Резюме
В обучении иностранному языку формирование навыков академического письма имеет важное значение. Прежде всего, следует вызвать интерес учащихся к письму. Обучение навыкам академического письма способствует развитию у учащегося мыслительного процесса и умения выражать свое мнение обоснованно и содержательно. В целом, для развития у учеников навыков академического письма используются различные виды работ, такие как мотивационное письмо, эссе, словарный диктант, резюме и т.д., которые должны отвечать поставленным требованиям.
Resume
In teaching a foreign language the formation of writing skills is important. First of all, the teacher should create the students’ interest in writing. Teaching the skills of academic writing contributes to the student’s ability to express his/her opinion reasonably and meaningfully. Different types of written works such as motivation letter, essay, vocabulary dictation and C.V., etc. which should meet the set requirements are used for developing the students’ skills of academic writing
Кілт сөздер: академия, графика, жазу дағдысы, білім беру,тілдесу элементтері, логикалық құрылым, конвенциялық сілтеме.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі-шығармашылық тұрғыдан бәсекелестікке сай үш тілді жетік меңгерген, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып-тәрбиелеу деп атап көрсетті [1,1]. Бұл жерде негізгі рольді білім беру жүйесі алып отыр.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін меңгертуді жолға қою мақсатында ерте жастан оқыту қолға алынып отыр. Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруды жалпы жазба тілімен ауыз екі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс әрекеттерін әңгімелеуге үйрету.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей: «Өсіп келе жатқан ұрпаққа әлемдік стандартқа сай келетін сапалы білім беруіміз керек, сонымен қатар қазіргі мамандардың біліктілік деңгейін көтеруді де ұмытпауға тиіспіз», — деген міндетті белгілейді [1,2]. Біздің зерттеуіміз бүкілхалықтық талқылаудан өткен, өзектілігі күнбе-күн артып келе жатқан осы құжаттарда қойылған сұраныс бойынша зерттеу жұмысын жүргізуге арналады.
Қазіргі заман сөйлеудің үш түрі – ауызша, жазбаша және электронды түрлерінің дамуын ерекше талап етіп отыр. Сөйлеудің жазбаша, электронды түрі қаншалықты маңызды болса – ауызша сөйлеудің мәні де соншалықты зор. Оқушылардың ауызша сөйлеуге баулу мәселесін нақты әңгіме ететін кезең келді. Бұл — әлеуметтік қажеттілік, заңнамалар талабы, Елбасы тапсырысы. Бұл пікірлер аталған тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Бұл-уақыттың талабы. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол — оқушыға оқу қызметінің субъектісі ретінде жүзеге асырылуы орынды. Жаңа тұлға оқушыны дамыту жолдары: өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Демек, мектеп оқушыларының ғылым, білімнің қоғамдық қажетті деңгейі мен қамтамасыз ету, оларды Отандық, ұлттық және әлемнің мәдениет арналарына сусындату қажет.
Адам баласы сөйлеу тіліне келгенде ешбір тіл ережесін оқымай-ақ сөздерді дұрыс байланыстырып жаңа сөздер, сөз тіркесін, сөйлемдерді құрастырады. Бірақ мұның барлығы да ауызша сөйлеу шеңберінде болатын іс-әрекет. Ал жазу әрекетінде ауызшаға қарағанда өзгешелік бар. Өйткені жазуда барлық қателер мен кемшіліктер көрініп тұрады. Жазу әрекетінде тілдің жүйесіне қатысты фонетика, грамматика, лексика, графика, орфография ережелерін міндетті түрде меңгеріп үйренуді қажет етеді. Жазу жұмыстарында фразаларды құрастыруда, сөз таңдауда т.б. формаларды пайдалануда ережелерді, заңдылықтарды білуге тура келеді.
