Елбасы кітапханасында «ХХІ ғасырдағы Ұлыбритания және Қазақстан-Британ қатынастары» халықаралық кездесуі өтеді
2017 жылғы 31 тамызда, сағат 10:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «ХХІ ғасырдағы Ұлыбритания және Қазақстан-Британ қатынастары» тақырыбында халықаралық кездесу өтеді.
Іс-шараны Елбасы кітапханасының Талдау орталығы мен Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің елшілігі ұйымдастырады.
Негізгі баяндамашы – Ұлыбританияның Еуропа және Америка істері жөніндегі мемлекеттік министрі, Сэр Алан Дункан, Ұлыбритания Парламентінің мүшесі, қазіргі халықаралық қарым-қатынастардың жай-күйі туралы және Ұлыбританияның осы жүйедегі рөлі мен орны туралы өз пікірлерімен бөлісетін болады. Қазақстан-Британ қатынастарының жиырма бес жылдық кезеңін бағалауға ерекше назар аударылатын болады.
НАТО және еуропалық қауіпсіздік, қорғаныс және халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты мемлекеттік министр Сэр Алан Дункан Солтүстік және Оңтүстік Америка (Кубамен бірге), Еуразиямен (ТМД елдері мен Түркияны қоса алғанда) жұмыс істейді. Бұған қатысты сұрақтарды жиынға қатысушылар баяндамашы сарапшыға жолдай алады, өз кезегінде конференция «Назарбаев орталығы» үшін дәстүрге айналған ашық пікірталас үлгісінде өтеді.
Кездесу бағдарламасы:
09.00-10.00 | Қатысушылар тіркелімі, фуршет |
10.00-10.20 | Алғы сөз: Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары; Доктор Кэролин Браун, Ұлыбританияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі |
10.20-10.50 | Модератор: Шаймергенов Тимур Төлегенұлы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Баяндамашы: Сэр Алан Дункан, Еуропа және Америка істері жөніндегі Ұлыбритания мемлекет министрі |
10.50-12.30 | Сұрақтар мен жауаптар, пікірталас |
Қазақстан Республикасы Астана қаласы,
Ә.Бөкейхан көшесі 10, «Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы»
ММ Жұртшылықпен байланыс қызметі
Тел.: 8 (7172) 69-30-54, 69-30-56, 69-30-57
E-mail: presidentlibrary.pr.kz@gmail.com