«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде өткізілген «Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы алдына «Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша бағдарламаны жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатын қойды.
Курс барысында мұғалімдердің пән бойынша бағдарламаның жаңартылған мазмұнын білуі қамтамасыз етілді. Сонымен бірге мұғалімдер химия пәні бойынша жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолданудың жолдарын, пән бойынша жаңартылған бағдарламадағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды меңгерді.
Тренер курсқа қатысушылармен бірге білім мазмұнын жаңартуда кәсіби құзыреттілігі мен қызметін нәтижелі қалыптастырудағы көкейкесті сұрақтарды талқылап, оқу барысында рефлексия жасап, топтағы пікірталас пен кері байланысты жүзеге асырды. Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнына орай, мұғалімдердің білімдері жетілдіріліп, кеңейтілді. Жаңа білім мазмұнының бағдарламасын игеру арқылы оқуда нәтижеге жетуде тиімді әдістерді қолдана отырып, оқу материалдарын іздестірудің ерекшеліктеріне назар аудару қажеттілігі талқыланды.
К.БАҚТИЯРОВА
Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық)
пәндерді оқытудың инновациялық
технологиялары мен әдістері
кафедрасының аға оқытушысы