Жазу графикалық таңбалардың мағыналық жүйесі мен тізбегі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Жазу арқылы адам айтайын деген ойын қағазға түсіріп, екінші бір адамға, жалпы адамзатқа жеткізуді мақсат тұтады. Яғни адам баласы ойын басқаға жеткізу үшін жазуды үйренеді [2,162].
Әлемдік өркениетке қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық – саяси, экономикалық, мәдени дамуындағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік туғызды.
Қазақстан Республикасы Жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында көрсетілгендей: «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты – мемлекеттің әлеуметтік және кәсіптік проблемаларын өз бетінше тұжырымдай отырып, іс жүзінде шеше алатын, жоғары білімді әрі бәсекеге түсуге қабілетті шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау болып табылады» [3,5].
Демек, жазу әрекетін меңгерту дегеніміз – адам айтар ойын сөзбен, сөйлеммен түсінікті етіп таңбалар жүйесі арқылы жеткізу. Сөйлеу үшін тіл үйренуші тілдік тұлғалардың бір-бірімен тіркесу, қолданылу тәртібін іс-жүзінде түсініп, өз бетімен қажетіне қарай пайдаланып үйренуі керек. Бұл тілдегі сөздік қор мен грамматиканы меңгеріп, ойда пайда болған ұғымды сөйлемге айналдыруды қажет етеді. Жазуды игеруде тіл үйренуші тілдік тұлғаларды дұрыс қолдануға, сауатты жазуға үйренеді.
Осы орайда, академиялық жазу іскерлігіне анықтама берер болсақ, ол бірнеше себептер бойынша атқарылатын жазуға жатады, себебі академиялық жазу қарапайым анықтама арқылы келуі қиын. Сондай-ақ, академиялық жазу көптеген әр түрлі нысандарда қолданылады. Сипаттамаларда, түсініктемелерде, мысалдарда, мәтін жазуда, хаттарда, ғылыми іс-қағаздарда және т.б. академиялық жазудың іскерлігін пайдаланылады.
Жалпы ағылшын тілінде Academic English деген термин қалыптасқан. Бір қырынан қарағанда біздің қазақ тіліндегі публицистикалық стилге келетін секілді. Академиялық ағылшын — кәдімгі күнделікті ағылшыннан бөлек, ғылыми тіл. Академиялық жазу академиялық ағылшынның жазу тілі ретінде қалыптасқан. Академиялық жазу шеберлігі, сондай-ақ мұғалімдер мен зерттеушілерге оқуға немесе конференцияларда көбінде ұсынылған жарияланымдар үшін пайдаланылады. Академиялық жазу тіпті академиялық жазу параметрінде берілген кез келген жазу тапсырмасын қамтуы мүмкін.
Еуропалық білім беру ісінде академиялық жазылым тұжырымдамасы дәлелді және негізделген өзіндік пікір құрай білу; логикалық құрылымды жазбаша түрде бере білу; тұтас жұмысты ресімдеудің халықаралық академиялық стандарттарын сақтай отырып, материалды жүйелеп бере білу сияқты үш тұғырдан құралады.
Жазу – таңбалардың белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болуы арқылы адамдардың бір-бірімен жазбаша қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Жазу арқылы тіл үйренуші сөйлемнің мәніне, мағынасына, формасына көңіл аударып, оны ойымен пайымдауы арқылы өз санасынан өткізіп, қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуы нәтижесінде жазбаша тілдік қатынасты жүзеге асырады.
Жазу әрекеті тілдік қарым-қатынастағы сөз әрекеттің, тілдесудің басты элементтерін үйрету үшін бағытталады. Бір қарағанда мұнда қатысымдық байланыс жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін. Өйткені тіл үйренуші азды — көпті білгенін қағазға түсіреді. Бірақ онда екінші адаммен тікелей тілдесу іске аспайды, демек жазудың қиындығы да осында. Жазу үстінде адам өз ойын тиянақты, жүйелі, басқа біреуге ұғынықты болатындай етіп, екінші адамға ыңғайлап жазады, тілдік қарым-қатынастың жазбаша түріне бейімдеп орындайды. Жазу – жазған адамнан гөрі, жазылғанды оқып, оны тыңдап қабылдайтын оқырманға, яғни басқа, екінші бір бөгде адамға ыңғайлап, соның талап тілегін ескеріп, сол үшін жазылады.
