Home » Балабақша » «Хан талапай»

«Хан талапай»

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты логикалық ой жүйесін дамыту, жылдам шешім қабылдауға баулу, ұлттық құндылықтар мен мәдениетті бойына дарыту.

«Хан талапай» ойыны негізінде  жерде ойнатылады. Қазіргі  таңда заманауй үстел үстінде ойнауға болады. Асық ойынының пайдасы  үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларын алдын алады.

Бұл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады. Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды. Бұл асық «хан» асығы.

 

Талапай-ау, талапай,                              Талапай-ау, талапай,

Табылды ойын, алақай!                         Ойын қызық, балақай!

Бүк асықпен — бүкті,                               Асықты алға шашамыз,

Шік асықпен — шікті,                              Егер, «Хан» алшы түссе

Тәйкеменен — тәйкені,                            Талапайға басамыз.

Алшыменен — алшыны.                          Біреу- бесеу, он алды,

Бір-біріне атамыз!

Қызығына батамыз!

Біреу-одан мол алды.

                                      «Хан» түссе кім қолына,

Бар асықты сол алды-деп

«Хан» алған бала жеңімпаз атанады. Асықтар тізіліп қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады. Құлаған асықтарды жинап алады. Егер хан асығы бүк, шік, тайқы-қалыптарымен түссе, бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді. Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса, онда ойынды келесі бала жалғастырады. Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса, сол бала жеңіске жетеді. Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады.

Казиева Нүргүл,
Нұр-Сұлтан қаласы,

                             №48 «Ақ көгершін» балабақшасының

                             тәрбиешісі.  

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.