Home » Жаңалықтар » Химия сабағында жаңа ақпаратық технологияларды қолдану

Химия сабағында жаңа ақпаратық технологияларды қолдану

11Дощанова   Қалығыз   Бағытқызы
С. Мұқашев атындағы Атырау политехникалық
колледжінің химия — биология  пәнінің
жоғары   санатты  оқытушысы

 «Білімді  болу ,талапшыл болу,шығармашыл
әр ұстаздың отты пікірі,кісілігінің көрінісі,
оны ешбір өнермен салыстыруға келмейді,
ал шығармашылық шыдамдылықтың шыңы,
ізденіс жемісі.»
Ж.Аймауытұлы

1.1)Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін оқу  тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттігі туады.

ХХІ ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып, дамыту мен қамтамасыз етілуі тиіс»-деп, атап көрсетті.

Экономикасы күшті дамыған елдердің  тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кепілі  екендігін көрсетіп отыр. Олай болса  қазіргі заманның ақпараттық және  телекоммуникациялық технологиясын игеру әрбір мұғалімнің басты міндеті болып табылады.Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы  дамыта  оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту  мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

2)Оқу мен тәрбие саласындағы мұғалімдердің алдында тұрған аса маңызды міндет — талабы  таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару.Қазіргі кезеңде мұғалімінің алдында тұрған маңызды , жауапты міндеттің бірі- оқушыға тиянақты білім беру. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану , оқыту мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсетеді.Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған.
Заманымыздың білім жүйесі оқу- тәрбие үрдісінде технологиядағы түрлілігімен сипатталады. Бүгінгі таңда педагогикалық технологияға ерекше көңіл бөлудің себебі неде?

Біріншіден, педагогикада іскерлік жүйесінің жаңа жолын табуға қажеттіліктің тууы.

Екіншіден, оқытуда жеке белгілей оқыту, білім беру тиімділігін арттыру. Қорыта айтқанда,технологияны жобалау — оқушы мен ұстаз арасындағы өзара қатынасты қалыптастырып, білімге қызығушылығын арттыруды бір жүйеге келтіру,әдіс-тәсілдердің түрлерін енгізу. Олай болса, осы педагогикалық жүйені дамыту, оны практикада пайдалану шарт.Бұл жетістіктерге арнайы курс, тәжірибе алмасу және жалықпай іздену арқылы жетеді. Демек, білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту  бүгінгі күннің обьективті заңдылығы.

2.1)Ақпараттық технологияларды қолданудың  негізгі мақсаты

–Оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы –коммуникативтік  қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға үйрету.

2)Ақпараттық технологияларды қолданудағы негізгі міндеттері:

– Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерден жаңа ақпараттық технология туралы мәліметтер жинақтау, озық тәжірибелермен танысу.

– Жаңа ақпараттық технологияны ұйымдастыру үшін материалдық техникалық базаны жетілдіру,  іс шаралар кешенін әзірлеу.

– Компьютерлік және саралап , деңгейлеп оқыту технологиясын оқыту үрдісіне енгізу негізінде:

а) Химия пәнінен электрондық оқулықты қолдану арқылы өткізілген сабақтардағы оқушылардың білім деңгейінің көрсеткіштерін анықтау.

б) Химиядан өткізілген дәстүрлі және электронды оқулықты қолданып оқытылған сабақтардың білім сапасына әсерін зерттеу, талдау.

в)  Химиядан өткізілген дәстүрлі және электронды оқулықты қолданып оқытылған сабақтардың салыстыруына сараптама.

3)Зерттеу әдістері:

Бақылау алу, тестілеу, сауалнама алу, тәжірибе жасау, бағалау.

Заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу- химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты  күнделікті сабаққа:

-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);

-зертханалық тәжірибелер;

-компьютер (компьютерлікбағдарламалар, интерактивтітақта);

-анықтамалықмәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректерқоры);

-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Студенттердің сабаққа  деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты.  Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің  бүгінгі даму деңгейінде белгілі  болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылық пен қолдану сабақтың сәтт іөтуінің кепілі.

Мұғалім күнделікті әрсабағына шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ мұғалімнің өнері, шығармасы. Сондықтан әрсабақты тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймын.

Ақпараттық технология негіздері тұлғаның  химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы  жоғары  деңгейдегі көрнекіліктерді  пайдалануға  болады. Заман ағымына қарай сабаққа  видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, химиялық формулалар, сөздіктерді, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Мысалы, бір ғана химиялық формуланың өзінен көп ақпарат алуға болады. Химиялық формула химиялық тілдің ең маңызды бөлігі болып есептелінеді, себебі сол заттың химиялық құрамын ажыратып береді.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өзжұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі, бүгінгі  заман  талабына  сай  білім  беруі қажет. Сабақтың  сәтті  өтуі  біріншіден, мұғалімнің  біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне  байланысты  болса,  екіншіден,  сабақ  материалына,  ал  үшіншіден,   сынып  типіне,   төртіншіден  мұғалім  мен   оқушының  көңіл – күйіне  де  байланысты.   Сабақты  тартымды  әрі  сәтті  өткізе  білу  мұғалімдер  қауымынан  көп  ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет  етеді. Сабақты  сәтті  ұйымдастырудың  бірнеше  алғы шарттары  бар. Олар:

-Сабақтың  тақырыбына  сайсабақ  жоспарын  жасау. Сабақ  жоспары   нақтылы  жүзеге  асатындай  етіп  жасалынуы  қажет.  Дұрыс  құрылмаған  сабақ  жоспары  жақсы  нәтиже  бермейді.

-Тақырыпқа  сай  сабақ  түрін,  оның  әдіс-тәсілдерін  түрлендіріп  отыру.

