Home » Баяндамалар » ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫ

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫ

«Ауыл мектебі – қашанда дана мен даралар шыққан білім ордасы,
ұлттық тәрбие мен білімнің сарқылмас кәусар бұлағы».
Н.Ә. Назарбаев.

Ауыл мектебі оның ішінде  шағын комплектілі мектептердің бүгінгі жайы және жаңа заман мұғалімінің жауапкершілігі жөнінде үнемі айтылып келеді. «Ауыл мектебі дегеніміз – ол қазақ мектебі. Бұл Үкімет әлеуметтік мәселелерді шешуге, соның ішінде ауыл мектебіне, әсіресе шағын комплектілі мектепке ерекше көңіл бөледі», — деген болатын И.Тасмағамбетов. [1, 3]   Жалпы Қазақстандағы мектептердің 76 пайызы ауылдық мектеп болса, оның 65 пайызы шағын мектептер екен. Ал біздің Қазалы ауданында шағын жинақты мектептердің саны – 8. Бұлардың барлығы дерлік қазақ мектептері. Егер осы қазақ ұлтының нағыз салт – дәстүрі мен әдет – ғұрыптары қаймағы шайқалмай сақталып отырған қазақ ауылы мен қазақ мектебінің жағдайын осы кезден ойламасақ келешек не болады? Ауыл мектебінің жағдайын көтеріп, ауыл зиялыларын қалыптастыру біздің міндетіміз деп білемін және соның негізінде шағын жинақты мектептің мұғалімдері мемлекеттік, әлеуметтік мәселелерді қолға алып отырмыз.  Жоғары оқу орындарында арнайы шағын мектептерге арналған бөлім жоқ және мамандар даярланбайды. Сондықтан алғаш шағын мектепке жұмыс жасауға келген жас маман неден бастарын білмей, көп қиналады. Ал екі сыныпқа қатар сабақ беруді үйрену үшін ұзақ уақытын өткізіп алады да, бағдарлама бойынша сабақ толық меңгерілмей қалады. Сондықтан осындай шағын мектепте бірнеше жыл жұмыс істеу барысында жинақтаған өз тәжірибемді ортаға салсам деймін. 45 минут ішінде екі сыныпқа қатар сабақ өткізу өте қиын. Сондықтан мен 30 жылдық тәжірибеме сүйеніп бірнеше сыныпқа арнап, мұғалімге көмекші құрал, ал оқушы үшін дидактикалық материал ретінде 5 сыныптың Ежелгі Қазақстан тарихы оқулығын жеңіл меңгеруі үшін және есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында оқушылар бірлесіп шешу үшін қызықты есептерді ұсынып «Есепті тарих» деп аталатын әдістемелік құрал жасап, оқулықтағы материалды тез әрі жеңіл меңгерту мақсатында пайдаланып келемін. Жеткен жетістіктерім де аз емес. Шағын кешенді мектептердегі оқу – тәрбие жұмысының деңгейін аудан көлемінде насихаттау үшін өткізілген аудандық семинарда осы еңбегім жоғары бағаланып, білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталдым.
Ал 9 сыныптың Қазақстан тарихы бойынша оқулықтағы барлық мәтінді 6 кітапшаға енгізіп, оқушылардың теориялық білім алуын оңайлатсам, алған теориялық білімін өз бетінше практика жүзінде іске асыру жағдайын да қарастырдым. Ал нәтижесін алу үшін тек сол 9 сынып оқулығындағы материалдар бойынша тест кітапшаларын жасап шықтым. Яғни оқушылардың ойлау белсенділігін максималды дамытып, ойлауға, білімді өзіндік толықтыру мен жаңартуға, оларды теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешкенде сапалы пайдалана білуге үйретуді мақсат еттім.
9 сынып оқулығындағы мәтіндерді бірнеше атаулы кітапшаларға бөліп оқытудың теориялық маңызы:

Атаулы кітапшалар  Қазақстан тарихы оқулығындағы барлық мәтінді       қамтитындығымен, жаңашылдығымен, негізділігімен, болашағы – нәтижесі барлығымен маңызды.

