Home » Жаңалықтар » Целиноград ауданында алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейхановты еске алды

Целиноград ауданында алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейхановты еске алды

Шалқар ауылының кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Әлихан Бөкейхановтың шығармашылығына арналған кеш өтті, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникацялар қызметі.

Аталмыш іс-шараның мақсаты оқырмандарға алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру. Таныстыра отырып, өткенге көз жүгірту. Өткен тарихты білмей болашаққа қадам басу мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі тәуелсіздігіміздің баянды болуы кешегі аталарымыздың жанкешті еңбегі, өмірі. Тағлымы мол рухани кештен жастардың алары көп.

Іс-шараға Шалқар ауылдық округінің оқушылары мен мұғалімдері, кітапхана қызметкерлері қатысты. Бұндай іс-шараларды кештің ұйымдастырушылары Целиноград ауданының аудандық кітапханасы әр ауылдық округтерінде өткізуді жалғастырмақ.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.