Бүгінгі педагогикалық үрдістегі инновацияның негізі – жаңа іс-әрекеттерді енгізу, жаңалықтарды жинақтау мен жүзеге асыруда біртұтастық қызмет ету. Мақсат пен нәтиже жаңалыққа бет бұруы тиіс. Басқару жүйесінде инновациялық бағыттар қажеттілігі бірнеше жағдайлардан туындайды:
- Басқаруда білім беру жүйесіне жаңа ұйымдастырушылық механизмді енгізу, оқытудың мазмұны мен құрылымын, технологияларын жаңалау;
- Білім мазмұнының адамгершілік сипат алуына көңіл бөлу;
- Жаңа оқу пәндерінің енгізілуі, білімнің құрылымын жаңарту, жаңа мазмұнды білім беру моделін қарастыру;
- Мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды меңгеруі мен қолдануында қарым – қатынастар сипатының өзгеруі;
- Білім беру саласына білікті мамандарды тарту. Өзгермелі өмір адамның күрделі тапсырмаларды орындай білуін талап етеді. Мұндай қабілет қалаыптастыру үшін оқушыларға классикалық білім берумен қатар оларды сыни, шығармашылық ойлауға, топ ішінде жұмыс жасауға үйрету керек. Балалардың бойына білімқұмарлық, ынталылық, табандылық, көшбасшылық қасиеттерді, әлеуметтік және мәдени сапаларды сіңіру қажет. Осының барлығы жаңартылған білім мазмұнына енген. Міне, осы мақсатта шағын жинақты мектеп проблемаларын шешудің 4 бағыты белгіленген:
- 1. электронды контенті пайдалану:
- Жаңартылған білім мазмұны не үшін қажет? Шағын жинақты мектеп жұмысын ұйымдастыру қалай жүзеге аспақ?
- 2020 жылға дейін мектептердің 100%-ы АКТ-ны қолданатын болады;
- барлық шағын жинақты мектеп интернетке кіру мүмкіндігінсіз де электрондық контентпен қамтамасыз етілетін болады;
- мектептер, бірінші кезекте шағын жинақты мектептер 50 мың бейнеэкранмен, БілімLand-ты қоса есептегенде бейне және интерактивті материалдар орналастырылған проекторлармен және компьютерлермен жабдықталады ;
- БілімLand материалдары және құралдарымен жабдықтау 2016 жылдан басталады;
- педагогтерді даярлау:
- біріктірілген сыныптар мен шекаралас пәндерге мұғалімдерді даярлау мәселесі шешіледі.
- жас кадрларды тарту:
- мектептерге жас мамандардың келіп орналасуы, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасын қайта қарау есебінен қамтамасыз етілетін болады;
- қолжетімділікті арттыру:
- 2020 жылға дейін ресурстық орталықтар саны 200-ге дейін көбейетін болады.
- мектептері жоқ ауылдарда тұратын балаларды мектепке және үйге тасымалдауды ұйымдастыру жұмысы жалғасын табады;
- тиісті қажеттілігі бар өңірлерде мектеп жанындағы интернаттар салу жұмысы жалғасады.
Шағын жинақты мектепте параллель сыныптардың болмауы, оқушылардың санының аздығы және бір сыныптағы балалардың жас шамалары әртүрлі болуына байланысты өзіндік ерекшелігі де бар.
