Home » Жаңалықтар » ХХІ ҒАСЫРДЫҢ АЙТУЛЫ ЖЕТІСТІГІ — РОБОТОТЕХНИКА

ХХІ ҒАСЫРДЫҢ АЙТУЛЫ ЖЕТІСТІГІ — РОБОТОТЕХНИКА

ПАВЛОДАР жаңалықтары

 

Павлодар көлік және коммуникациялар колледждері арасында облыстық робототехника фестивалі өтті. Екі күн бойы жарыс полигонында Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының және 10 ауданнан 370 оқушылар мен студенттер қатысты. Фестиваль Павлодар облысы білім беру басқармасы мен «ҚазРоботикс» қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясының Павлодар облысындағы филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды. Бұл сайыс көптеген қатысушылармен көрермендерді өзіне тартты, бұқаралық ақпарат құралдарының қызығушылығын тудырды. Ережеге сәйкес, жарыс келесі бағыттар бойынша өткізілді: “KazRoboSport-2018” спорттық робототехника, “KazRoboProject-2018” робототехника жобаларының байқауы және 3D-модельдеу олимпиадасы.

«Сызық бойынша бәйге» номинациясымен жүлделі І орынды Павлодар қаласының № 28 ЖОББМ командасы, ІІ орынды Успен ауданының Галицкий ЖОББМ командасы мен Абай атындағы №10 лицей-мектебінің командасы жеңіп алды. «Слалом» номинациясы бойынша І орынға Павлодар қаласының №9 гимназия-мектебінің командасы, ІІ орынға Павлодар қаласының №9 гимназия-мектебінің командасы, ІІ орынға дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің командасы ие болды. Соңғы екі аталымда да Павлодар қаласының мектептері алға шықты. «Робосумо – бастауыш топ» аталымында І орын №11 ЖОББМ, ІІ орын Бауыржан Момышұлы атындағы № 22 ЖОББМ тобына және ІІІ орын №40 ЖОББМ командаларының еншісіне тиді.

«FUN Арқан тартыс» категориясыннан І орынға Ақсу қаласының №1 ЖОББМ, ІІ орын — Абай атындағы №10 лицей-мектебінің командасы және ІІІ орынды Шарбақты ауданының гимназия сыныптары бар ЖОББМ командасы ие болды. Жеңімпаздар басқа тағы да бірнеше номинациялар бойынша марапаттарға ие болысты.

Жалпыкомандалық есепте облыстық робототехника фестивалінің жеңімпазы атағына Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі ие болды. ІІ дәрежелі Дипломмен Павлодар қаласының №9 гимназия-мектебі, ІІІ дәрежелі Дипломмен дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі марапатталды.

Сонымен қатар, аталмыш іс-шара жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталып, 2018 жылғы қазан айында Петропавл қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ХАҚЫНДА

Павлодар облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы, сауықтырылуы, бос уақытпен қамтылуы туралы Павлодар облыстық білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы брифингі өтті.

Басшының айтуынша, биылғы жылы демалыс, сауықтыру және бос уақытты қамтумен 1-10 сынып оқушыларының 99%-ын қамту және әртүрлі үлгідегі 765 лагерь ашу жоспарланып, мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс және сауықтырумен 43 000, профильдік лагерьлерде 10 мыңнан астам оқушыны қамту қарастырылған. Сонымен қатар, орта және ересек буын оқушылары үшін  тілдік, туристік-өлкетану, этномәдени, интеллектуалды, спорттық, экологиялық, шығармашылық және музыкалық бағыттағы профильдік лагерьлер ұйымдастырылып, әлеуметтік қолдауға мұқтаж,қамқоршыларымен тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, әлеуметтік қорғалмаған отбасыларының балалары жаппай оқыту қоры есебінен демалыспен және сауықтырумен қамтылатын болады.

Ал 370-тен астам жетім бала жазғы демалысын 10-15 тамыз аралығында қала сыртындағы лагерьлерге көңілді әрі тиімді өткізеді деген ниетте.
Дінислам Болатханұлы 2018 жылдың жаңалығы ретінде облыстық «Жас дәурен» оқу-сауықтыру орталығы базасында «Қазақ-camp» атты сауықтыру маусымдарын ұйымдастыруды ұсынып, бұл жобаның балалардың ұлттық мәдениетті тануына айтарлықтай пайдалы болатындығын айтты және Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және экология жылы шеңберіндегі  «Туған өлке саясында» этно-круиз жобасының іске қосылатындығын мәлімдеді.
Жағымды жаңалық жылдағыдай, оқушылар үшін жазғы демалыс уақытында еңбек заңнамасына сәйкес, кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарында уақытша жұмыс орындарын ұйымдастырумен жалғаспақ.

 

ЖАС ИНСПЕКТОРЛАР ЖАСАҒЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ СЛЕТІ
М.М.Катаев атындағы облыстық «Оқушылар сарайында» жол қозғалысы жас инспекторлар жасағының облыстық слеті өтті.  Іс-шараның өткізу мақсаты: балалар және жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі жұмысты жетілдіру, мүдделі ведомстволардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің жолда балалардың денсаулығын сақтау мәселелеріне, жол қозғалыс ережелерінің сақталуына назарынын аудару болды.

Слетке: 130 жол қозғалысының жас инспекторлары қатысты.
Олар жол қозғалысы ережелерінің білгірі, жол-көлік оқиғасы кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету, сапта жүру дайындығы мен жол-көлік ережелерін білуді насихаттау және көшелер мен жол қауіпсіз ережелерін сақтау мәселелері бойынша өзара сайысқа түсті.
Сайыстың қорытындысы бойынша Ақтоғай ауданының Агрономия орта мектебі «Безопасное колесо» командасы жүлделі І орынды қанжығасына байлады. ІІ орынға Шарбақты ауданының Малиновская орта мектебінің «Виражи» командасы, ІІІ орынға  Павлодар ауданының Чернорецкая №2 орта мектебінің «Жас сақшы» тобы ие болды.

Байқау жеңімпаздары Дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

 Айгүл МОЛДАШ,
Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.