Практикалық маңызы:

Атаулы кітапшалар арқылы алған білімдерін практикалық негізде жүзеге асыра алатындығымен құнды, тиімді және нәтижесін көре алады.

Бұл атаулы кітапшалардың алғашқысы «Кім не деді?» деп аталады. Ол кітапшада қамтылған мәселелер:

  1. “… Бұл шығарма славяндық және түркілік этностық әлем шекарасында дүниеге келген және онда екі көрші мәдениеттің шындықтары көрініс тапқан”, -деп тұжырым жасаған – ақын О.Сүлейменов.
  2. “Қазақстан бөлінбейді!”, “Неміс автономиясына жол жоқ!”-деген жазулары бар транспоранттар көтеріп, орталық алаңға шыққан – қазақ жастары.
  3. «Кедейлердің ауру балалары жұмысқа жарамды деп танылды, ал бай балалары дені сау және тепсе темір үзетін болса да, әскери алқалардың төрағасы мен мүшелеріне көп пара бергендіктен, үйлеріне қайтарылды», — деп жазған Қостанай уезі Меңдіқара болысының батырақ-шаруалары.
  4. «Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді… Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды» — деп жазды Ә.Бөкейханов.
  5. «… өз басым Қазан төңкерісінен кейінгі жылдар біз үшін текке өткен жоқ деген байлам жасадым. Материалдық өндіріс жүйесін түбірінен жаңарту, адамдардың білім деңгейінің күрт өсуі, қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының арасындағы қатынастарды жақсарту,… ғарышқа самғау-мұның бәрін өзіміздің тарихи жүгіміздің асылдарына жатқызған жөн» — деп жазды Н.Ә. Назарбаев өзінің «Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын» деген еңбегінде.

Практикалық жұмыс:

Ә.БөкейхановТ.Рысқұлов
А.Байтұрсынов

 

А.Байтұрсынов
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.ДулатұлыҚазақ зиялылары
М.ДулатұлыҚостанай уезі Меңдіқара болысының батырақ-шаруалары
Патша әкімшілігіӘ.Бөкейханов
Минскіден майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ә.БөкейхановА.Байтұрсынұлы
М.ШоқайФ.И.Голощекин

«Кім не деді?» деген конвертке салынған кесте ішіндегі атауларды оқушылар біртіндеп ала отырып, сол атауларға байланысты кітапшадан оқығандарын еске түсіріп айтып береді. Ұмытқан жағдайда кітапшаны ашып, сол есімге байланысты сөздерді қайталайды. Бір атау мәтін бойында қанша рет қайталанса, сонша атау конвертке салынады. Басқа кітапшалардағы  атаулар, сандар, жылдар, пайыздар да осындай конверттерге салынып, оқушының жеке, жұптасып дайындалуына және тақтаға іліп топпен дайындалуына да болады.

ІІ кітапша:  «Бұл кім?»

  1. 1952 жылы Қазақ драма театрында М.Әуезовтың «Абай» драмасын қойып, қойылымы

КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған  — В.Голубович.

  1. Әдебиет сахнасынан көзге ілігіп, корей жазушыларының дарынды тобын бастаған – Ким Кван Хен.
  2. Этнографиялық оркестр құрып, ән жазуды ұлттық сарындағы аспапты музыканы уағыздаумен ұштастырған – Н.Тілендиев.
  3. Ұлттық келісім тактикасына қол жеткізуге зор еңбек сіңірген қазақ халқының ағартушысы, әрі гуманисі – А.Байтұрсынов.
  4. Орталықтан аулақтау үдерісін күшейтіп, шын мәніндегі егемендік жолында батыл қадамдар жасай бастағандар – жекелеген республикалардың басшылары.
  5. Кеңес үкіметі қалыптастырып кеткен демографиялық саясат салдарынан өз жерінде ұлттық азшылыққа ұшыраған – қазақ халқы.

