Home » Ашық сабақтар » Шеримов Шайнур. Power Point туралы негізгі түсінік

Шеримов Шайнур. Power Point туралы негізгі түсінік

Сабақтың мақсаты:  PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік.
Бағдарламаның мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру. Қазіргі таңдағы ақпараттық технология үрдісін қолдана отырып презентация құру.
Міндеттер:
Студенттің білім деңгейін анықтай отырып, белсенділікке баулу, жаңа ақпарат пен бұрынғы білімді ұштастыру. Студенттің танымдық белсенділігін арттыру.
Студенттің ойын дамыту, тапқырлық ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, информатикалық тіл байлығын жетілдіру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге баулу.
Студенттерді шығармашылыққа баулу, шығармашылық сауаттылығын және компьютерлік шеберлігін дамыту.
Өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулуды арттыру, оның қадір-қасиетін ұғынуға, іскерлікке, ұқыптылық тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, тәжірибелік жұмыс
Көрнекі – құралдар: компьютер, проектор, электронды оқулық
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі.
Көрнекі құралдар: проектор, компьютер, слайдтар,электронды оқулық
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттермен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлығын қадағалау
2. Үй тасырмасын тексеру: МҚБЖ Access-те мәліметтердің бейнеленуі.
Жұмыс түрі: Ақпараттық диктант
Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) – мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған, оны басқару мен түрлендіруді жүзеге асыратын программалар тобы.

Мәліметтер қоры (МҚ) дегеніміз – ол бір-бірімен байланысқан әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді бір жерге жинақтап сақтау. Microsoft Access қандай қолданбалы программалық жасақтамаға жатады. Ақпарат сақталынатын Microsoft Access программасынның негізгі объектілері ол кесте. Кесте құруды неден бастаған дұрыс өрістерін енгізуден. Форманы көрсету режимдері: конструктор режимі, форма режимі, кесте режимі. Режимдер арасында ауысу Вид менюі арқылы іске асады.

Студенттерге қойылатын мақсат:

Power Point бағдарламасының мүмкіндіктерін меңгеру

  1. Жаңа сабақ

Жоспар:

Power Point бағдарламасы туралы негізгі түсінік.

Power Point терезесінің құрылымы.

Көрме жасаудың тиімді тәсілдері.

Слайдтарды безендіру.

Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу.

  1. Нығайту:
  2. Power Point бағдарламасы туралы негізгі түсінік.

Microsoft PowerPoint- көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы.

Көрме – Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы. Слайдтар әр түрлі қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. Белгілі бір тақырыпқа байланысты жасалған слайдтар тізбегі презентация деп аталады.

  1. Power Point терезесінің құрылымы.

PowerPoint бағдарламасын іске қосу үшін Бастау- Бағдарламалар — Microsoft PowerPoint командасын орындаймыз.

ü Тақырып жолағы- құжаттың аты және басқару батырмалары орналасады.

ü Мәзір жолағы- басқа бағдарламалардан өзгешелігі мұнда «Слайдты көрсету» әмірі орналасқан.

ü Стандартты құралдар және Пішімдеу үстелі бұның басқа бағдаламалардан өзешелігі мұнда «Жасақтама» және «Жаңа слайд» әмірлерімен ерекшеленеді.

ü Сурет салу құралдар үстелі- сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлер тобын қамтиды. Бұл суреттер салуға, эмблема жасауға мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.

ü Қалып күй жолы- құжат ақпаратын қамтиды, беттер санын көрсетеді.

ü Жұмыс аймағы- слайдтар жасауға, мәтін, сурет, диаграмма, клип, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ. 6- слайд

ü Тапсырмалар аймағы- ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.

ü PowerPoint-тың жаңа бағдарламасында өзгешеліктер:

ü Тақырып жолағында «Office» батырмасы орналасқан. Ол құжатты ашу, жаңа құжат құру, баспаға шығару, дайындау, жариялау, жіберу, сақтау командаларын орындайды. Бұл бағдарламаның мүмкіншіліктері өте зор.

  1. Көрме жасаудың тиімді тәсілдері

Автомазмұн шебері көмегімен:

1-ші қадамда: Презентацияның түрін, яғни оның жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз. Келесі қадамға өту үшін тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай батырмасын шертеміз.

2-ші қадамда: Презентацияны көрсету тәсілдерін таңдаймыз.

3-ші қадамда: Презентацияның тақырыбын жазамыз. Сонан кейін Дайын батырмасын басамыз. Дайын болған презентацияны өз қажетімізге қарай өзгерте аламыз.

