Home » Мақалалар » Шетел тілін оқытуда лексиканың маңызы және оны меңгеру жолдары  

Шетел тілін оқытуда лексиканың маңызы және оны меңгеру жолдары  

Қазіргі кезде республикамызда демократиялық, экономикалық, саяси және әлеуметтік өзгерістер болып жатқанда жоғары оқу орнында шетел тілдерін оқыту да оған жаңа тұрғыдан қарауды талап етуде. Республикамыз өз алдына егеменді ел болуына байланысты шетел тілдерін оқытудың жаңа кезеңі туды, Сол себепті де оқу бағдарламасы, оқу және әдіскерлік құралдары түгелдей қайтадан жасауды қажет етіп отыр. Бүгінде пәндерді оқытуда шәкірттердің жеке басының ерекшеліктерін, қажеттіліктерін, қызығушылық-тарын ескере отырып оқыту көзделуде.Сондай-ақ оқушылардың елтану, лингвоелтану, экономикалық, психологиялық, мәдени-информациялық білімін көтеру арқылы оларды болашақ мамандыққа дайындауға үлкен мән берілуде.

Оқу процесінде оқушылар меңгеруге тиісті шетел тілі аспектілерінің ішінде аса маңызды-лексика.Өйткені шамалы болса да,сөздік қорын игермей шетел тілін іс жүзінде игеру мүмкін емес.

Басқа білім салаларының ішінде лексиканың бірінші орын алуының себебі мынада:кейбір грамматикалық материалды меңгермегендіктен,сөзде грамматикалық қателер бола тұрса да, адамдар арасында қатынас болуы мүмкін,олар бір-бірімен түсінісе алады.Ал басқа біреудің сөзін түсіну үшін немесе өз ойын айтып жеткізу үшін қажетті лексиканы білмеген жағдайда коммуникация бола алмайды,яғни басқа адамның сөзін түсіне алмаймыз, өз ойымызды да жеткізе алмаймыз. Сондықтан шетел тілін оқытуда лексиканы меңгерудің маңызы ерекше, олай болса, лексикаға көп көңіл бөлу керек. Әрине, бұл айтылғаннан лексиканы меңгеру өз алдына оқыту мақсаты екен деген қорытынды шықпау керек. Маңызы қандай зор  болғанмен, лексиканы меңгеру оқытудың мақсаты емес, тек сол мақсатқа жетудің өте маңызды құралы.Сонымен лексиканы лексика үшін емес,оны сөзде қолдана алу үшін  меңгеру керек,яғни басқа адамдардың сөзін оқып немес тыңдап түсіну, өз ойыын ауызша немесе жазбаша түрде жеткізу үшін қажетті лексиканы қолдана алатындай шамада меңгеру жөн.Онсыз шетел тілінде сөз іскерліктері мен дағдыларын меңгеру мүмкін емес. Шетел тілін оқытуда лексиканы меңгертуге қойылған мақсат бойынша оқушылар шет елдіктердің сөйлеген сөзін түсіну, газет, журнал, кітаптардағы мәтіндерді оқып, олардың мазмұнын сөздіктің көмегімен түсінулері қажет етеді. Әдістеме саласында алдыңғы қатарлы әдіскерлердің бірі болып саналған К.А.Ганшинаның пайымдауынша, шетел тілін оқытуда ең алдымен жетекші орын мәтінді оқуға берілген.Ал лексика тек сол тәтіннің мазмұнын түсінуге керекті құрал ретінде ғана пайдаланылған.

Лексика сөйлем арқылы түсіндіріліп, керекті құралдармен әрі қарай пысықтау, бекіту жұмыстары жүргізілген. Жаңа сөзді меңгеруде оқушылардан төмендегідей нақты іскерліктер талап етілді.

