(ғылыми жоба І дәрежелі ДИПЛОМ)
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге
Бес нәрсеге асық бол ,
Адам болам десеңіз.
(Абай Құнанбаев)
Мен, Абай атамыздың өлең жолдарын, тарихын көп оқып, қызығушылығым ояна бастады. Әр өлеңі, сөзі маған үлкен әсер қалдырып отырды. Абай атамыз қазақтың ұлттық ойындарын өзінің өлеңімен бірге алып жүрген екен. Ұмытылып бара жатқан ұлттық ойын түрлерімен таныстым. Соның бірі «Хан дойбысы«. Осы ойынды қайта жаңғыртып, зерттеуге шығармашылық жоба арқылы халқымыздың дәстүрі, ұлттық ойын түрлерін үйреніп, адамгершілік асыл қасиеттерін бойыма сіңіру – басты мақсатым. Еліміздің болашақ иелері біздер болғандықтан жан-жақты білім алып, дінімізді, мәдениетімізді, ұлттық қазынамызды терең зерттеп, еліміздің өркендеуіне үлесімізді қосу – бүгінгі заманның басты талабы. Абай атамыздың ойнаған «Хан дойбысы» өзге ұлт өкілінің қолына кетіп қалмасыншы деген оймен осы жобамда «Хан дойбысы» қазақтың ұлттық ойындарының бірі екеніне зерттеу барысында көзім жетті. Өкінішке қарай, ол Кеңес Одағы кезінде біршама тоқырауға ұшырап, артынан тіпті насихатталмай жойылып кетудің аз-ақ алдында қалды. Ұлттық ойынды дүниеге әкелген біздің бабалар болатын. Алайда бүгінде ұлттық құндылықтарымыз қолды болып, бөтен елде жаңаша сипат алып жатқаны қатты қынжылтады. Ал бұл жағдайды келер ұрпаққа қалай түсіндіре аламыз? Менің ойымша аманатқа қиянат жасау. Көкпар ойынына Қырғыздар қырын салып жатса, қазақша күреске Өзбектер кенеше жабысып алса, ұлттық ойынымызды осылайша талан-таражға салып аламыз ба? –деген ой мені қатты мазалайды. Құдайға шүкір, Тәуелсіздік алған кезден бері осынау ұлттық ойынымыз қайта жандану жолына түсті. Олимпиада деңгейіне көтерілу үшін «тоғыз құмалақ» пен «қазақша күрес» ойыңдарын таңдап алды. Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеде-ақ білген. Алғашқы қауымдық құрылыс, ертедегі тайпалардың одаққа біріккен дәуірлері ұлт ойындарының едәуір дамыған кезеңі болды. Көшпелі өмір кешіп, мал баққан тайпалардың көзін ашқаннан көргені театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлттық ойындар еді. «Денсаулық – зор байлық» деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы ескертеді. Онымен бірге жасөспірімдер ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанының болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады. Бала жасында ойнаған әр түрлі ойындардың әсерінен болашаққа мүсінді, дені сау, қоғамның қиыншылығына төзімді болып шығады Тәуелсіздігімізге ие болғанымызға биыл 26 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік саханаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Еліміздің тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан уақытта, жас өркенге ертеңгі қоғам мүшесі ретінде бала қиялымызды самғатып, арманымызды көкке ұмтылдырудың маңызды екенін көрсетеді. Осы арман, қиялымыз үлкен жауапкершілікті жүктетеді. Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреген ақындарымыз «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлайтын еді. Арғы замандарды айтпағанның өзінде, тек кейінгі екі ғасырдың ішінде халқымыздың өз бостандығы жолында екі жүзден астам ұлт азаттық көтерілістерге шыққаны – осының дәлелі. Тәуелсіздігімізге жету үшін ата-бабаларымыз халықтың басына сұрапыл күн туып, «ат ауыздықпен су ішіп», «азамат етігімен су кешкен» кезеңде тоз-тоз болған елдің етек-жеңін жинап, басын құрап, халық мүддесін қорғаған қаһармандар да табылды. Олардың басты арманы халықтың бостандығы, азаттығы еді. Ел жұрт бірлігін ойлап, жалпыға тіреу болған билер мен қол бастаған батырларымыз қаншама. «Қазақтың ұлттық ойындарының» жанашыры Ізбасар Оразбақұлы «Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттауды ең алдымен өзімізден бастау керек» деген. Осы бір сөзде үлкен мән жатыр. Өз болмысымызды алдымен өзіміз түбегейлі танып білуіміз керек.
