады.
Жауын да жауын алады.
Көктем келіп жеткенде,
Ағаштар бүршік жарады.
Ал, енді балаларымыздың көктем мезгіліне арналған тақпақтарын тыңдайық.
Данияз.Рамазан. Санжар. Қайрат.
Данияз.
Жасыл көктем келеді.
Самал беттен өбеді
Көкте бұлттар көбейсе
Мөлдір тамшы төгеді,
Тамшы, тамшы, тамшылар
Көгерді ағаш,тал шынар.
Тамшылардан өнетін
Тамаша гүлдер көп шығар.
Рамазан.
Көктем келсе, табиғат құлпырады.
Көңілдерге ғажайып, сыр тұнады.
Гүлге толып, айнала күн жарқырап.
Жанарларда қуаныш нұр тұрады.
Санжар.
Көлде аққу, көкте қаз.
Орманда бұлбұл сайраған.
Көптен күткен, көктем кеп.
Құлпырып дала жайнаған.
Қайрат.
Көктем болды алақай
Қуанар бар балақай,
Көктемде жаңбыр болады.
Бақшалар гүлге толады.
Бүршік шашып, жапырақ ашып.
Даланы гүлдер басады.
Сұлу көктем есігін ашып.
Шуағын бізге шашады.
Тәрбиеші.
Жүргізуші жарайсыңдар рахмет.
Баланың да, тірегі,
Дананың да, тірегі.
Ауырмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Аналарымызға арналған әнге кезек берейік.
Ән.Ақ дидарлы Анашым.Хор
Би.Вальс.
Әбілмансұр.
Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем әділеттікті ұғынам.
Ендеше біздің асыл аналарымызға арналған тақпақтарымызға кезек берейік.
Алихан.
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзак өмір сүріңіз.
Айдана.
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп, дем алам
Құшағыңда қысылмай.
Мансур.
Менің анам ақылшым
Күн секілді білгенге
Шашырайды шуағы
Үйімізге кірген де.
Абылайхан.
Аналарды теңейміз ғой құндызға
Күнге де, айға да, жұлдызға
Өмір бақи анаменен
Бақытты гой, ұл-қызда.
Тәрбиеші.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде
Бишілер билеп, берер тербетіле
Аққудай қалықтаған теңіздер де,
Бишілер өнерлерін көрсету де.
-деп алдарынызда ұл- қыздарымыздың биін қарсалыңыздар.
Би.
Әбілмансұр.
Ана десем сезім билер тым ыстық
Жарасады адамдарға туыстық
Бар адамға берсе, ананың мейрімін.
Орнар еді, бар әлемде тыныштық.
Аналарымызға арналған тақпақтарымызды жалғастырайық.
Нұрасыл.Алдияр. Дарын.
Нұрасыл.
Бал бөбегім баптаған.
Анам үшін мақтанам
Ақ бетіңнен сүйейін.
Келші, келші ақ мамам.
Алдияр.
Анам менің аялаған ақ гүлім,
Анам менің бақытым мен шаттығым.
Анашым деп балаң, жырын арнаған,
Неге ғана естілмеген тәтті, үнің.
Дарын.
Гүлдей болсын өміріңіз
Нұрға толсын көңіліңіз,
Биік болып жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін тәңіріңіз
Тәрбиеші.
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін қанекей,көңіл-күйлер.
-деп алдарыңызда ұл-қыздарымыз биін қарсы алыңыздар.
Би.Ха-фа-на
Қариясы бар үйдің казынасы бар демекші, әжелерімізге арналған тақпақтарға кезек берейік.
Ерали.
Құшағы мен пейілі,
Далаға байтақ, тең келер.
Нұрындай күннің мейірімі.
Біздерге бақыт, дем берер.
Әбілмансұр.
Өзің мені өсірген
Айналайын, ақ әжем
Тентек болсам, кешірген.
Балдай тәтті, бал әжем – деп ендігі әнімізді әжелерімізге арнаймыз,
Қарсы алыңыздар.
Ән. Асыл әжем. Хор.
Құрметтейік балалар аналарды.
Бізді өмірге әкелген даналарды,
Себебі ана деген, асыл жан ғой.
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Би.Спасиба мама.
Балаларымыздың өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
Әбілмансұр.
Аналарымызға арналған әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән.Аяулы Анашым.
Тәрбиеші.
Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды.Мерекелеріңіз кұтты болсын.Сау сәлеметте болыңыздар.
Шораева Айжан Базарбековна
№74 «Дәурен» балабақшасы
Астана қаласы