Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында дамудың жаңа сапасын қамтамасыз ету үшін адамдар өзгерістерге үнемі бейім болу қажет екендігіне баса назар аударылған.
«Біздің миссия – қазақстандық дәстүрлер мен халықаралық тәжірибені ұштастырған білім берудің инновациялық жүйесін әзірлеу мен енгізу, содан кейін оны еліміздің орта білім беру жүйесіне тарату», – деп бірегей білім институтының басым бағытын нақты атап өткен еді. Оқу бағдарламасының негізгі өзегі мен бағыты – сын тұрғысынан ойлау, үштілділік, IT-технология, әлеуметтік жобалар және тәжірибелерді жүзеге асыру.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты аз уақыт ішінде жаңа бағытта, жаңа серпінмен жұмыс жасауда. Педагог қызметкерлердің сұранысы бойынша қысқа мерзімді біліктілік арттыру курстарымен қамтамасыз етуде. Институтта педагогикалық шеберлікті арттыру, ұстаздар мен оқушылардың рөлін дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жоспарланған. Облысымыздағы үздік тәжірибелі ұстаздарымыздың өзара іс-тәжірибе алмасуы мақсатында ұстаздар қауымдастығы құрылып, ұстаздарымыздың еңбектерін жарыққа шығаруға, тәжірибесін таратуға біздің институт әдістемелік көмек пен қолдау көрсетіп қамтамасыз етуде. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» әлемдік тәжірибе негізінде өткізетін курстарда ұстаздардың біліктілігін арттыру жүйесін жаңғырту тәжірибелерін меңгерген педагогтардың жұмыстары біздің облысымызда да өз нәтижелерін беруде.
Біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс–әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Білім беру үрдісіндегі басты әрекет етуші – мұғалім. Мұғалім қазіргі заман талабына сай білім берудің жаңа технологияларын үйреніп, соның сабақ барысында жүйелі қолданыс табуын қадағалай білуі маңызды. Сондықтан мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалімдердің оқу процесіндегі оң өзгерістерді анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың нәтижесі бойынша курстан өткен мұғалімдер, сабақ өткізетін сыныптарда топтық жұмыстар, ұғынуға ұмтылыс, бағалау, ақпаратты анализдеу және синтездеу, өз бетінше ойлану және пайымдауы қалыптасқан. Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейінде айтарлықтай өзгерістер байқалады.
Оқушылардың білімділікке төмен мотивациясы жағдайында ғылыми және техникалық шығармашылық, оқу бағдарламаларын жетілдіру ерекше өзекті болып отыр. Осы жерде STEM технологиясы туралы ой қозғағымыз келіп отыр. Атап айтқанда, осы мәселені зерделеген статистикалық мәліметтер бірқатар қарама-қайшылықтарды анықтады:
- қазіргі дәстүрлі білімге негізделген білім беру жүйесі XXI ғасырдағы кадрларды даярлауға және оқытуға қойылатын талаптарға жауап бермейді;
- оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту және проблемаларды шешу дағдыларының жеткіліксіздігі;
- командалық жұмысқа оқушылардың белсенді қарым-қатынасқа түспеуі[4].
STEM бағдарламалары белсенді қарым-қатынас пен командалық жұмысты көрсетеді. Олар соншалықты еркін, олар ешқандай пікір білдіруден қорқпайды, олар сөйлеуге және ұсынуға үйренеді.
Қopытындылaй кeлe, біліктілікті арттыру курсындағы жаңа жобалар ic жүзiндe тиiмдi eкeнiн бaйқaдық. Әpбip мұғaлiм жaңa зaмaн тaлaбынa caй oқушыны дaйындaу үшiн әpдaйым өз тәжipибeciн жeтiлдipу мaқcaтындa iздeнicтe бoлуы кepeк дeп oйлaймыз. Жaлпы, бaғдapлaмaны мeңгepу — oқыту caлacындaғы көптeгeн зepттeулepмeн тaныcуға, oлapғa тaлдaу жacaуға, oқыту бapыcындaғы көптeгeн жaғдaйлapды, тәciлдepдi өзгepтуiмізгe түpткi бoлды. Aлдaғы уaқыттapдa дa әpiптecтepiмiздiң өзapa тәжipибe aлмacу, oнлaйн чaттapы apқылы бұл әдicтepдi пaйдaлaнып, өзiмiздiң caбaқтapымызғa қapaй түpлeндipiп, жaндaндыpa түcугe бoлaтынын түciндiк.
Калижанова З.А,
Баяндина Г.А.
«Өрлеу» БАҰО АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ
академиялық бөлімінің мамандары