— Қосымша  материалдарды  тақырыпқа  сай  шығармашылықпеніріктеп  ала  білу.

— Дидактикалық, техникалық  құралдарды, электрондық  оқулықтарды  мақсатқа сай,  оқушы сезіміне  әсер  ететіндей  тұрғыда  пайдалану.

— Сабақта алдыңғы  қатарлы  озық  іс-тәжірибелер  мен  жаңа  технология-ларды  пайдалану. Бұл  орайда  инновациялық  технологияларды  пән  бойынша  қандай  тарауға, қай  тақырыпқа  пайдалану   тиімді  болатынына  зерттеу,  салыстырып  жүргізіп  отыру  қажет  деп  ойлаймын.  Сонымен  бірге  оқушының  бастапқы білім  деңгейін, жаңа  технологияны  пайдалану  барысында  қаншалықты  білім  алып  шыққанын, не  үйренгенін  айқындап,  диагностикалап  отыру керек.  Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Өзім жұмыс  жасайтын колледжде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен  қарастырылған. Интерактивті тақтаны,электронды оқулықты қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Сабақ барысында, соның ішінде химиядан зертханалық сабақтарды өткізген кезде жиі қолданамын.  Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы  тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулық —  бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту  оқытушының оқушымен  жеке жұмыс істегендей болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.

Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін  қалыптастырады.

Бүгінгі   таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары болмақ. Компьютерлік графикалық материал презентациялық монитор көмегімен көрсетіледі. Химия пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Оқушылар біртестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Келесі бір маңызды жағдай уақытты үнемдеу. Аз уақыттың ішінде бағдарламаның көптеген киын сұрақтарын формулалар мен эксперименттер көрсету арқылы түсіндіріліп, бекітіледі. Химия  сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана  отырып өз бетінше жұмыс істеу факторы – есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, сабақтар  өткізуді қолға алдым.

Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім  деңгейіне, ынтасына қарай топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасынарттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін. Сабақ барысында оқушыларды, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар: «Химиялық сөзмерген»,  «Жүзден жүйрік», «Бұл неліктен?», «Кім көп біледі?», «Кім жылдам?», «Не? Қайда? Қашан?», «Білгір химик» сияқты танымдық ойындарын қолданамын.  Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа  ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушыкұзырлығын дамытамын.  Осындай тәжірибем арқылы оқушылардың білімін, дағдыларын, ойлау қабілеттерін, шығармашылық ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижеге   жеттім. Мысалы: 1-курс студенттеріне «Темір», «Алюминий және оның қосылыстары» тақырыбындағы сабағымда  тірексызба, семантикалық карта толтыру, эстафеталық сұрақтар арқылы, электрондық оқулықтарды пайдалана отырып, оқушылардың есте сақтау, ойлауқабілеттерін дамыттым. Есте сақтау қабілетін шыңдауға, ғылым мен техника жетістіктеріне, білімге деген қызығушылығын арттыруда сыныптан тыс шаралардың маңызы зор. Оқушылардың химиялық сауаттылығын арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп,  оқушыны қызықтыратындай химиялық ойындар  викторина шешу, кроссворд құрастыру, логикалық есептер шығарту арқылы ой-өрісін, пәнге қызығушылығын арттырып, пәнаралық  байланысты нығайту қажет. Тарауды қайталау, қорытындылау кезінде «қайталау-оқу анасы» деген нақыл сөздерді қолданып, тақырыпқа байланысты сөздік қорларын молайтып, өткен тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін сәйкестендіру кестесін толтырғызып, сабақты бекітемін. Әртарауды өткенсоң, химиялық диктант, өздікжұмыс, тақырыптық есеп, бақылаужұмыстары, тестік тапсырмалар өткізу арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеріп, тақырыпты толық меңгере алмаған  студенттермен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргіземін. Тест түрлері оқушы білімін бекітуге қайталауға, жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса мұғалім мен оқушылардың уақытын үнемдеуге оқужұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды. Тестік тапсырмаларды оқушылардың білім деңгейіне байланысты құрастырып, нәтижесін кілтімен тексертіп өздеріне бағалатамын. Оқушы білімін бағалауға оқушылардың жауап беру мүмкіндігі мен өзбетінше іздену дағдысын ескеріп, оқушы қабілетіне,  қабылдау және меңгеру деңгейіне қарай сараптап тұлғаның психологиялық жас ерекшеліктерін ескеремін. Бағалау парағына әр деңгейлік тапсырманың бағасын қойып, қорытынды бағасын шығарып отырамын.

3.ХХІ ғасыр – информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.

– Егер Жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында тиімді пайдаланса, оқушылардың  пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі, зерттеушілік іскерлігі, шығармашылығы артады.

– Жаңа ақпараттық технологияны  қолданса әрбір оқушы оқу процесінің субъектісіне айналуы нәтижесінде оқу жүйесінің қарқыны, білім сапасы артады.

– Жаңа ақпараттық технологияны тиімсіз пайдаланғанда,  қажетті талаптарды сақтамаса оқушыныі білім сапасына танымды белсенділігі мен денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы студенттердің ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін. Егемен еліміздің болашағы жас ұрпақтын қолында десек, неге оларды заман талабына сай тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатпасқа. Оқытушы қауым химияны оқыту әдістерінде жаңа ақпараттық технологияның тиімді жағын пайдаланады деген оймен сөзімді аяқтаймын.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
  2. Химия анықтамалығы 2015ж
  3. Химия мектепте журналы №1-3, 2015ж
  4. Қазақстан мектебі 2014/2015ж
  5. Нұрахметов Н.Н. Химия. Әдістемелік нұсқау.6. Исабек. Н. «Компьютерлік технологияны пайдаланудың оңтайлы өлшемдері»

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.