Есептерді шығара білу химия пәнінде маңызды мәселе болып табылады. Ол алған білімді тереңдету үшін және де өзіндік жұмыстарды орындау барысында оқыған материалды жетік меңгеруді қамтамасыз етеді.
Есепті шығара білу – химия ғылымындағы білімнің негізін қалыптастырудың маңызды бөлігі болып табылады. Химия пәніндегі есептерді шығарудың бірнеше әдісі бар.Соның бірі пайызға байланысты есептерді шығару әдістері.
Пайыз деп, бүтіннің жүзден бір бөлігіне айтылады. Пайыз белгісі салынбаса, мысалы 80 % — ті 0,8; 10 % — ті 0,1; 1 % — ті 0,01; 0,1 % — ті 0,001 деп алынады. Концентрация деп көлемі немесе, еріткіштің белгілі бір масса бірлігінде еріген заттың мөлшері айтылады.
Егер қоспада анықталып жатқан элементтің мөлшері өте аз болса. Мс: 0.005 % дегенде 5 мг % деп, 0,000004 % немесе 4 х 10-6 % дегенді 4 мкг % деп алуға болады. Миллиграмм – пайыз бұл пайыздың мыңнан бір бөлігіне, микрограмм пайыз деп пайыздың миллионнан бір бөлігіне, промилле деп, бүтіннің мыңнан бір бөлігіне айтылады.
Пайызды ерітінді граммда алса, тығыздық алынбайды.
1 – есеп 200г 10 % — дық ерітінді дайындау үшін неше грамм ас тұзы және су қажет?
Шешуі: m NaCI = 200 ∙ 0,1 = 20 г.
m н2о = 200 – 20 = 180 г. Жауабы: 20 г NaCI, 180 г H2O.
2 – есеп 100г 10 % — дық NаСI мен 300г 10 % — дық NаСI ерітіндісі араластырылды, алынған ерітінді неше пайыздық болады?
Шешуі: mNaCI = 100 · 0,2 = 30 г.
mNaCI = 300 · 0,1 = 30 г.
Таза тұз = 30 + 30 = 60 г.
400г ( бәрі )————— 100%
60г NaCI —————- X X = 60 · 100/400 = 15 %.
Жауабы: 15 %.
3 –есеп 300г 20 % KNO3, 200 г 10 % KNO3, және 500 г 10 % NaCI ерітінділері араластырылды, ерітіндідегі калий нитраты және натрий хлориді неше пайыз болады? Шешуі: mерітінді = 300 г + 200 г + 500 г = 1000 г. m KNO3 = 300 ∙ 0,2 + 200 ∙ 0,1 = 80 г.
1000г ( бәрі ) ————- 100 %
80г KNO3 —————Х % Х = 80 · 100/1000 = 8 %.
mHCI (бәрі) = d · V мл = 1,17 · 100 = 117г.
mNaCI = 500 · 0,1 = 50 г.
1000г ( бәрі ) ————- 100 %
50г NaCI —————Х % Х = 50 · 100/1000 = 5 %.
Жауабы: 8 % KNO3, 5 % NaCI.
4 – есеп 100 мл, тығыздығы d = 1,17 г/ мл, 33,46 % — дық HCI – дың ерітіндісіне 400 мл H20 қосылды, ерітінді неше пайыз болады?
Шешуі: mH20 = d · V = 1 · 400 = 400 г. d н2о = 1 г/ мл.
mHCI (бәрі) = d · V мл = 1,17 · 100 = 117г.
mHCI (тазасы) = С% · d · V мл = 0,3346 · 1,17 · 100 = 39,15 грамм.
m ерітінді = 117 + 400 = 517 г
517 г (бәрі) ————— 100 %
39,15 г HCI ————— X X = 39,15 · 100 / 517 = 7,57 %. Жауабы: 7,57%.
5 – есеп 200 мл, d = 1,14 г/мл, 27,66 % -ті C6H12O6 ерітіндісіне, 200 мл, d = 1,02 г/мл 4,13 % ті C6H12O6, 200 мл, d = 1,18 г/мл, 35,39 % -ті C6H12O6 ерітінділері қосылды, алынған ерітінді неше пайыздық болады?
Шешуі: mC6H12O6 = d · V = 1,14 · 200 = 228 г.
mC6H12O6 = d · V = 1,02 · 200 = 204 г.
mC6H12O6 = d · V = 1,18 · 200 = 236 г.
mC6H12O6(бәрі) = 228 + 204 + 236 = 668 грамм.
mC6H12O6(тазасы) = С % · d · V = 0,2766 · 1,14 · 200 = 63,06
mC6H12O6(тазасы) = С% · d · V = 0,0413 · 1,02 · 200 = 8,43 mC6H12O6(тазасы) = С% · d · V = 0,3539 · 1,18 · 200 = 83,52
mC6H12O6(тазасы бәрі) = 63,06 + 8,43 + 83,52 = 155,01 г
668 г(бәрі) ————-100%
155,01 C6H12O6 ——— X X = 155,01 · 100/668 = 23,21 %. Жауабы: 23,21 %.