Жаңа презентация құру қажет болса Пішімдеу құралдар үстеліндегі «Жаңа слайд» әмірін басу қажет. Бұл жерде слайдтар белгіленуінің 27 түрі бар. Мұнда кесте, диаграмма, графикалық объектілер, дыбыс орналасу схемасы көрсетілген. Осының ішінен өзіңізге қажеттісін таңдап ала аласыз.

Слайд жасақтамасы мен жұмыс жасау үшін тапсырмалар аймағы үстелінде- Слайд жасақтамасы қосымшасын таңдап, барлық безендіру қалпын қолданып көруге болады.

Түстер сұлабасын қолдану үшін тапсырмалар аймағы үстелінде- Түстер сұлабасы қосымшасын таңдаймыз. Осыдан кейін барлық қол жетерлік түстер сұлабаларын қолданып көруге болады. Сондай-ақ фондық түсті өз қалауыңызша өзгертуіңізге болады. Ол үшін Формат-Фон командасын орындаймыз.Осы терезеден түстің қанықтылығын және өрнек немесе текстура ішкі

беттерінде слайдтағы фонның түрлерін әртүрлі етіп өзгертуге болады. Түс қанығуы өзгерісінің арнайы градиентті құю деп аталатын түрін қолдана отырып, өте әдемі дизайндарды дайындауға болады. Өз қалауыңызша кез-келген түстерді таңдап ОК батырмасын одан кейін Қолдану батырмасын шертеміз.

PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу режимі.

  1. Слайдтарды безендіру.

Дайын суретті крістіру үшін «Кірістіру» (Вставка)- «Сурет» (Рисунок) командасын орындаймыз. PowerPoint бағдарламасында суреттерді алмасу буферін қолдана отырып, басқа бағдарламадағы суреттерді пайдалануға болады.

  1. Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу.

Power Point бағдарламасында дайындалған презентацияны көрсету кезінде музыкалық, дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар. Кейбір дыбыстар (мысалы, жазба машинкасының дыбысы қол шапалақтау т.с.с.) Анимацияны баптау саймандар тақтасынан іске қосылады. Презентацияға әуен (музыка) қою үшін Вставка –Фильмы и звук – Звук из файла командасын орындап, өзіңізге қажетті әуенді таңдап ОК батырмасын басамыз.

Слайдтарда дыбыстық сүйемелдеулерді жазу үшін, компьютерде дыбыстық карта мен микрофон орнатылуы қажет. Дыбысты жазу үшін Слайдты көрсету-Дыбыстық жазба (Показ слайдов- Звукозапись) командасын орындаймыз. Дискіде қанша орын бос орын барын және неше минут жазуға болатынын көрсететін сұхбат терезесі ашылады. ОК батырмасын шертеміз.

5.Өзіндік жұмыс: Компьютерде Жеті туралы ұлағатты ұлттық ұғымдарды Power Point бағдарламасына енгізу, презентация құру.

Жұмыстың орындалу реті:

  1. слайдқа- оқу орны, тапсырманың аты, орындаған студенттің аты-жөні, тексерген оқытушының аты-жөні, Астана 2014 – деп жазу керек.
  2. слайдқа — жеті қазынаны жазу-/ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы/
  3. слайдқа -жеті ғаламды жазу- /шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан, жер, жер асты/
  4. слайдқа -жеті күнді жазу-/бүгін, ертең, бірсүгіні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына/
  5. слайдқа жеті жұтты жазу-/құрғақшылық, жұт, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала/
  6. слайдқа жеті атаны жазу-/бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата/

7.слайдқа жеті қат көкті жазу-/ай, күн, шолпан,есекқырғн, қызылжұлдыз, сатурн, мүштәри/

  1. слайдқа жеті қат жерді жазу-/тұңғиық, жылан, су, қос балық, қара тас, көкөгіз,жер/
  2. Сабақты қорытындылау:

Жаңа тақырыпты қорытындылау мақсатында студенттерге Power Point бағдарламасына арналған 10 сұрақтан құрылған тест тапсырмасы беріледі.

 

7.Үйге тапсырма: Жаңа ақпараттық технолгиялар, информатикадан 30 сабақ. 61-63 бет.

8.Студенттерді бағалау: Сабаққа белсене қатысқан, жұмысты толық орындаған студенттерді бағалау. Бағаны оқу журналына қою

 

Шеримов Шайнур Шакимович
М.Тынышпаев атындағы
ҚазККА Ақмола колледжі
жоғары санатты информатика
пәні оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.