Home » Балабақша » Шағаева Бану.Үй жануарларының пайдасы

Шағаева Бану.Үй жануарларының пайдасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: экология негіздері, қоршаған ортамен таныстыру, жаратылыстану

Мақсаты: Үй жануарларымен таныстырып, оларды ажырата білуге үйрету және олардың адамға пайдасы туралы түсінік беру. Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін ояту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Үй жануарларының суреті, ауылдағы үй, ойынға қажетті заттар.Слайд.

Жаңа сөздер: ауыл, қора, марғау.

Билингвалды компонент: сиыр-корова

қой-баран

жылқы-лошадь

Ұйымдастыру кезеңі:

Қимылды ойын «Мысық пен тышқан»

Ойынның шарты: Барлық балалар қатыса алады. Балалар шеңбер құрып отырады. Ортада бір бала мысық болып, екінші бала тышқан болады. Солай, бірнеше бала қайталау арқылы ойын жалғасады.

 

Шаттық шеңбері:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де

Қуанамыз бәріміз

Арайлап атқан күнге!

Балалар тәрбиешімен бірге қуана қайталайды.

Тәрбиеші:

Жапырақты бояды

Атырапты бояды

Бояп, бояп барлығын

Сап-сары ғып қояды

Бұл қай кезде болады?!

Балалардың барлығы бірдей жарыса жауап береді.

-Жарайсыңдар балалар! Енді осы күз мезгілі туралы айтайық.

-Күз мезгілінде неше ай бар?

Балалар жауап береді. Тәрбиеші қайталап бірнеше баладан сұрайды.

-Ал, балалар сендер жақсы біледі екенсіңдер, енді күз мезгілінің ерекшеліктерін айтайық

Балалар өз ойларымен жарыса жауап береді, осы кезде күз туралы тақпақтар айтылады.

Негізгі бөлім:

Балалар біз бүгінгі оқу қызметінде үй жануарлары және олардың пайдасы туралы білетін боламыз.

Тәрбиеші: Біздің елбасымыз кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Тәрбиеші: Біз қандай қалада тұрамыз?

Балалар: Талғар қаласында тұрамыз

Тәрбиеші: Олай болса біз тұратын қалада үйлердің көбі үлкен көп қабатты екен. Биік-биік ғимараттар екен.

Олай болса көп қабатты үйлерде, қалалы жерлерде үй жануарларын ұстамайды екен. Сол үшін біз бүгін сендермен ауылға саяхат жасаймыз.

Балалар картон қағаздан жасалған автобусқа отырып ауылға жол тартады. Ортада бір бала көлік жүргізушісі болады.

Тәрбиеші: Балалар, ауылға тез әрі көңілді жету үшін Қошақаным әнін орындайық.

Балалар хормен әнді орындап ауылға да жетіп қалады. Кенеттен жаңбыр жауып кетеді, мияулаған мысықтың даусы естіледі.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы мына ағаштан мысықтың марғауы түсе алмай тұр, көмектесейікші.

Балалар мысыққа көмек беріп, ауылдағы үйлермен, үй жануарларымен танысады.

Жаңа сөздер: ауыл, қора, марғау, ит.

Тақтамен жұмыс: Үй жануарларының пайдасы жайлы түсінік беру.

Сергіту сәті:

Тіктеп тіктеп құлағын

Ботам былай жүреді

Сыртылдатып тұяғын

Бұзау оған ереді.

Алға созып мойынын,

Ойнақтады ботақан.

Көкке қарай мұрынын

Шүйіреді бұзаухан.

Балалар тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталап, қимыл-қозғалыстар жасайды.

Дидактикалық ойын:»Даусын тап»

Шарты: Үй жануарларының дауысын үнтаспа арқылы тыңдап қай жануардың дауысы екенін айтады.

Қорытынды.

 

Шағаева Бану Рақымбайқызы,

ЖШС «Премиум-Талғар» балабақшасы

Екінші кіші «Бүлдіршін» тобының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.