6 –есеп 200мл d = 1,03 г/мл,6,15 % -ті НСI –ға 100 мл,d =1,06, 7,4 % -ті КОН қосылды, түзілген тұз неше пайыз болады, неше грамм НСI артып қалады,ол неше пайыз болып қалады?
Шешуі: mHCI (тазасы ) =С % · d · V = 0,0615 · 1,03 · 100 = 6,335.
nHCI = m/М = 6,335/36,5 = 0, 1735 моль.
mКОН тазасы = С % · d · V = 0,074 · 1,06 · 100 = 7,844 г.
nКОН = m/M = 7,844 / 56 = 0, 1400 моль.
nHCI = 0,1735 · 0, 1400 = 0, 0335 моль көп екен.
mКОН = n · m = 0,0335 · 36,5 = 1, 223 г.
Есепті қоспаның азына есептейміз, 0, 1400моль KCI түзіледі.
НСI + KOH = KCI + H2O .
mKCI = 0,14 · 74,5 =10,43 г.
mбәрі = d · V = 1,03 · 100 = 103 г.
mбәрі = d · V = 1,06 · 100 = 106 г.
mбәрі = 103 + 106 = 209 г.
209 г (бәрі) ————- 100 %
10, 43 KCI —————- Х % Х = 10,43 · 100 / 209 =4, 99 %
209 г (бәрі) ————— 100 %
1, 223 г HCI —————- Х % Х = 1,223 · 100 /209 = 0,585 %
Жауабы: 4, 99 % KCI. 1,223 г НСI. 0, 585 % — дық.
7 – есеп Глюкозаның 10 % -дық ерітіндісінен, 100 г суды буландырылғанда ерітінді 20 % -дық болды, алғашқы ерітінді неше грамм болған?
Шешуі: 0,1 Х = ( Х – 100 )· 0,2
0,1Х = 0,2Х — 20
20 = 0,1Х
Х = 20/0,1 = 200 г (10 %). Жауабы: 200 г (10 %).
8 — есеп. 400 г 20% — дық глюкоза ерітіндісін дайындау үшін 40 % -дық және 10 % — дық глюкоза ерітіндісінен неше граммнан қажет?
Шешуі: 0,4Х + (400 – Х) · 0,1 = 400 · 0,2
0,4 Х + 40 — 0,1Х = 80 0,3Х = 40 Х = 40/0,3 =133,33 г ( 40% )
m10% = 400 — 133,33 = 266,67 г (10%) ерітінді қажет. Жауабы: 266,67 г (10%)
9 – есеп. 400 г 60 %- дық ерітіндіден неше грамм 20 % — дық ерітінді дайындауға болады?
Шешуі: Масса мен пайыз бір – біріне кері пропорциональ екенін есепке алу қажет,
m1 / m2 = C2%/C1% m1 = 400 · 60 / 20 = 1200 г.
Жауабы: 1200 г.
10 – есеп. Өсімдіктің үстіңгі бөлігінде 80 % cу бар, жер асты бөлігінде 70 % су бар, егер өсімдіктің үстіңгі бөлігі жер асты бөлімінен 6 есе ауыр болса жалпы өсімдікте неше пайыз су бар?
Шешуі: Өсімдіктегі жалпы судың мөлшерін х деп, жер астындағы массасы m деп, онда үстіңгі бөлімі 6m болады.
Теңдеу түзсек:
1 – тәсіл 1m · 0,70 + 6m · 0,80 = 7mх
1 · 0,7 + 6 · 0,8 = 7х
х = 0,7 + 4,8 / 7 = 0,7857 немесе 78,57 %
Жауабы: 0,7857 немесе 78,57 %
2 – тәсіл 1 + 6 = 7 Өсімдік массасын шартты түрде 100 г деп алсақ:
7 г —————— 100%
1 г —————— Х х = 100 · 1/7 = 14,29 %
100% — 14,29 = 85,71 %
mН2О = 0,7 · 0,1429 + 0,8 · 0,8571 = 0,1 + 0,6857 = 0, 7857 немесе 78,57%. Жауабы: 0,7857 немесе 78,57 %
11 – есеп. 20 % — дық ерітінді дайындау ушін 100 г Na2CO3 · 10 H2O – ды неше грамм суда еріту қажет?
Шешу: Тұздың құрамында су бар, соны есепке алу қажет.
Мr (Na2CO3) = 106. Mr (Na2CO3 · 10 Н2О) = 286.
106г (Na2CO3) ——————— 20%
286г(Na2CO3 · 10 Н2О) ———————— Х % Х = 286 · 20 / 106 = 53,96 %
mH2O = 100 – 53,96 = 46,04 H2O
46,04 H2O ———- 53,96г (Na2CO3 · 10 Н2О)
Х ——————— 100 г (Na2CO3 · 10 Н2О) Х = 46,04 · 100 / 53,96 = 85,32г Н2О.
Жауабы: 85,32г Н2О.
