Мектептерде оқу бағдарламаларынан тыс жүргізілетін жұмыстар оқушылар шығармашылығын дамытуда барынша үлкен рөл атқарады. Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызыға бастаса, онда сол пәнді меңгеруге деген құштарлықтары тереңдей түседі. Осы мақсатта оқушыларға тек жеке пәннен білім беріп қана қоймай, сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырып отырған жөн. Химия ғылымынан алған білімдерін шыңдай түсуге, өз беттерінше ізденуге, танымдылық қабілеттерін қалыптастыру, алған білімдерін дамыту барысында өткізілген «Химияның ғажайыптары » атты кешті ұсынып отырмын.
«Химия кереметтері» атты кештің бағдарламасы:
- Кіріспе. Кеш жетекшісінің сөзі
- Кешке қатысатын екі топты ортаға шақыру. Таныстыру ( аты, ұраны, эмблемасы)
- Химик — ғалымдарды атап жарысу.
- «Кім мықты ?» Реакция теңестіруден жарыс.
- Викториналық сұрақтар.
- «Химия қақпасы» интермедия (химиялық сюжетпен )
- Кроссворд шешу.
- Өлең шығару (химиялық сюжетпен )
- «Химия қызығы» атты химиялық тәжірибе.
- Капитандар сайысы.
- Катиондар мен аниондар вальсі.
- Лоторея билеті.
- Әділ-қазылардың сөзі. Қорытындылау.
Кеш КВН түрінде өтеді. 9 «А» сыныбынан құрылған «Энтропия» және 9 «Ә» сыныбынан құрылған «Энтальпия» топтары қатысады.
Өтілу барысы:
1.Мінеки залда тыныштық, Жас достарым,
Естілмейді дыбыс түк. Мұны жақсы ұғайық.
Мұны бізде қоштаймыз, Химия құрметтеуге лайық,
Кешіккендерді тоспаймыз. Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Ғылымдардың ғылымы, Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де
Химия жайында Мүмкін емес химиясыз түсіну
Кешімізді бастаймыз. Химиямыз дүние кілті әлі де.
Қымбатты химияның жанкүйерлері мен осы залда жиналғандар. «Химия ғажайыптары» атты кешімізді бастауға рұхсат етіңіздер.
Бүгінгі кешімізде химияның қызыққа толы қыр-сырын үйреніп, өз өнерлерін ортаға салып, сайысқа түсу үшін мектебіміздің ең мықты оқушыларынан құрылған 2 топ келіп отыр. Ортаға 9 «А» сыныбынан құрылған «Энтальпия» және 9 «Ә» сыныбынан құрылған «Энтропия» топтарын шақырайық.
Сайысқа түсті өрендер, Көп күнгі төзім, еңбекке,
Зер салыңдар көрермен Нұр тілеп басқан қадамға.
Тапқырлық асқан білімге, Үлгі етіп өсер балаға,
Өнермен өрге жүзгенге Көңілге өлшеп саралап
Үмітке толы жүрекке. Беріңдер әділ бағалар, — дей келе
әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
Кешіміздің тақырыбы: «Химия ғажайыптары»
Кеш бағдарламасында: Түрлі ойындар мен викториналар, әртүрлі сайыстар, интермедия, химиялық би, лоторея билеттері мен әзілдер.
- Тамаша жақсы жайлар сезіледі, 3. Асыл тастан, өнер жастан
Ал, сонда ғажайыптың сыры неде? Шығады деп дарынды.
Көресің Менделеев жүйесін сен, Халық айтса халық сөзі,
Ал, тыңда оның жайын баяндайық Әрқашанда нанымды
Сөз кезегін топ жетекшілеріне береміз, өз топтарын таныстырып, эмблемаларын қорғайды.
- Екі топқа да өз орындарына отыруын сұраймын. «Кім мықты?» сайысы. Қазір екі топтан оқушылар шығып, реакция теңестіріп жарысады. Әділ-қазылар реакцияның дұрыс, әрі тез теңестіруін қадағалуы тиіс.
- Осы аралықта оқушылар кезек-кезек теңестіріп отыра береді.
- Химия жұмбақ әрі қызықты пән.
Осы кештен әсер алып, сырына қан.
Кім тапқыр, кім білімді екенін біз,
Байқаймыз суырылып қай топ шығар.
Екі топқа Бекетов және Бородин, екі ғалымның атынан құрылған 7 әріптен тұратын кроссворд шешу жүктеледі.
Тапқыштарға біразырақ енді дамыл берейік,
Қонақтардың өнерін де тамашалап көрейік.