Практикалық жұмыс:

    А.Ф.КеренскийС.Ужгин    Никита КротовЕ.Е.Курьев
Жәмеңке МәмбетовБекболат ӘшекеевВ.Радус-ЗенковичКеңестік өкімет
Қазақтартарихшыларфилософтар       суретшілер
Хрущевтік-Брежневтік әкімшілікПартия ұйымдарыСталиннің тұсындағы басқару аппаратыКОКП-ның басшылығы
Жергілікті кадрларКеншілерОрталық басшыларыЗиялы қауым

ІІІ кітапша: «Сандар»

  1. 1 АҚШ доллары (1992 ж) 4,7 теңгеге теңесіп тұрды.
  2. 1 жасқа – дейінгі балалардың шетінеуіне полигон маңында, Арал мен Балқаш өңірінде  түрлі әлеуметтік аурулардың көбеюі, тамақ түрінің шектеулілігі, медициналық қызмет түрлерінің төмендігі, санитарлық-тазалық талаптарының орындалмауы себеп болды.
  3. 11 адам1993 жылғы сайлауда ҚР кәсіподақ федерациясынан депутаттық орынды иемденгендер.
  4. 74,6 млрд кВт/сағ1984 жылы өндірілген электр қуаты.
  5. 16 мың бала1955 жылы 15 жасқа дейінгі оқуға тартылмағандар саны.
  6. 83 мыңҚытайдағы қазақ босқындары. (1917 жылғы Жалпықазақ съезіндегі мәлімет)

Практикалық жұмыс

11111
22222
23333
4561019
22366898100
3168642 мыңға жуық3,5 мың8 мың
10-даған мың19 мың144,7 мың1 млн астаммиллиондаған
2 млн 787 мың3,5млн десят-на800-900 млн6,7 млрд66,5 млрд

IV кітапша: « %»

  1. 4,9 % — 1991 жылмен салыстырғанда 1992 жылы болат өндірудің қысқарған үлесі.
  2. 20 % — 1970-1986 жылдар аралығындағы төмендеген нақты жалақы. 3
  3. 57 % — Қазақстанға, 43 % Қытайға жатады деп 1999 жылы шешілді. (1000 шаршы шақырым болатын даулы жер)
  4. 82% -ға дейін жетті  1922 жылдың маусымына қарай Батыс Қазақстандағы  аштыққа ұшырағандар мен аурулардың жалпы саны.
  5. 98,78 % — 1991 жылы 10 желтоқсанда Н.Назарбаевқа дауыс бергендер үлесі.
  6. 100 % — Европа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына мүше 56 ел Қазақстанның осы ұйымға төрағалық етуіне  келісім берді.

Практикалық жұмыс

29%29%30%32%
32,6%34%35%36%
36%37,95%38%39%
40%40%40,4%40,8%
43%44%50%52,8%
52,8%53%57%57%
57,5%58,5%60%61%
61,3%61,4%64%67%
67,4%70%70%73,52%

 

V кітапша: «Жылдар»

  1. 1916 жылы патша әкімшілігі ресейлік отаршылдар үшін жаңадан жер тартып алуды ойластырды.
  2. 1940-1950 жылдар ішінде Қазақстанда 15 жаңа қала, 86 қала тұрпатты поселке, жүздеген шағын елді мекендер пайда болды.
  3. 1994 жылы көктемде жекешелендірудің екінші кезеңі басталды. Бұл жолы тұрғындарға жекешелендіру купондары таратылды.
  4. 1975 жылы ЕҚЫҰ-на қатысушы елдердің жалауларымен безендірілген «Финляндия» сарайының залында Европа, АҚШ, Канада елдерінің бірінші басшыларының кездесуі өтті.
  5. 1970 жылдарда Ақтөбе мен Жамбылда суперфосфат зауыттарының қуаттылығы ұлғайтылды.
  6. 2009 жылы 25 ақпан-6 наурыз аралығында елімізде кезекті халық санағы өтті. Халық 16 млн 402 мың адамға жеткен.
  7. 2010 жылы Қазақстанның  Европа қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.