12 –есеп 40%-дық ерітінді алу қажет болса 284 г Р2О5 ті неше грамм суда еріту қажет?
Шешуі: Р2О5 + 3Н2О = 2 Н3РО4 Мr(P2O5) = 142 Мr(H3PO4) = 98.
142 г —————-196 г
284 г ________ Х г Х = 284 г · 196 / 142 = 392 г Н3РО4.
m ерітінді = 392/0.4 = 980. mH20 = 980 · 284 = 696 мл Н2О
Жауабы: 696 мл Н2О.
13-есеп 8,78% -дық NaOH – тың ерітіндісін алу ушін 1 литр суда неше грамм натрий металын еріту қажет ?
Шешуі: 2Na + 2НОН = 2NaОН + Н2
46 г Na ————— 2г Н2
Х г Na ————- Х г Н2 Х = 2Х / 46 грамм Н2
( 1000 + Х — 2Х / 46 ) · 0,0878 = Х / 46 · 80
( 46000 + 46 Х — -2Х ) · 0,0878 = 80 Х
4038,8 + 4,039 Х + 0,1756Х = 80 Х
4038, 8 = 75,7864 Х Х = 53, 29 г Na.
Жауабы: 53, 29 Na.
Өз бетімен шығаруға арналған есептер
№ 1. 500 г суға 20 г қант қосылғанда ерітінді неше пайызды болады?
№ 2. 1000 г суға 80 г қант қосылғанда ерітіндідегі С12Н22О11 массалық үлесін анықтаңдар ?
№ 3. 1000 г суға 120 г сірке қышқылы СН3СООН қосылғанда ерітінді неше пайыз болады?
№ 4. 1000 г суда неше грамм натрий ерітілгенде, NaOH тың ерітіндідегі масса үлесі 1 % болады ?
№ 5. 100 г 10 % дық NaCI ерітіндісіне 400 г 40% — дық NaCI ерітіндісі қосылғанда ерітіндідегі натрий хлоридінің масса үлесі нешеге тең?
№ 6. 200 г 20% — дық және 300 г 40 % — дық глюкоза ерітінділері араластырылды. Ерітіндідегі С6Н12О6 – ның массалық үлесін анықтаңдар?
№ 7.400 г 10% -дық және 600 г 20 % — дық С12Н22О11 ерітінділері араластырылды. Ерітіндідегі С12Н22О11 –дің масса үлесі нешеге тең?
№ 8. 10% — дық ерітінді дайындау үшін 800 г суда неше грамм Na2CO3 · 10 Н2О –ны еріту қажет?
№ 9. Қанттың 20 % -дық ерітіндісінен 100 г су буландырылғанда 24 %-дық ерітінді алынды. Алғашқы ерітінді неше грамм болған ?
№ 10. 200 г 91 %- дық СН3СООН – та неше грамм ( СН3СО)2О –ны еріткенде сусыз сірке қышқылын алуға болады?
№ 11. 320 г 16 % -дық тұз ерітіндісінен 80 г суды буландырылғанда ерітінді неше пайыздық болады?
№12. 100 мл (d = 1,15 г/мл) 30,14 % НСI мен 100 мл ( d = 1,19 г/мл ) 38,32 % НСI ерітінділері араласқаннан соң, ерітінді неше пайыздық болады?
№ 13. 200 мл d =1(,06 г/мл ) 10,97 % -дық және 100 мл ( d = 1,2 г/мл ) 32,94 % -дық азот қышқылдары араластырылды. Ерітіндідегі қышқылдың массалық үлесін анықтаңдар ?
№14. 20 % NaNO3 –тың ерітіндісінде натрийдың массалық үлесі нешеге тең ?
№ 15. 1000 грамм суда 2,4 л Н2S ерітілсе ерітінді неше пайыздық болады ?
№ 16. 500 мл 0,2 моль/л КОН ерітіндісінде неше грамм калий бар ?
Жауаптары:
№1. 3,85 %. № 2. 7,41 . № 3.10,71% № 4. 5,78 % № 5. 34. №6. 32.
№7. 16. №8. 295,6 г. № 9. 500 г. № 10. 102 г. № 11. 21,33 % № 12. 34,3 %
№ 13. 18,91. № 14. 5,41. № 15. 0,36 % № 16. 16 г.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Химия.800 новых задочи и упражнений с примерами решений / В.И. Резяпкин. – Минск: Юнипресс. 2007. – 288 с.
- Задачи по химии для поступающих в вузы : Учеб. Пособие./ Г. П. Хомченко, И. Г. Хомченко. – М.: Высш. Шк. 1987 . – 238.
- Конкурсные задачи по химии, / И. П. Среда. Киев, издателство «Высша школа», 1980.
- Методика решения задачи по химических олимпиад: В.В. Сорокин. В.В. Загорский, И.В. Свитанько: Москва, издательство МГУ, 1989г.
Жарекешов Жексенбай,
№9 орта мектептің химия пәнінің мұғалімі,
Жаңаөзен қаласы