Шабытым тартса егер қиялды асып,
Алынбайтын асу жоқтай көрінеді.
Көңілімді бір сәт кезіп, ұяң басып,
Жүрегімнен отты сөздер төгіледі.
Шабытыма тұсау қоймай, бос жібердім,
Үзілгендей аспабымның қос ішегі.
Зарлана да, қомдана да шарқ ұрады,
Еске алып өткен күнді бір кешегі.
Кешегі өткен күнім, естеліктер,
Бүгінгі күн, еске алып ғана отыратын.
Күндерім көп, санай берсем бір жинақтап,
Бір том кітап естелікті толтыратын.
Кішкентайда ес білмес кездерім-ау,
Шабыт тартып, жан-дүниемді мұң баспайтын.
Сол кезден біраз менде өзгердім-ау,
Шабытыммен бірге отырып мұңдаспайтын.
Шабыт жоқта , жынды адамдай жалғыз қалған,
Айдалада, өлейіндеп, шөлі қанбай.
Мендегі сол бір ізгі, жалғыз арман,
Бақыттың құшағына бөлене алмай.
Сағындым, ақындықтан шет кездерді,
Сол бір кездер, ойымда ештеңе жоқ.
Неге ғана таптым екен, неге іздедім?
Шабыт үшін, отты жерді кешкенім жоқ.
Көп болды ғой өзіңді сезбегелі,
Қайда болдың, мені шабыт тастадың ба?
Көп болды ғой, ойдың түбін кезбегелі,
Сенсіз биік асуды аспадым да!
Кел шабытым , өлең жазып сырласайық,
Сезім емес бұл дегенің жәй қалыпты.
Бірге ұшып қиялға, қырды асайық,
Шабытым-ау сені күтіп жайқалып тұр.
Неге іздедің, мен болдымба таңдағаның?
Іздеп жүріп шартарапты жүз айнала,
Сенбедім сөзіне олардың алдағынын,
Кезіктің, шабытым-ау қайдан ғана ?
Кінә артпайпын, жо-жоқ шабыт олай демең !
Жәй ғана, іштегі бір салғырт сана.
Түршігеді, соны ойласам бүкіл денем,
Қозғалады, неге олай қарғып ғана ?
Жалғызым-ау ,шабытым өзің ғана,
Мұң шағатын, қиын -қыстау уақыттарда.
Жетелейтін мені алға төзім ғана,
Шыдайын, бостандықта уақыт барда.
Қуанамын, менде сенің барыңа да,
Сен болмасаң ,шықпас та өлеңдерім.
Құлақ түрдің, қайғыма да зарыма да,
Сен болмасаң, іш-құса боп өлермедім.
Достасқалы өзіңмен, он жыл уақыт,
Қарап отырсаң, сенімен бірге жүріп келем.
Көрінбейсің, я білем, бір сәт бақыт,
Бірақта да, сені сезем жүрекпенен!
Тағы да қозға іштің сан тарабын,
Өтседе біраз уақыт босқа жатып.
Өзіңмен өткен шақты ақтарамын,
Қолыма қалам алып ойға батып.
Сен болмасаң, қайтерем шабытым-ау,
Қалам ба, іште қалған сырды ақтармай?
Сен менің сөздерімнің дәйегісің,
Сөздерімді толықтырған жұрнақтардай.
Тастама мені, өмір бойы достасайық,
Болсамда, ойым жетпей көгергенше.
Демегің маған, шабытым қоштасайық,
Бол менімен мәңгілік өле-өлгенше.
Бұл арнау, саған менің көрінбесім,
Арнадым шабытсыз-ақ, бұны саған.
Көңілім шабытсыздай көрінбесін,
Шабытсыз әннің, білемін құны сараң.
Жазғырдым, сені талай кінәлағам,
Саған арнап ,бос ойларды шағып кілең.
Болмайын деп, алдыңда кінәлі адам,
Жаздым бұны, тағы да шабытпенен.
Жазамын, шабытым өзің барда,
Тыңдамасын, ешкім-ақ бұл өлеңді.
Маған серік, досымда өзің ғана,
Қорықпа, сенімен жазамын өлеңімді.
Сатпаймын ,сені ешкімге, тіпті ауыстырман,
Байлыққа да, ақшаға да көңіл кетті.
Сені ешкіммен, ешқашан салыстырман,
Сен ғана керексің маган, көзім жетті.
Көп болып еді, бұлай өлең жазбағалы,
Жатыр едім, қараңғыда көзімді іліп.
Өмірім секілді ме, аз бағалы?
Шабытым, ояттың ғой өзің келіп.
Саған тағар кінәм жоқ, соны да ойла!
Таңдауың мен бослам егер, жә көнемін.
Шабытым-ау, көңіліме терең бойла,
Арналған, шабытым, саған бұл өлеңім.
Қаракесек Бейбарыс Жолдасұлы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицейдің
11 сынып оқушысы