Home » Жаңалықтар » Шабыт жұлдыздарды жарқыратты

Шабыт жұлдыздарды жарқыратты

26 қазан күні Аққулы ауданының мәдениет үйінде балаларға шабыт берген «Шабыт-2018» атты тамаша балалардың шығармашылық фестивалі өтті. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.Өнерлі жеткіншектердің өрісін кеңейтіп, қанаттарын кеңге жаюына үлкен түрткі болған,бағыт-бағдар берген, жігерлері жанып, шабыт беретін аудандық шығармашылық іс-шараға ауданымыздың 22 мектебі қатысты. Байқау-конкурсының бағдарламасы:«Өлең сөздің патшасы» (Туған жер туралы өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу); 2.«Сахна ілгіштен басталады» (Драма үйірмесінің жұмысынан көрініс); 3.«Ән- көңілдің ажары» (Туған жер туралы ән) ; 4.«Домбырасыз ән қайда?» (Қазақтың ұлттық аспаптарымен 1 күй орындау. Ансамбль ұжымын көрсету.) ; 5.«Мың бұралған билер-ай(Әр ұлттың билерін көрсету) бес  аталым бойынша сараланды.

Шабыттың шарықтауы да, биіктеуі де ерекше болғаны соншалық,  шығармашылық ізденісті жандандыра серік еткен дарынды балалардың ортасында өнер бәсекесіне арналған аудындық «Шабыт-2018» фестивалінде оқушыларымыз өз орталарында әуенді әні, байыпты биімен, тамылжыған күйі, сиқырлы сөзімен-сан түрлі өнерлерімен өзгелерден озып шығып, нәтижесінде үш жыл қатарынан жалпыкомандалық есепте Іорынды жеңіп алған Бекмұрат Уахатов атындағы оқушыларының, ұстаздарының және ауыл тұрғындарының қуаныштарында шек болмады.

Шабыт-ол адамның дарынына, еңбегіне қанат беретін ұлы күш.. Ал, ұстаздардың еңбегі-шабытты еңбек болса, шеберлік шыңы-баланы танымның, үйренудің үдерісіне ендіру,шабыттандыру, ізденіс пен жаңалыққа ұмтылдыру және шығармашылыққа баулу. Демек шабыт берген «Шабыт» қанатында,оқушыларымыздың жұлдыздары жарқырады. Ал, Шабыттағы төрт құбыласы түгел өнерлі балалардың қанатын аспанға самғатып, шарықтауы — мәңгілік ел болуымыздың жолы.

Исагалиева Айгуль Сабыржановна
Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Мерғалым ауылы Бекмұрат Уахатов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.