«Қазақстан Республикасында білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» басты мақсаттарының бірі жалпы орта білім берудің мазмұнын жаңарту болып табылады . Бұл оқытудың құзыреттілікке бағдарланған оқыту моделіне біртіндеп өтуге жағдай жасайтын білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеуді және жүзеге асыруды талап етеді. Мұндай бағдарламалардың бірі — «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы». Аталған бағдарламаны орындаудың негізгі жолдарының бірі пәнді (информатика, физика, химия, биология) және тілді кіріктіріп оқыту бойынша оқу — әдістемелік құрал әзірлеу болып саналады .
Пәндік — тілдік кіріктіріп оқыту ұстанымын қолдану шет тілін оқуға бөлінген уақыт мөлшерінің аздығынан және оны меңгеру деңгейіне қойылған талаптардың жоғарлауынан пайда болып отыр.
Осы шет тілдерінің ішінде қолданылатын ол ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі.
Елбасымыз өз Жолдауында қазіргі кезде 90 пайыз ақпарат ағылшын тілінде жарияланады деп баса айтқан.
Елбасының «Үш тұғырлы тіл» жобасы ел болашағын баянды етуден туған, алысты көздеген мақсат. Осы жобаны түсіндіруде және іске асыруда түрлі жансақтықтарға жол беріп алып жатамыз. «Үш тұғырлы тіл» — қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар қойып, жарыстыру емес. Керісінше, бұл әр тілді өзіне лайықты орнымен қажетіне қарай лайықты пайдалану деген сөз. Мұнда мемлекеттік тілдің орны тіпті бөлек. Оған ешкімнің таласы жоқ. Үш тұғырлы тілді желеу етіп, мемлекеттік тілді ығыстыру мүлде дұрыс емес» — дейді.
Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономиканы ойдағыдай түсіну тілі. Дәлірек айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым, әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
«Үш тілдің бірлігі» мәдени жобасы – үш тілді, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін Қазақстан азаматтарының бірдей меңгеруін меңзегенімен, бұның түпкі негізі, көздеген мақсаты – мемлекеттік қазақ тілінің халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге көтеріп, жаһан тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізу.
Қазіргі таңда шетел тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру –педагогикадағы іргелі міндеттердің бірі. Ағылшын тілін және ғылыми-жаратылыстану бағыты пәндерін кіріктіріп оқыту барысында қолданылатын формаларға тоқталсам;
1. Сөздер мен сөйлемдерді өзара тексеру. Ағылшын тілін зерделеу
барысында қолданылатын ынтымақтастықтың ең кең тараған түрі – бұл оқушылардың жекелеген сөздер мен сөйлемдерді білу бойынша бірін-бірі тексеруі. Бірін-бірі тексерудің әдістемелік жағы ерекше маңыздылыққа ие болады. Оқушылардың бұл жұмысы алуан түрлі болуы мүмкін. Мысалы, бір оқушы оқылатын пән бойынша терминді айтады, ал екінші оқушы бұл терминді ағылшын тілінде айтады. Терминдерді аудару қарсы тәртіпте де орындалуы мүмкін: бір оқушы оқылатын мәтінде кездесетін жекелеген сөздер менсөйлемдерді айтады, ал келесі оқушы олардың мағынасын бірден ана тілінде айтады. Есте сақтауға тиіс сөздер мен жекелеген сөйлемдерді оқушылар дәптерлеріне немесе сөздіктеріне жазып алады. Сабаққа дайындалу барысында оқушылар дәптерлеріне немесе сөздіктеріне жазып алған сөздер мен сөйлемдерді қайталайды және мүмкін болған жағдайда бірін-бірі тексереді. Кейбір мұғалімдер сөздер мен сөйлемдерді жекелеген текшелерге жазып көрсетеді. Әр текшеде 10, 20 немесе одан да көп сөз болуы мүмкін. Мұғалімнің кеңесі бойынша оқушылар жаңа сөздер мен сөйлемдерді сабақта ғана емес, сонымен бірге үй тапсырмасын дайындау процесі барысында да жаттаулары мүмкін. Текшелер бойынша өзін-өзі және бірін-бірі жылдам тексерудің бір нұсқасы: текшенің сол жағында бір бағанға, мысалы, оқылатын тілде (ана тілі емес) жиырма сөз жазылған, ал оң жағында сәйкесінше ана тіліндегі мағынасы жазылған. Тексеруші дәптермен немесе бір парақ қағазбен текшенің сол жағын, яғни ана тілінде емес берілген сөздерді жабады. Жауап беретін оқушы ана тіліндегі сөздерді ғана көреді және оқылатын тілдегі сөздерді жылдам және дұрыс айтуға тырысады.