— таныс емес сөздерді ережеге сай оқи алу;

— өтілген грамматикалық және лексикалық материалдар негізінде құрылған мәтіндерді сөздіктің көмегінсіз оқи, түсіне және аудара алу;

-оқытушының шетел тілінде қойған сұрағына жауап бере алу;

— өтілген материалдарға құралған оқытушының кішігірм әңгімелерін түсіне алу.
Тіл үйретуде сондай-ақ жоғары оқу орнына сай оқу бағдарламасы қажет. Шетел тілін меңгеруде оқушылар төмендегідей дағдыларды білуі тиіс:
-фонетика: дыбыстардың оқылу ережелері және алфабиттегі әріптерді сөзтіркесінде, әріп тіркестерінде, дұрыс айту;

-орфография: белгілі бір дыбыстарға сәйкескелетін әріптер мен әріп тіркесін жаза білу, негізгі тілдік қолданыста жиі кездесетін белгілерінің орфография жағынан дұрыстығы сәкестігін білу;

-лексика: сөзжасам үлгілері, көп мағыналы сөздердің контекстегі мағынасы, оқытылатын мамандыққа байланыстытерминдер мен лексикалық құрылымдарды меңгеру;

—  грамматика: негізгі қаржы және экономика мамандықтары саласында жиі кездесетін грамматикалық құбылыстарды меңгеру.

Оқушылар мынандай іскерліктерді меңгеруі керек:

оқу:  мәтіндерді сөздікпен және сөздіксіз оқу;мәтінге қажетті ақпаратты табу; оқыған мәтіннің мағынасын түсіну және есте сақтау;

жазу:  іс-ағазын толтыру, қысқа тұжырым жазу, құрастыру, іскерлік, ресми және жеке адамның шағын хатын жазу;

аударма: аударма ережелеріне сәйкес сөздікті қолданып шет ел тіліндегі мәтінді қаза тілінде немес орыс тілінде аудару;

аудирование(тыңдап түсіну): шет ел тілінде айтылған сөйлемдерді түсіну.

сөйлеу: сөйлеу ережелеріне сәйкес өз ойын,пікірін шет ел тілінде қалыптасқан тілдік нормаға сай жеткіз, сұрақ қою, жауап беру, оқытылған тақырып бойынша шет ел тілінде әңгімелесе біл. Өзі оқыған, тыңдаған мәтін мазмұнын айтып беру.

Біздің мақаламызда лексика маңызды орын алады. Лексикаға байланысты төмендегі ұғымдар,білімдер шет тілі пәнінен сабақ беретін мұғалім үшін рөлі зор.

Тілдік емес жоғары оқу орнында оқытылатын пәндердің оқушыларға жалпы білім беруде өзіндік үлесі бар. Шетел тілі де оқушылардың жалпы білім деңгейін көтеруге атсалысады. Шетел тілін үйрену оқушылардың логикалық ой-өрісін дамытуға көмегін тигізеді.Атап  айтқанда, мәтінге, тақырыпқа жоспар құру, жоспарға,суретке қарап,әңгіме айту оқушылардың логикалық жүйелі ойлауын дамытады. Шетел тілін оқып-үйрену барысында оқушылар оның жүйесі, ерекшеліктері жөнінде мағлұмат алады.Мысалы, белгілік және белгісіздік категориясы, ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі шақ жүйесінің ерекшеліктері туралы білімін толықтыра түседі. Бұл мағлұматтар жалпы білім деңгейін арттырады. Ал болашақ мамандыққа байланысты лексикаға байланысты үйретудің орны ерекше.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Артықбаева А.Қ «Методика обучения монологической устной речи в языковом вузе».Канд.Дисс.-М:1982,-240»
  2. Артемова А.Ф.,ЛЕОНОВИЧ О.А «Английские имена собственные и поплнение словарного состава» ИЯШ,2005,№1

Andrain Wallwork «Business options» oxford,2000

  1. Бухбиндер В.А.,Штраус В.Н. «Основы методики переподавания языков» Киев, «Высшая школа» 1986.
  2. Гез Н.И. «Теория обучения иностранным языкам».Лингводидактика и методика.М., «Высшая школа»; 1982, 42-46 ст

 

  Асенова Айса Акбаровна
Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылы,
«Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясының
жоғары санатты  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.