Алматы қаласы, Алмалы ауданы М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектепте « ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана : өз балаңа үлгі бол» тақырыбында 1, 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына республикалық ата-аналар конференциясы өтті. Еске сала өтейін, аталмыш жиын барысында мектеп директоры Есдаулетова Жаннат Джумадиловна өз сөзінде ата-аналарға сапалы білім беру мен саналы ұрпақ өсіруде мектеп-ата-ана-бала болып бірлесіп жұмыс жасауды ұсынды.
Конференция бес тақырып бойынша қарастырылды. «Әр тақырыптың маңызы оразан зор екендігін айтып өту өте маңызды. Себебі, мақсат: жасөспірім шақта балаға назар аудару, қамкорлық көрсету керектігін түсіндіру» — дейді директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Батырбаева Айзада Санатовна. Сонымен қатар, конференцияда мектеп психологтары Алданова Айым Алматқызы, Санбаева Балым Жалғасқызы өзекті тақырыптарға тоқталып өтті. Сергіту сәті ретінде психологиялық тренингтер өткізді. Ең бастысы ата-анаға отбасылық құндылықтарды мысал ретінде көрсетіп, баламен қалай жұмыс жүргізу керек екенін айтты. Жиналған ата-ана конференцияға жоғары баға беріп, пікір алмасты. Иә, әрбір бала- ата-анасының айнасы. Әрбір мұғалім-мектебінің айнасы. Енді осы үшеуі тығыз байланысып,тек жақсы жағынан көрінсе дейміз. Ауыз бірлігі жарасқан мектеп ұжымына, білім көкжиегінде толағай табыс тіледім.
Жадыра Бағашар
Алматы қаласы
«Білім айнасы»