Home » Мақалалар » Химиялық реакциялардың жіктелуі

Химиялық реакциялардың жіктелуі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:  Студенттердің  химиялық реакциялар түрлері мен қасиеттері туралы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Студенттердің есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, есептер шығару.
Тәрбиелік: Студенттерді тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:

  • Химиялық реакция түрлерін ажырата алады;
  • Химиялық реакция құрамын, құрылысын, қасиеттерін біледі;
  • Жылу эффектісі бойынша есептер шығара алады;
  • Термохимиялық теңдеулерді ажырата біледі;
  • Айырылу, орынбасу, алмасу реакция нәтижесіндегі түзілген өнімді ажырата біледі.

Көрнекілік:интерактивті тақта, есептер жинағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап, тірек-сызбалар арқылы талдау, үлестірмелі материалдармен жұмыс, жаңа технологияларды пайдалану.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (студенттердің сабаққа қатысымын түгендеу).
  2. Үй тапсырмасын тексеру. Химиялық байланыс түрлерін сұрау.
  • Сутектік байланыс;
  • Металдық байланыс;
  • Иондық байланыс
  • Коваленттік байланыс (полюсті, полюссіз);
  • Атомдардың электртерістік мәндеріне сүйеніп мынадай элементтерден тұратын коваленттік полюсті молекулалардың мүмкін болатын формаларын жазыңдар:
  • а) CI-B ә) H-S  б)C-O  в)N-Br  г)C-F   д)H-I;
  • Мынадай молекулалардағы O2 , F2, HBr , N2,  OF2,   атомдардың электрондық конфигурациясын кванттық ұяшықтарда орналастырыңдар. Олардың арасында қандай айырмашылық бар?
  • Қанығу қабілетіне байланысты мынадай молекулалардағы: CL2, HBr, H2S,  AICI3,  SnCIатомдардың валенттік орбитальдарын толық пайдаланатынын дәлелдеңдер.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
       Химиялық реакция –химиядағы негізгі ұғымдардың бірі. Химиялық реакция деп- белгілі құрамы, құрылысы, қасиеттері өзгеше заттарға айналу құбылысын айтамыз. Олар әр түрлі жағдайлардың әсерінен жүреді. Мысалы механикалық әсерден, жарық пен электр тоғының әсерінен, қыздырудан, еріткіштіктің әсерінен жүруі мүмкін. Химиялық реакция кезінде түзілген өнімнің түсі өзгереді, жылу мен жарық бөлінеді, газ бөлініп, иіс шығады немесе ериді, тұнба түзіледі.
Реакция нәтижесінде бөлінген немесе сіңірілген энергия реакцияның жылу эффектісі деп аталады. Жылу эффектісі көрсетілген теңдеу термохимиялық теңдеу деп атаймыз. Жылу эффектісіQ әрпімен белгіленеді.

  • Химиялық реакция кезінде берілген заттар мен түзілген өнімдердің саны және құрамы бойынша айырылу реакциясы нәтижесінде бір заттан бірнеше зат түзіледі:

CaCO3 = CaO+CO2

  • Орынбасу реакциясы нәтижесінде бір жай заттың құрамындағы атомдар басқа заттардың молекулаларының құрамындағы атомдардың орнын басады:

2AI + 6HCI = 2AICI3+3H2

  • Алмасу реакциясы нәтижесінде екі зат құрамындағы атомдары мен немесе атом топтарымен алмасып, екі жаңа зат түзеді:

 

AgNO3+ HCI= AgCI+H NO3

Өршіткі қатысуымен жүретін реакциялар катализдік реакциялар деп аталады.

  • катализдік: C2H4+ H2=C2H6   (өршіткі  Ni Pt)
  • катализдік емес: C2H2 + CI2= C2H2CI4
  • тек бір бағытта жүретін реакциялар қайтымсыз деп аталады:

H2SO4+BaCI2=BaSO4+2HCI

  • бір мезгілде қарама-қарсы бағытта жүретін реакциялар қайтымды реакциялар деп аталады:

3H + N2    = 2NH

  • элемент атомдарының тотығу дәрежелерінің өзгеруі бойынша жүретін реакциялар:

Fe0+ 2H+ CI= Fe+2CI2 —  +H20

  • элементтердін тотығу дәрежелері өзгермей жүретін реакциялар:

S+4O2-2+ H2O= H2+S+4O3-2

  • Термохимиялық теңдеулер бойынша есептер шығару

1) Массасы 4 г. күкіртті жаққанда 37,1 кДж жылу бөлінді. Күкірт (IV) оксиді түзілу реакциясының термохимиялық теңдеуін құрыңыз.

2) Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша:

2+ О2 =2Н2О+570 кДж

80 г оттек сутекпен әрекеттескенде бөлінетін жылу мөлшерін табыңыз.

  1. Жаңа сабақты бекіту.

Химиялық реакцияларды әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Оларды реакцияға қатысатын бөлшектер санымен, қайтымдылығымен , элементтің тотығу дәрежелерінің өзгеруі, жылу эффектісі, өршіткі қатысы, агрегаттық күйімен сипаттауға болады.

  1. Сабақты қорытындылау, студенттерді бағалау.
  2. Үй тапсырмасы:

Химиялық реакциялардың жіктелуі, термохимиялық теңдеулер.

 

 

Агатаева Тазагул Утеулиевна
«Каспий өңірі «Болашақ» колледжі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.