Практикалық жұмыс:

1916 жылғы 20 шілде

 

1917 жыл ақпан1917 жылғы

20 наурыз

1917 жылғы 21-26 шілде
2007 жыл2007-2008 жылдар2008 жыл2009 жыл
2010 жыл2004 жыл2005 жыл2004-2006 жылдар
1999 жыл .17.091999 жыл 10-24.102000 жыл2001 жыл
2003-2006 жылдар

 

1917 жыл

22 қараша

1918-1920 жылдар1998 жыл

 

VI кітапша: «Бұл не?»

  1. Ағылшын тіліндегі бір томдығы жарық көрген – Қазақстан тарихы. 4
  2. Тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңіріне үлкен экологиялық апат әкелген – Арал теңізі суының тартылуы.
  3. Экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, технология мен басқару тәжірибесін алып келуге, қазақстандық заңдарды жетілдіруге септігін тигізетін арнайы қабылданған бағдарлама – “Европаға жол”.

 

Мал шаруашылығыҚоғамдық ой«Абай жолы»Халықтар достығы
«Ризвангүл»МаңғыстауКеңес Одағы          Ресей
Сырттан тартылған инвесторларҚазақстан коммунис-

тік партиясы

1991 жылы 28 тамыздағы пленумБұрынғы одақтас республикалар
«Сатбаев әлемі»

 

       «Европаға жол»Дүниежүзілік сауда ұйымы      «космополит»
Әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіКорей драма театрыҰлттық театр өнеріҰйғыр музыкалық драмалық театры
Көші-қон үдерісіКапустин Яр«Невада-Семей»Сырдария, Әмудария

 

Теориялық білімді алып, оны практика жүзінде іске асырғаннан кейін тест кітапшалары арқылы  тексеріп нәтижесін өзім жасаған жауап парағына шығарамыз.

Ауыл мектебінің жағдайын көтеруге жасалып жатқан соңғы кездегі оң жағдайлар көңіл қуантарлық, оны жоққа шығара алмаймыз. Ауыл мектептеріне жас мамандарды тартудың мақсатында жасалып жатқан барлық іс-шаралар нәтижесінде мектептерге жас мамандар келе бастады. Ал бұрын ауылдық мектептерге, соның ішінде алыста орналасқан, ауданнан 100 шақырымнан әрі  ауылдарға жас маманның келуі қиын еді. Жалпы ауыл мектептерінің проблемасы тек бізде ғана деп ойламаймын ол әлемдік проблема екені белгілі. Осы проблемаларды шешуде еліміздің болашағы ауыл балаларының бәсекеге қабілетті білім алып, өмірде өз орнын табуына жұмыс жасайық.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Тасмағамбетов.И. Біз ауыл мектебіне қарыздармыз. Алматы, 2003.
  2. Мамырова К.Н. Шағын жинақталған мектептерді дамыту тұжырымдамасының жобасы және оны тәжірибеге енгізу жолдары. Алматы, 2002.
  3. Ешенқұлова Г. Шағын кешенді мектептегі қиындықтарды жеңу жолдары. Алматы, 2005.
  4. Әлмұхамбетов Б.А. Жаңа әлеуметтік экономикалық жағдайда шағын комплектілі мектептің түйінді мәселелері және дамуы. Алматы, 2003.
  5. Қазақстан тарихы, 9 сынып, Алматы, 2009.

Кусейнов Серик,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының
аға оқытушысы,
Турганбаева Зибаш,
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
№93 орта мектептің тарих пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.