Кетпес үшін көрермендер кешімізден жалығып,
Тамылжыған әнге бір сәт кезекті біз берейік. Ән жеке орындауда.
- Химиялық қызықтардың болар нағыз биігі,
Асқан сақтық қажет етер бұл да өнер қиыны.
Химиялық тәжірибені әркім жасай бермейді,
Жасайды оны кімнің егер жетер болса білімі
Сақтықпенен, білгірлікті қажет етер қиын шақ.
Жас химиктің сапарына тілейікші шексіз сәт.
Химия қызығы атты тәжірибе көрсету. “Энтропия ” тобымен “Энтальпия” тобынан 4 оқушыдан шақырамыз. «Жасанды балдырлар», «Жанартаудың атқылауы», «Отсыз түтін», «Жасыл от» тәжірибелері жасалады.
- Өнеріне оқушылар біршама біз қанықтық,
Тапқыштардың білімімен біразырақ таныстық.
Алған білім қорытындысын саралаудың кезеңі,
Викториналық сұрақтарға бердік енді кезекті.
Осы сында нағыз білім деңгейлері өлшенер,
Ал, тыңдалық көрермендер осы сында кім жеңер.
«Тапқыр болсаң, тауып көр!» Интерактивті тақтада сұрақтар жазылған. Әр топ викториналық сұрақтарға жауап береді. Екі топқа он-оннан 20 сұрақ беріледі.
- Оқушылар білімдерін, тапқырлығын байқаймыз,
Әр өнерді кезегімен жіберсек те қалмаймыз.
Құр отырмай, күле отырып өту үшін кешіміз
Енді әр топтың әзіл-оспақ ойындарын тыңдаймыз, — біз сіздерді “Химия қақпасы” деп аталатын химиялық интермедия көруге шақырамыз.
Әр топ химиялық сюжетпен әзірлеп келген әзілдерін көрсетеді.
- Ұлы ғалым Ломоносов физик, химик болумен қатар ақын да болған адам.
Тыңдасаң қай ғылымның саласын сен,
Қызыққа қиындыққа қанасың сен,
Білімге тапқырлыққа жақын жүргей,
Әйтпесе алыс болар баратын жер.
Әр топ тез арада химиялық сюжетпен өлең шығарады.
- Химия-ермек емес балалық,
Химия — көрегендік даналық.
Космос кезген ракеталар дәл бүгін,
Ешкімге де емес таңсық жаңалық, — «Энтропия » және «Энтальпия » топтарын ортаға шақырамыз, химик — ғалымдарды атап жарысады. Әділ қазылар олардың тез, әрі кім бұрын ғалымдарды атап шығатынына назар аударуы тиіс.
- Заманның талғамына әр жас иек артады,
Әр заманның өзіне тән болады ғой ортағы.
Тек ешқашан ескірмейтін би атаулы төресі,
Бал биінсіз келісе ме кешіміздің бар сәні.
Аниондар, катиондар вальсіне кезек берейік,
Көңіл өсіп, музыканың ырғағына енейік.
Катиондар мен аниондар вальсі. Жігіттерге катиондар, қыздарға аниондар жазылған карточкалар беріледі. Әркім өз жұбын тауып, биге шығыңдар. Бірін-бірі дұрыс тапқан жұптарға сыйлықтар бар. Ырғақты музыка, би!
- Алып келген командасын кешімізге басқарып,
Сенімменен күтуде олар жеңіс сәтін қасқайып.
Кешіміздің шешуші кезеңі боп сыналар,
Капитандар сайысына кезек бердік ағайын.
Көрермендер тыныштықпен осы сәтті тыңдалық! Соңғы сынақ ең мықты екі топтың капитандар жарысын өткіземіз. Жарыс екі бөлімнен тұрады:
а) Сұраққа -жауап б) Білімін тексеру
- Енді лотерея билетінің бағын сыналық.
А) Бүгінгі кештен алған әсеріңіз? Ә) Химия нені зерттейтін ғылым?
Б) Сыйлық. В) Бір өлең айтып беріңіз?
Г) Валенттілік дегеніміз не? Ғ) Өзіңіздің бір өнеріңізді көрсетіңіз?
- Демеңіз, аз өнерін аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар кездескенше,
Осымен бүгінгі кеш аяқталды.
Ендігі сөз кезегі кешіміздің әділ-қазылар алқасына беріледі.
- Қорытындылай келе, өз білімдерімен көзге түскен және топ жетекшілеріне сыйлық кітаптар мен мақтау қағаздары тапсырылды.
Ибрайымова Салтанат Указқызы,
Алматы қаласы.
№128 жалпы білім беретін мектептің
химия пәнінің мұғалімі.