Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың қолынан келеді.
Ал, ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болу керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат – қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін бай қиялды адамға тән қасиет.
Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты,сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси экономикалық және рухани дағдарысты жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», — деген тұжырым жасады.Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет.Сондықтан уақыт желісінен қалмай заманмен бірге аяқ алу керек.
Кабдрашева Айнұр,
ЖББОМ №59 тарих пәні мұғалімі,
Қарағанды қаласы