Этнографтарымыздың айтуы бойынша, қазақта 200-ден астам ұлттық ойын түрлері бар көрінеді. Ұлттық спортты ұмыт қалдыруға болмайды.
Ұлттық ойындардың қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделікті тіршілігіндегі қозғалысы мен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі еңбектің бір түрі ретінде де дамыған Мәселен, әр түрлі қимыл-әрекетті ойындар мен асық ойындары тайпалық одақтарда ересектер арасында дамыды да, кейін келер жасөспірімдерге қалды. Себебі үлкендерден көргенін бала да күн ұзақ далада, үй ауласында ермек етеді. Біздерге белгілі, малмен жүрген көшпелі руларды киіз үйден басқа баспананың болмағандығынан тек ашық алаңдарда ғана ойналатын ұлттық ойындар көп.
Қазақтың ұлы ойшылы өз заманында ұлттық ойындардың дамуы мен жаңғыруына да мұрындық болған. Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеуде оның ұлттық ойындардың дамуына жасаған қамқорлығы шет қалып келеді. «Тоғызқұмалақ ойынын Абай атамыз бір айда екі күн, екі түн тапжылмай ойнаған және шебер ойыншының бірі болған. Ел ішіндегі «тоғызқұмалақшылар» бас қосып сайысқа түскен жерінде Абай ауылы болған екен. Жарысты ұйымдастырушы Абайдың өзі болған. «Тоғызқұмалақ ойынынан Абайды еш қандай адам жеңе алмаған екен. Ел ішіндегі деректерге қарағанда Құду деген шебер дойбышы болған дейді. Ол адам шен құмар, өзімшіл тәкаппар, ақылы аздау адам көрінеді. Абайдың ауылына келіп, Абайды жеңу мақсатында «хан дойбысын» ойнапты «Хан дойбысын» баяғы бағзы заманнан бері хандардың, билердің, бектердің ел басқару мемлекет құру кезінде ақсалдарын сын түрінде сынайтын ойын. «Хан Дойбысы соншалықты уақыт аралығында өз иесінен алыстап кетуіне де түрлі себептер бар. Өйткені бұл ойын тек хандар арасында ғана насихатталған.
Тайпаның «ханы» мұнда оюы басқаша және есігі бар бұл «Хан дойбысының» жүрісі тек ұзын жолмен ғана жүреді. Себебі өзінің артындағы билерін қорғауы керек, егер қарсыласы бір биді ұтып алса (жеп қойса) онда ол келесі тайпаға бірігеді. Жүріс соңында 6 киіз үй қалса онда ол беріліп тайпаға қосылады. | «Хан дойбысының» «биі» онда есігі жоқ ою-өрнегі басқаша. Мұнда Хан биді қарсыласыннан қорғайды.
| «Хан дойбысының» тақтадағы көші, мұнда 12 көш болады |
Мұнда шахматтан айырмашылығы – Ханды басқасы қорғайды. Егер «хан» ұтылса онда «мат» болады. Ал дойбыдан айырмашылығы жәй дойбы көші «Би» болады. «Хан дойбысының айырмашылығы «Хан» елін, жерін қорғайтын, ал Билері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын ауыз бірлікте болады. Ұлттық ойындарымызда «Ханға» байланысты бірнеше ойындар бар. Ол ойындардың ойын тәсілдері әр түрлі.
«Хан дойбысы» деген ел ішінде тараған ұлттық ойын түрлері бар.
«Хан дойбысының» көштері (тастары) 24 киіз үй. Жұмысымды қорытындылай отырып, ары қарай осы ұлттық ойын түрін аудандық, облыстық, республикалық, тіпті әлемдік деңгейге көтеру керек деген ұсынысым бар. Тіпті қытайдың арзанқол ойыншықтарымен болашақ қазақстандықтарымызды уландырғанша, осындай таза, табиғи ұлттық ойындарымызды насихаттай отырып, неге дүкендерге шығарып саудаламасқа деген ойлар мені толғандырады.
Қолданған әдебиеттер:
- Б. Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы Қазақстан 1978ж
- Қасиманов С. «Қазақ халқының қол өнері» Алматы Қазақстан 1995 ж
- Қасен. О «Қазақтың ұлттық қол өнері» Баян*Өлгей 1985ж
- История искусства Казахстан 2006 год
- Бүркітбай Аяған. Қазақстан ұлттық Энциклопедиясы 9томдық
- Қазақстан әйелдері журналы 2011ж №5саны
- Орталық Қазақстан газеті №191-193 (21183)
Маулий Аянберген,
№15 ЖББМ КММ,
Қарағанды облысы,
Абай ауданы, Қарабас кенті