Жазу әрекеті біріншіден, әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады; үшіншіден, жазу құбылысында сөз әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн–мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазу қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады [4,101].
Сонымен, сөз әрекетінің бір түрі ретінде жазу тіл үйренушіден өз ой пікірін екінші адамға жүйелі түрде қағаз бетіне түсіре алуды, кәсіптеріне қатысты түрлі шығармашылық жұмыстарды (реферат, аннотация, мақала, тезис, конспект, келісім шарт, хат, пікір жазу т.б.) орындауды, ресми іс- қағаздарды сауатты жаза білуді талап етеді.
Егер оқытуды тұтас жүйе ретінде алып қарасақ, оның екі құрастырушысы бар: оқытушы(мұғалім) және оқушы (оқушы,студент). Оқытушы оқушының оқуға деген қызығушылығын оятып, оны басқарып, бағыттап отыруы керек. Оқу — өте белсенді процесс, онда оқушы оқыту жұмыстарының бәріне қатысуы керек. Бұл екі жақты іс-әрекет: біріншісі – оқытады, екіншісі – оқиды, мұнда екі жақтың атқаратын іс — әрекетін бөлек қарауға болады. Интернет ресурс грамматиканы талқылау барысындағы жазу мен академиялық жазу арасында көптеген айырмашылықтар бар. Академиялық жазу барлық тілдер үшін күрделі жазу түрі. Ағылшын тілі ғылымында академиялық жазу іскерлігі сөздердің дәлдігін талап етеді. Сондай-ақ, логикалық құрлымына, конвенциялық сілтемелеріне және сөз құрлымындағы сөздердің шешендігіне назар аудару қажет. Сонда академиялық жазу барысы жиірек қол жетімді болады. Академиялық жазу іскерлігінде мақсатын дұрыс қою, көлемді мазмұн мен материалды логикалық тәртіппен ұсыну және оны тұжырымға келтіру маңызды. Академиялық жазу іскерлігіне оқшауланған және обьективті көзқарас қажет. Академиялық дәлел логикаға жүгінеді, интеллектуалды ұстанымның қолдауына дәлелдемелер береді және ол эмоциялық шағым жетіспеушілігін айырады. Осы тұрғы да академиялық жазу іскерлігі турасында сыни тұрғыдан ойлау керек. Сыншыл болу біреудің жұмысын мадақтау немесе оны жоққа шығару емес. Тиісінше жазылған мәтінге жақын болуды білдіреді.
Академиялық жазу іскерлігін қалыптастыру барысында шетелдік оқу орындарына мотивациялық хат жазу үшін Алматы қаласындағы № 15 гимназияның жоғарғы сынып оқушыларына қосымша сабақ жүргізілген болатын. Нәтижесінде оқушылар арасында жазуға деген оның ішінде академиялық жазуға алғышарттар жасалынды.
Пайдаланылған әдебиет
- ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев //Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда// — Егемен Қазақстан.– 2014, 13 қазан (№255) – 1, 2 б.
2.Рогова Г.В., Рабинович Ф.М., Сахарова Т.Е. Методика обучения иностранным языкам в средней школе. М.: Просвещение, 2000. – 287 б
3.Қазақстан Республикасы Жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы. Алматы, 1998. –96 б.
- Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. Алматы, 2012. – 208 б.
Садыбекова Салима Ізбасқанқызы
ф.ғ.к., доцент, практикалық ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университет
Қызылорда қ., Қазақстан
Әбдібекова Аяжан Ғалымжанқызы
Магистрант
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университет
Қызылорда қ., Қазақстан