Білім беру саласы: «Таным»
Пәнаралық байланыс: коммуникация, шығармашылық.
ҰОҚ:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Мақсаты:әртүрлі заттар тобын көлеміне қарай білімдерін бекіту. Бір – бірінің үстіне қою арқылы салыстыру тәсілдерін пайдалана отырып, әр топтағы заттар санына , көлеміне , ұзындығына , биіктігіне қарай салыстыруды үйрету. Заттарды оң қолмен солдан оңға қарай орналастыруға жаттықтыру. Ертегі арқылы байланыс орнатуға қызғушылықтарын ояту. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Формаларды жабыстыруға жаттықтыру. Өз бетімен жұмыс жасауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер және құрал − жабдықтар: магнитті тақта, төртбұрыш, үшбұрыш, үлестірмелі материалдар,ертегі кейіпкерлері, текшелер, әр балаға аю,ойыншықтар, сыйлық.
Сөздік жұмыс: шалқан,көп, бір, ұзын , қысқа, үлкен, кіші.
Билингвальды компонент: үлкен – большой, кішкентай – маленький, алдында – впереди, артында – позади, ұзын – длинный, қысқа – короткий .
Мотивациялық − қозғаушылық:
Ғажайып сәт.
Тәрбиеші: −Балалар, бүгін бізге қонақ келгенін білесіңдер ме? Қонақтармен амандасайық. –Балалар, бізге тағыда ертегі қонаққа келіпті. Мен бір жұмбақ жасырайын, жауабын тапсаңдар келген қонақтың қай ертегіден екенін білесіңдер.
Балалар қонақтармен амандасады.Қызығушылық танытады.
Тәрбиеші жұмбақ жасырады.
Жұмбақ
Дөп дөңгелек жұмыр, сап сары жұмыр,
Жүйекте отыр домаланып.
Жерде өсті қазықтай,
Бұл не?
(Шалқан)
Тәрбиеші: −Балалар, шалқан қандай ертегіде айтылады?
Балалар: −«Шалқан» ертегісінде.
Тәрбиеші: −Дұрыс. Бүгінгі оқу іс –әрекетінде «Шалқан» ертегісін тыңдаймыз.
Ұйымдастырушылық – ізденістік:
Тәрбиеші: −Балалар, әдемі болып отырып, ертегіні тыңдап, айтылған сөзге мұқият болайық. Ертегіні айтып беремін.
Ата шалқан екті. Ата қанша шалқан екті?
Балалар: −Ата бір шалқан екті.
Тәрбиеші: Шалқан күннен – күнге үлкен болып өсе берді.
(Балалар қолмен өлшемін көрсетеді).
Ата шалқанды жерден қазып алмақшы болып, шалқанды ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды жұла алмайды. Ата өзі тартып, жұла алмаған соң, кімді көмекке шақырады?
Балалар: −Кемпірін.
Тәрбиеші: −Ата кемпірін қалай шақырады?
Балалар: −Кемпірім, шалқанды жұлуға көмектес.
Әже :
−Менің тапсырмамды орындасаңдар, мен саған көмектесемін.
−Балалар, тапсырманы орындаймыз ба?
Балалар: −Иә, орындаймыз.
Тапсырманы орындайды.
«Алдында, артында»
Шарты: атаның алдында , артында не бар екенін ертегі желісі бойынша тап.
Әже атаға көмектесті. Екеуі шалқанды ары тартып, бері тартып жұла алмайды.
Әже немере қызын шақырады.
−Әже қалай шақырады?
Балалар: −Қызым, бізге келіп көмектес.
Қыз:
−Менің тапсырмамды орындауға көмектессеңдер, мен сіздерге көмекке барамын.
Тәрбиеші: −Балалар, тапсырманы орындаймыз ба?
Балалар: −Иә, орындаймыз.
Тапсырманы орындайды.
«Текшелерді орналастыр»
Шарты: текшелерді ең ұзынынан бастап ең қысқасына дейін орналастыр.
Тәрбиеші: −Текшелерді қай қолмен алу керек?
Балалар: −Оң қолмен.
Тәрбиеші: −Оларды қай жақтан бастап қою керек?
Балалар: −Солдан оңға қарай.
Тәрбиеші: −Дұрыс, текшелерді оң қолмен алып, солдан оңға қарай қою керек.
Немере қыз атасы мен әжесіне көмектеседі.
Үшеуі шалқанды ары тартып, бері тартып жұла алмайды. Немере қызы күшігін шақырады.
−Қыз қалай шақырады?
Балалар: −Күшігім, күшігім, бізге келіп көмектес.
Күшік:
−Аф – аф, менің тапсырмамды орындауға көмектессеңдер, мен сіздерге көмекке барамын.
Тәрбиеші: −Балалар, тапсырманы орындаймыз ба?
Балалар: −Иә, орындаймыз.
Тапсырманы орындайды.
«Ойыншықтарды ретте» ойыны.
