«Біз цифрлы технология қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл –маңызды кешенді міндет. Елде 3D –притинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сипат дарытты».
Н.Ә. Назарбаев
Тәуелсіз Қазақстанның туы дамыған 30 елдің қатарында желбіреу үшін бәсекеге қабілетті, білімді, заманауи өзгерістерге бейімделген, жаңаша көзқарастағы идеяларды дамыта алатын бола білуге тиіспіз. Ол үшін бір жақты пікір қалдырып, бір жақты ой түйіндеуге болмас. Жалпы білім мен тәрбиені қатар ұштастырып, жас буынды тәрбиелеуде жұмыс жасайтын болғандықтан, мектеп өмірінде жаңаша өзгерістерді қабылдап, жаңа технологиялар арқылы білім беру ісін алға қою әрқашан алдыңғы орында. Осы орайда цифрлы білім беруді енгізу қолға алынып отыр. Бұл технологияның маңызына тоқталсақ, жаппай компьютерлендіру арқылы оқушыларға заманауи білім беру. Интернет желісін тиімді пайдалану арқылы уақытты да тиімді пайдалану, тың дәйекті материалдарды дер кезінде қажет болғанда қолдануға мүмкіндік береді. Ұстаздар қауымына да тигізер пайдасы зор: онлайн сабақтар арқылы озат тәжірибелер жинақтау, вебинарларға қатысу. Үздік іс-тәжірибелерден қажетін алу, қолдан көрнекі құралдар жасамай немесе көрнекіліктерін арқалап жүрмей ақ, цифрлы білім берудің тиімділігін көруге болады. Небәрі 40 минуттық сабақта мұғалім өткен сабақты қорыта түйіп, жаңа білім беріп, оны бекіту, қорытындылап үлгеруде де интернетті кеңінен пайдаланып, қажетті нәтижеге қол жеткізсе болады. Онлайн тест тапсыру, көрнекі құралдарын мейлінше пайдалану, комьютер көмегімен түрлі ойындар ойнату, әдіс –тәсілдерді қолдану- сабақтың өз деңгейінде өтілуіне, мұғалім мақсатына жетуге үлкен көмегін тигізеді. Интерактивті тақтада ашық сабақтар өтудің өзі цифрлық білім берудің тиімді әрі озат үлгісі.
Сонымен қатар, балаларымыздың жан-жақты ойлап, өздігінен жаңа идеялар туындатуға бірден — бір себепші болып келе жатыр. Атап айтсақ, цифрлық білім беру ісі алға қойылғалы елімізде түрлі робототехника байқаулары, ғылыми жоба жарыстары, түрлі ролик, анимация жасау байқаулары өтілуде. Бұл әрине балаларымыздың тың ойларының жүзеге асуына, балалық қиялдарының өмірге келуіне үлкен септігін тигізуде.
Саналы жас ұрпақты тәрбиелеуде ең алдымен сапалы білім беруді алға қою қажет. Болашақта шәкірттеріміз үлкен белестерден көрініп, асқар асуларды алып жатса, ол әрине ұстаздардың ерен еңбегінің арқасы деп білеміз. Сол себепті де әрбір мұғалім өз ісінің шебері болып қана қоймай, жаңа технологияларды игере отырып, шәкіртінің бойындағы қабілетін аша білуі тиіс. Мұғалім әрқашан ізденіс үстінде жүретін, шығармашыл, өз білімін ұдайы толықтырып отыратын еңбекқор жан. Еліміз өркендеп дамып, 30 елдің қатарына қосылу жолында еңбек етіп келеді, ендеше біздер де бір кірпіш болып, қалана берейік.
Г. Мамбетова
қосымша білім беру педагогы
№27 жалпы орта мектеп КММ
Түркістан қ.