Жыл сайын Май ауданындағы мектепке дейінгі білім беру мекемелері тәрбиеленушілерінің арасында өткізілетін дәстүрлі “Шебер қолдар” аудандық конкурсы да мәреге жетті.
Нәтижесінде екінші кіші топ (3-4 жас) тәрбиеленушілерінің арасында Қазақстан НМ шағын орталығының тәрбиеленушісі Мырзабекова Айлана I орынға, А. Иманов атындағы ОМ шағын орталығының тәрбиеленушісі Өмірзақ Шапағат II орынға, Ақбота бөбектер бақшасының тәрбиеленушілері Қайсар Айлана мен Қайрат Айлана III орынға иеленді.
4-5 жас аралығындағы ортаңғы топ тәрбиеленушілері арасында Қазақстан НМ шағын орталығының тәрбиеленушісі Тасқайратова Сымбат және Нұртаев Жанболат, “Балдәурен” балабақшасының тәрбиеленушісі Уалиева Дария, 5-6 жас аралығындағы мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілері арасында Қазақстан НМ тәрбиеленушісі Нұрлыбекова Кәусар, Көктөбе ОМ тәрбиеленушісі Кабиева Арай, А.Иманов ат. ЛМ Самат Анель жеңімпаз атанды.
Л. Теміртасқызы,
Білім айнасы,
Павлодар облысы