Шарты: кішкентай ойыншықтарды кішкентай шеңберге, үлкен ойыншықтардың үлкен шеңбердің ішіне сал.
Тәрбиеші: Күшік атасы мен әжесіне, қызға көмектеседі.
Төртеуі шалқанды ары тартып, бері тартып жұла алмайды. Сөйтіп олар бой сергітіп алайық деп шешеді.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды соғамыз.
Жоғары – төмен қарап,
Тыпылдатып басамыз.
Күшігі мысығын шақырады.
−Күшік қалай шақырады?
(Өлең жолдарына сәйкес қимыл – қозғалыс жасайды).
Күшік: −Аф−аф. Мысығым маған көмектесші.
Мысық:
−Мияу, менің тапсырмамды орындауға көмектессеңдер, мен сіздерге көмекке барамын.
Тәрбиеші: −Балалар, тапсырманы орындаймыз ба?
Балалар: −Иә, орындаймыз.
Тапсырмаларды орындайды.
«Жануарларды жапсыр» ойыны.
Шарты: кішкентай және үлкен аюды жапсыруды айтамын.
Балаларға жұмбақ жасырамын.
Қысы – жазы бір түсті.
(Шырша).
Тәрбиеші: −Ол не?
Балалар: −Шырша.
Тәрбиеші: −Дәптерлеріңде қандай шыршалардың суреті салынған?
Балалар: −Биік және аласа.
Биік шыршаның астына үлкен аюды, кішкентай шыршаның астына кішкентай аюды жапсыруды сұраймын.
(Тапсырмаларды орындайды).
Тәрбиеші: −Үлкен аю қай шыршаның астында тұр?
Балалар: −Биік шыршаның астында.
Тәрбиеші: −Кішкентай аю қай шыршаның астында тұр?
Балалар: −Кішкентай шыршаның астында.
Тәрбиеші: Мысық оларға көмектеседі. Олар шалқанды ары тартып, бері тартып жұла алмайды. Мысығы тышқанды шақырады.
Тәрбиеші: −Мысық тышқанды қалай шақырады?
Тышқан:
−Менімен ойнасаңдар, мен сіздерге көмекке барамын.
Тәрбиеші: −Балалар, тышқанмен ойнаймыз ба?
Балалар: −Иә, ойнаймыз.
Тапсырманы орындайды.
«Бір – біріне қос» ойыны.
Шарты: үлкен бөшкелерді үлкен бөшкелермен, кішкентай бөшкелерді кішкентай бөшкелермен қосу керек.
Тәрбиеші: Тышқан оларға көмектеседі. Олар шалқанды ары тартып, бері тартып жұлып алады.
Тәрбиеші: −Ертегіде қанша ата, қанша әже, қанша қыз бар?
Балалар: −Ата біреу, әже біреу, қыз біреу.
Үйді құрастырады.
Тәрбиеші: −Олардың көмекшілерін санайық. Олар қанша? Біреу ме әлде көп пе?
Балалар:−Көп.
Тәрбиеші: −Олар қайда тұрады?
Балалар:−Үйде тұрады.
Тәрбиеші: −Үйді қандай пішіндерден құрастырамыз?
Балалар: −Төртбұрыш және үшбұрыштан.
Тәрбиеші: −Төртбұрыш қайда тұрады? Астында ма, үстінде ме?
Балалар:−Төртбұрыш астында, үшбұрыш үстінде.
Жеке жұмыс жүргіземін.
Рефлексиялық-түзетушілік:
Тәрбиеші:−Жарайсыңдар. Үйімізде дайын болды. Бұл үйде кім тұрады?
Балалар: −Ата, әже ,қызы, көмекшілері.
Тәрбиеші:−Балалар, сендер жасырынбақ ойынын ойнағанды ұнатасыңдар ма?Балалар: −Иә , ұнатамыз.
Балалар ойынды белсене ойнайды.
«Жасырынбақ» ойыны
Шарты: балалар көздерін жұмғанда ертегі кейіпкерлерін жасырып қоямын. Балалар қайсысы жасырынғанын табады.
Тәрбиеші: −Балалар, бүгінгі оқу іс – әрекеті сендерге ұнады ма?
Тәрбиеші: −Қандай ертегі бізге қонаққа келді?
Тәрбиеші: −Балалар, атада сендердің тапсырмаларды орындауға көмектескендеріңе риза болыпты. Рахметін айтып, сыйлық қойып кетіпті.
Сыйлықтарды таратып беремін.
Риза болып, сыйлықтарын алады.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: әртүрлі топтардағы заттарды санына, көлеміне , ұзындығына, биіктігіне қарай салыстыруды.
Түсінеді: заттарды санына, ұзындығына, биіктігіне мен көлеміне қарай салыстыруды.
Қолданады: әртүрлі топтардағы заттарды теңестіру тәсілдері туралы түсінікті.
,
Астана қаласы,
№ 53 «Мерей»
балабақшасының ІІ санатты
тәрбиешісі.