Қазіргі дамып келе жатқан Қазақстан қоғамына заманауи, білімді, адамгершілікті, өз бетінше шешім қабылдап, елінің болашағын ойлайтын адамдар қажет. Бұл тұрғыда, елінің білікті, салиқалы да парасатты, толыққанды, жан- жақты жетілген жеке тұлғаны дайындау – мектептің ең басты мақсатына айналып отыр. Қазіргі заманда қоғамның алдыға өрлеу процесінде адами факторы мен оны жан-жақты дамыту, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Бұл мақсат ертеңгі есейген жеткіншектің болашақта немен айналысатыны, қандай мамандықты таңдап, қай жерде еңбектенуімен тікелей байланысты. Осыған байланысты білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыт-бағдары – оқу үдерісінде әрбір оқушыны жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыру. Мектеп оқушының танымдық қабілеттерін дамытып, болашақ өміріне және ары қарай білім алуына қажетті, негізгі құзыретітіктерді бойына сіңіруі қажет.
Қазіргі заманауи мектептер оқудағы гуманистік бағытты таңдап отыр, ол дегеніміз, оқушының жеке тұлғасы жетекші орынға шығып және оның тұлғалық әлеуетіне, жан дүниесіне ең маңызды рөл бөлінеді. Яғни, білім алушының жеке мүддесі, оның қызығушылығы, сұраныстары жіті есепке алынып, жеке тұлғаға бағытталған оқу тәсілі қолданылады.
Бұрын қолданылып келе жатқан дәстүрлі әдіс-тәсілдер практикалық және топтық оқуға өзгерді, яғни оқушы қызығушылығы негізгі мақсатқа айналды. Жеке тұлғаға бағытталған әдістің негіздерін қалауда И.С. Якиманская, Е.В. Бондаревская, И.А. Зимняя, Д.В. Эльконин және К. Роджерстің еңбектері маңызы рөл ойнайды. Бұл әдіс бойынша оқыту үдерісі оқушыға бағытталған. Сонымен қатар, Мария Монтессоридің еңбегінің үлесі зор.
Педагогикалық іс-әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты, яғни баланың қайталанбас дара тұлға ретінде өзін-өзі тануын, өзін-өзі жетілдіре отырып дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты идеялар, түсініктер және іс-әрекеттер жиынтығы.
Г.К. Селевка бойынша жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мұғалімнен төмендегідей іс-әрекетті талап етеді:
1) Өз оқушыларының темпераменті, мінезі-құлқы, көзқарасы, талғамы мен әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі;
2) Жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік достары және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап, білуі;
3) Әрбір оқушыны өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы;
4) Мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып отыруы, ал егер мұны уақтылы істей алмаса, жаңа жағдайларға сай тәрбие тактикасын жедел түрде өзгертуі;
5) Жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі;
6) Тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі.
«Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В. Сухомлинский. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, таным әрекеттерін жасайды.
Ал шетел тілін оқыту үдерісінде оқушының жеке өзіне бағдарланған бағытта оқыту жетекші рөл ала бастады. Шетел тілін оқытудағы соңғы нәтижеміз мәдениетаралық қатысымның субьектісін қалыптастыру, яғни тілін үйреніп жатқан елдің азаматымен тең дәрежеде қарым-қатынасқа түсе алатын, соған сай шет тілдік коммуникативтік біліктіліктің барлық компоненттері қалыптасқанда ғана мүмкін болады.
Тұлғалық құзыреттілікті дамытуға бағытталған әдістің тиімділігі оқу-әдістемелік қамтылудың сапасымен де тығыз байланысты. Қазіргі таңда оқу-әдістемелік құралдардың сан алуан түрлері белгілі, таңдау кезінде бірнеше критерийлерге сүйенген дұрыс:
Оқу-әдістемелік құралдар мемлекеттік стандартқа сай болуы;
Оқу-әдістемелік құралдардың толық жабдықталуы;
Оқу-әдістемелік құралдардың оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес болуы
Аталмыш құралдардың оқушылардың психикалық, сөйлеу, танымдық, социо-мәдени ерекшеліктеріне сәйкес келуі және т.б.
Шет тілі сабақтарында мұғалімнің оқу барсында туындайтын барлық күрделі методикалық мәселерді шешетін оқулықты іздеуі алдын ала сәтсіздікке алып келеді. Бірде-бір оқулық бірдей жағдайда оқушының сан алуан талаптарына, жас ерекшелігіне, даму деңгейіне, зияткерлік қабілетіне сай бола бермейді, яғни, мұндай бағдардағы шет тілі сабағы тек ғана оқулықтың авторларының ұсыныстарына сәйкес құрылмауы абзал. Әр сабақ оқулықтармен қоса, баланың түрлі ерекшеліктеріне сәйкес адаптациядан өткен қызықты қосымша материалдармен қамтылуы керек.
Және де аталмыш материалдар кешенді түрде жүйеленуі қажет, ол дегеніміз, оқушылардың жай ғана сөйлеу дағдысы емес, сонымен қатар психикалақ үдерісін де есепке алынуы керек. Кешенді тәсіл шет тілі сабағында тек ғана пән мұғалімінің жұмысын ғана көздемейді, сонымен қатар психолог, сынып жетекшісінің де бірлескен жұмысын негіздейді.
Бұл әдістің тиімділігіне тағы да тоқталсақ, олар:
- Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
- Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
- Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;
- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
- Оқытушының уақытын үнемдейді.
Оқушының сабақ оқу үдерісі ерікті түрдегі қызығушылық жағдайда жүзеге асуы керек. Сол үшін ағылшын тілі пәні мұғалімдері ағылшын тілін оқыту сапасын жоғарылату мақсатында сабақтарында әлемдік заманауи, зияткерлік әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануда.
Топтық жұмысқа тоқталсақ, сыныпта ынтымақтастық және достық атмосферасы орнайды. Тақырыпты оқушылар топтаса отырып бір-біріне түсіндіреді, ақылдасады, ешқандай оқушы ұмытылмайды. Жаңа ақпараттық құралдары ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер: үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі; оқушылардың шығармашылығын арттырады; оқушыларды жеке жұмыс істеуге; оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын өсіреді; сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын молайтады; грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі; оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады; пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Якиманская И.С. Технология личностно- ориентированного обучения в современной школе. –М.:Высшая школа, 2000
2.Сериков В.В. Личностный подход в образовании: концепция и технология. – Волгоград: Градус, 1994, 164с.
3.Бим И.Л. Личностно- ориентированный подход основная стратегия обновления школы.//ИЯШ, №4, 2001.
4.Мұсабеков Ө. Тұлғаға бағытталған білім. // Қазақстан мектебі, №1, 2007.
- Айменова М.Ж п.ғ.м. . // Жеке тұлғаға бағытталған оқыту. // 2016
- Юлдашева Х.М. // Тұлғаны қалыптастырудағы ағылшын тілінің маңызы//2015
7.Тілдерді оқыту барысындағы танымдық қызығушылық қалыптастырудың дәстүрлі жолындағы проблемалар мен ізденістер // Ұлт тағылымы. – Алматы.- 2006 № 1
Луиза Борамбаева,
№177 жалпы білім беретін мектеп,
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,
Алматы қаласы, Жетісу ауданы