ПАВЛОДАР жаңалықтары
«Мемлекеттік цифрландыру» бағдарламасын енгізу Павлодар облысының халқын цифрлық сауаттылыққа оқыту «Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша цифрландыру офисінің өкілдері мен облыстық білім беру басқармасының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ, «Қазпошта» ПОФ АҚ, ХҚКО департаментінің филиалы «Үкімет халық үшін» ҰАҚ және Павлодар ОАТО «ҰАТ» АҚ өкілдері төмендегі төрт бағыт бойынша оқытуды бастады:
1. Бастапқы цифрлық дағдылар.
2. Ашық үкімет.
3. Электронды мемлекеттік қызметтер.
4. Электронды сауда.
Оқыту семинарлары «Өрлеу» ұлттық шеберлікті арттыру орталығында 15-22 мамыр аралығында өтеді. Оқытуды облыс көлемінде жалғастыру мақсатында 186 дәріс беруші тренер іріктеліп, оқытылады. Семинар соңында дәріс берушілер аталған төрт бағыт бойынша тестілеуден өтіп, жұмысқа кіріседі.
ДАҢҚ АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ
Павлодардағы есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатының тәрбиеленушілері Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Даңқ аллеясы» акциясына қатысты.
Сондай-ақ, оған: мектеп-интернат ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.М.Рақымжанов, қалалық маслихат депутаттары, ҚР Қарулы күштері ардагерлерінің «Айбын» үйлестіру кеңесі, «Атамекен-Родина» қоғамдық бірлестігі, Ауған соғысы және локалді соғыс ардагерлері мен мүгедектері, Павлодар облысының азаматтық альянсы қатысты. Мақсаты: жасөспірімдер мен жастардың адамгершілік-патриоттық рухын нығайтуға бағытталған.
Аталмыш іс-шара аясында акцияға қатысушылар мектеп-интернат алаңында салтанатты түрде 86 қайың, емен, қарағай көшеттерін отырғызды.
Мектеп-интернат басшысы Н.Қ.Төлемісова құттықтау сөз сөйлеп, ер есімдері ешқашан ұмытылмайтындығын айтты. Соңынан шағын мерекелік кеш ұйымдастырылып, ардагерлерге сый-сияпаттарын таратты. Оқушылар меймандарға өз қолдарымен жасаған бұйымдарын табыстап, аспанға қағаз тырна мен шарлар ұшырып, соғыс құрбандарын еске алды.
Айгүл МОЛДАШ,
Павлодар қаласы