Егер барлық сөздер мен сөйлемдер дұрыс және неғұрлым жылдам айтылған болса, онда тексеруші жауап беретін оқушыға тура осы тапсырманы белгілі уақыт арасында орындауды немесе жекелеген сөздерді (ана тілінде емес) басқа текшеге жазып белгілі уақыт ішінде аударуды тапсыруына болады.
Бір кездесу барысында екі оқушы бірін-бірі бір ғана емес, екі, үш немесе оданда көп текшелер арқылы тексерулеріне болады. Мұғалім текшедегі кейбір сөздерге ерекше назар аудару, қайталап айту немесе дәптерге жазып алу үшін астын сызып қоюына да болады.
2. Жаңа мәтін бойынша біріккен жұмыс. Жаңа мәтіндермен жұмыс әр түрлі жүргізілуі мүмкін. Мұғалім уақыттың бір бөлігінде оқушыларды жаңа мәтіннің және оның ана тіліндегі аудармасымен таныстырады. оқушылар жаңа мәтіндер алады және тұрақты немес ауыспалы жұпта оларды аудару жұмысын жүргізеді. Әдетте жұптағы бір оқушы мәтінді оқиды және екінші оқушыны араластыра отырып әр сөзді аударады. Егер жаңа сөз немесе сөйлем кездессе, онда екінші оқушы оның мағынасын сөздіктен іздейді. Жұптың әр оқушысы жаңа сөзді және оның мағынасын өзінің жұмыс дәптеріне немесе сөздігіне жазып алады. Егер мәтін шағын болса, онда оны бір оқушы аударады. Егер мәтін үлкен болса, онда мәтін бірнеше бөлікке бөлінеді (азат жолдар бойынша бөлінуі мүмкін) және оны бірнеше оқушы кезектесе отырып аударады.
3. Өзара диктанттар. Жаңа материалды жақсы меңгеру үшін, мұғалім диктант жазылған текше карталар әзірлейді. Өзара диктанттарды оқушылар қазақ тіліндегі сабақтардағы тәртіп бойынша жүргізеді.
4. Монологтік және диалогтік тілдесуді дамыту бойынша жаттығулар орындау. Оқушылар диалогтік тілдесуге жаттығу бойынша сауалнама — текшекартасын толтырады, содан кейін берілген проблема немесе тақырып бойынша монологтік сөйлесуді (мазмұндауды) орындайды.
Қазіргі оқыту үдерісінде – жаратылыстану-математикалық, химия-биологиялық пәндерді ағылшын тілінде оқытып, ғылыми дайындықтың әлдеқайда жоғары деңгейін көтеруді қамтамасыз етуде. Ағылшын тілінде химия пәнін оқытудың себебі шетел тіліндегі сөйлеудің пәндік мазмұны басқа білім салаларынан мағлұматтар ала алады. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру шет тілдік қарым-қатынастың пәндік мазмұндық аспектісін байытуда, оқу мотивациясын арттыруда, жеке тұлғаны және оның білім алу мен өзін-өзі жетілдіруін дамытуынан көрінеді.
Химия пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды.
Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады.
Сабақ барысында қосымша берілетін химиялық элементтерді үш тілде жазыу және айту оқушының сөз қорын қалыптастырады. Мектеп оқушылары халықаралық олимпиадаларға химия пәнінен көптеп қатысуда. Ал осы олимпиадалар мен ғылыми жобалар ағылшын тілінде қорғауды қажет етеді. Көп жағдайда химия пәнін жақсы меңгерген оқушылар ағылшын тілін жетік білмегендіктен осындай мүмкіндіктерге қол жеткізе алмай жатады. Осы кедергілерді жою мақсатында, мектепте өтілетін пәндерді үш тілге негіздей отырып өткізген тиімді.
Қазақстанның тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі көптілді жетік меңгеруді талап етеді. Осыған орай, білім беру жүйесінде мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі — өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым- қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін полимәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Қазіргі заман талабына сай мұғалім үлкен дайындықпен, жаңаша әдіс- тәсілдермен, түрлі тапсырмалармен ізденіс үстінде сабақты түрлендіріп отыруы қажет. Болашақ ұрпақтың дамуы ұстаздардың белсенділігіне, білім деңгейіне, шығармашылық іс — әрекетіне байланысты болмақ.
Оқушыларымыз болашақта бірнеше тілде еркін сөйлеп, әлемнің алып елдерімен бірлесе жұмыс жасап, техника мен ғылымды жетік меңгерген тұлға қалыптасатынына сенемін.
Давранбеков Кахраман Анварбекович,
Сайрам ауданы
Алихан Бөкейханов атындағы жалпы орта мектебі
химия және биология пәні мұғалімі