Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға Бердібек Соқпақбаев туралы мәлімет беріп, «Шал мен бала» мәтінімен таныстыру және түсіндіру.
2) Оқушылардың танымдық қабілетін, ой-өрісін, сауатты оқуын, сөздік қорын дамыту.
3) Үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге әрдайым қарапайым, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үлестірме қағаздар, суреттер.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Әдістері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу
1-топ: «Мейірімділік»
2-топ: «Әдептілік»
3-топ: «Қайырымдылық»
4-топ: «Ізеттілік»
Әр топ басшысы сабақтың сонында балаларды бағалайды.
Үй жұмысын тексеру. Кубизм әдісі арқылы өткен тақырыптарды қайталау. Бейімбет Майлин туралы білімдерін тексеру.
Бердібек Соқпақбаев қай жылы, қай өңірде дүниеге келді?
Бердібек Соқпақбаевтың қандай шығармаларын білесіңдер?
Анаң, әжең туралы эссе жазу.
Балалар қазір бейнефильмге назар аударыңдар. Фильмнен үзінді көрейік. Балалар бұрын бұл фильмді көргендерің бар ма?
Бұл фильм кім туралы?
Топтық жұмыс
Мәтінді жеке оқу, жұппен талқылау.
Дәптермен жұмыс
— Жақсы балалар, сендер сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер. Бұған қарап мен сендердің мәтінді дұрыс түсінгендеріңді көріп отырмын. Балалар, біз мәтіннің ішінен қандай мақал, нақыл сөздер кездестірдік, кәне, кім тауып маған айтып береді.
- «Ұрлық істеу – ол жақсы адамның кәсібі емес»
- «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі.
Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі»
(Балалар нақыл сөздерді тапқаннан кейін мұғалім тақтаға іліп, ол туралы балалардың түсініктерін үш топтан да сұрап шығады және дәптерлеріне жаздырады.)
Сұрақ-жауап әдісі:
1 топқа. Бала неліктен шалға көмек берді?
2 топқа. Бейтаныс баланың көргенді қылығы шалды сүйсіндірді?
3 топқа. Бала шиені ұрлаушылар жөнінде естігенде неліктен үндемей қалды?
4 топқа. Ақсақал қандай ой түйіндеді? Мәуленнің ұрлығын кешірді ме?
«Жақсылыққа жақсылық — әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық — ер кісінің ісі» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сергіту сәті:
I-топ: Бес жол өлең құрастыру
II-топ: Сұхбат алу
III-топ: Көрініс көрсету
IV-топ: Мақал-мәтелдер айту
Жаңа сабақты бекіту
- «Орнын тап» ойыны.
— Балалар, қазір біз ойын ойнаймыз. Сендер мына тақтадағы шығарманың оқиғаларын рет-ретімен орналастыруларың керек жарай ма?
— Иә
Атаның әңгімесі – 3
Трамвайдан түскенде – 1
Атаның немересі – 4
Атаның балаға риза болуы – 6
Бейтаныс баланың көмегі – 2
Ата мен немересінің әңгімесі – 5
Үйге тапсырма
Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
Бағалау
ШҚО, Тарбағатай ауданы,
Қызыл жұлдыз бастауыш мектебінің
мұғалімі Атанбаева К.К.