Шағын жинақты мектептің қызметін ұйымдастыруда мынадай қағидалар ескеріледі:
- біріктірілген сыныптарда бірпәндік, біртақырыптық ұстанымдарға негізделген кіріктіре оқытуды ұйымдастыру;
- біріктірілген сыныптардағы сабақтың дидактикалық кезеңдерін тиімді үйлестіретін икемді сабақ кестесін құру;
- кіші және жоғары сынып оқушыларымен өздігінен жұмыстарды өткізуге мүмкіндік беретіндей сабақ жоспарларын құру;
- оқу үдерісі негізінде әрбір оқушы тұлғасына психологиялық-диагностикалық сараптау және оның даму динамикасының мониторингін жасақтау;
- білімді үздіксіз және жүйелі беру;
- жоғарғы және төменгі сыныптар оқушыларына өздігінше жұмыс жасауға, сабақ жоспарларын ұйымдастыру;
- оқушылардың оқу барысында бір–біріне өзара көмектесуі және ынтымақтастығы;
- педагогикалық үрдіске қатысушылардың түрлі деңгейін (түрлі жас аралығын) ескере отырып, әр түрлі тақырыптар мен тапсырмаларды ұсынуы;
- әр оқушының қажеттілігін және қабілеттілігін ескере отырып оқыту;
- шағын жинақты мектеп жағдайында оқытудың ерекшеліктеріне сәйкес тиімді педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
- әрбір білім алушы үшін оқытудың өзіндік траекториясын белгілеп, даралап және саралап оқытуға жағдай жасау;
- білім беру үрдісінің технологиясы мен мазмұнының икемділігін, вариативтілігін жүзеге асыру;
- әрбір оқушының өзін-өзі көрсете білу, өздігінен білім алу қабілетін дамыту;
- білім берудің дамытушылық, шығармашылық және инновациялық сипаты;
- шағын жинақты мектептің мәдени орталықтардан шалғай орналасқандығын ескере отырып, мектептегі тәрбиелеу және дамыту жұмыстарын басты назарға алу;
- шағын жинақты мектеп жағдайында оқытудың ерекшеліктеріне сәйкес тиімді педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.
Еліміздегі оң өзгерістерді, әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, білімнің басты күш екенін ескергеніміз абзал. Сол арқылы білім мазмұнын жаңартуға қол жеткізуге болады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Ертеңін ойлайтын, болашағына үмітпен қарайтын көшпелі ел, ең алдымен, ұрпақ тәрбиесіне, шәкірт біліміне ерекше назар аударады, қандай байлық болмасын, оның түбі бір сарқылатыны хақ. Сарқылмайтын, терең бойлаған сайын, керісінше еселеп арта беретін бір байлық бар, ол — білім».
Оны жүзеге асыруда мақсатты түрде мұғалімнің деңгейінің үздіксіз өсуіне жағдай жасау, көмек көрсету, шығармашылығын табысты дамытудағы жауапкершілікті, сезінушілікті ұйымдастыруға ықпал жасау, үніне үн қосу білім мекемесі басшыларының бірден-бір міндеті.
Мектепті басқаруда инновациялық үрдістерді нысанаға алу тұлғаны дамытудың өзекті мәселелеріне арқау бола алады. Оның мазмұны мұғалім – оқушы, мұғалім – мұғалім өзара қарым – қатынастық сипатта өзгерістер әкелуі тиіс. Бұл өзгерістерді мектеп басшысы жүзеге асырады. Басқару ұстанымдарына өзгеріс енгізу оқу үрдісіне қатынасушылардың өзіндік жетілу қажеттігін туындатады. Оның нәтижесі ретінде әрбір мұғалім өзін дамыту арқылы оқушыларды өзін –өзі жетілдіру, өз мүмкіндігін жүзеге асыра алу әрекеттеріне үйрете алады. Оны жүйелі ұйымдастыру басқарудың жаңа жолдары арқылы жүзеге асырылады.
Инновациялық үрдістерді басқару мектепті дамыту кезеңіндегі педагогикалық қызметтің динамикасынан байқалады, басқарушылық мақсат инновациялық үрдістегі ұйымдастырушылық пен мақсатты бағыттылықты, білім беру қызметінің нәтижелі жетістіктерге жету бағытындағы қызметтің тізбектілігін көрсетеді. Мектеп басқаруда оңтайлы шешім қабылдау, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару бүгінгі басшының басты ұстанымы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ж.Қ. Астамбаева, Г.И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010.
Құракова Роза,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,
«Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық)
пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы,
жаңартылған бағдарлама бойынша тренер