Home » Ашық сабақтар » Ханзат Меруерт Бекзатқызы. Му family

Ханзат Меруерт Бекзатқызы. Му family

Ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
«Күншуақ» ересектер тобы

 

Білім беру саласы: «Коммуникация»
Білім бөлімі:   «Ағылшын тілі»
Мақсаты: балалардың лингвистикалық білімін кеңейту, ағылшы тілінде өз отбасы туралы шағын әңгіме – сипаттама жасауды уйрету. TTШТ (Триз) технологиясы арқылы ойлауын, зейінін дамыту, ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Миға шабуыл жасау әдісі арқылы ой-өрістерін дамыту. Арт терапия элементтерін қолдану арқылы шығармашылыққа баулу. Отбасына деген сүйіспегшілікке тәрбиелеу. Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасы мүшелерін дұрыс атап, тақырыпқа байланысты жаңа сөздер, фразалармен таныстыру, сөздік қорларын, ой өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
Билингвальдық компоненттері: Country – Отан – Родина, capital – астана — столица, President – Елбасы — президент, a family – отбасы — семья , a mother – ана — мама, a father – әке — папа, a brother – аға (іні) — брат, a sister – әпке (сіңілі) — сестра , a grandmother – әже — бабушка, a grandfather – ата – дедушка, a baby — бөбек – малыш, a boy – ұл бала – мальчик, a girl – қыз бала – девочка.
Көрнекіліктері: мультимедиялық презентация, доп, магниттік тақта, генеологиялық талдың схемасы, «Family» үлестірмелі материал карточкалар, отбасы мүшелерінің жеке суреттері, «Good morning», «Father, mother» әндерінің үнтаспалары.
Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Мотивациялық — қозғаушылық кезең:
Шаттық шеңбер:
Мұғалім: Hello, children!
Балалар шеңбер құрып тұрады, мұғаліммен амандасады: Hello, teaсher!
Қане балалар келген қонақтармен амандасайық!
Балалар қонақтармен үш тілде амандасады:
Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Hello, guests! Здравствуйте, гости!Ән: «We say hello!»
Бәріміз бірге жүректен жүрекке жақсы сөздер айтып бүгінгі оқу қызметімізді бастаймыз!
Балалар жүрекшені бір-біріне беріп, өздерінің жақсы қасиеттерін айтады.
Сұрақ – жауап (доп)

  • How are you, children?   Қалдарын қалай, балалар?
  • We are fine, good, OK!
  • Children, what season is it now?    Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
  • It is autumn.
  • How many monthes in autumn? Күз мезгілінде қанша ай бар?
  • Three!
  • Children, tell me please. Қане атап өтейік.
  • September, october, november.
  • What weather like for today? Бүгін ауа-райы қандай?
  • Today is cold.
  • Children, let’s say poems about our family.
    — Балалар отбасына арналған тақпақтарымызды айтып берейікші.

Ұйымдастырушылық – ізденістік кезең:

  • Балалар, бүгін біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ, «My family»
  • Біздің әрқайсысымыздың өз отбасымыз бар. Отасы мүшелеріне кімдер жатады?
  • Отбасы ол – атам, әжем, анам, әкем, ағам, әпкем және мен.
  • Балалар, отбасымыздағы басшы кім?
  • Әке
  • Ал, сендерді өмірге әкелген адам?
  • Ана
  • Ал, ата мен әжеге сендер кім болып келесіңдер?
  • Немере
  • Ал аға-әпке, іні-қарындас ол сендердің туған бауырларың.
  • Одай болса, бәріміз тақтаға назар аударайықшы. Бұл суретте кімнің суретін көріп тұрсыңдар?
  • ОтбасыThis is a family. This is a father. This is a mother.
  • Ия, бұл суретте сүйіспеншілігі мол бір біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп тұрмыз. Ағылшын тілінде мұғалім отбасы мүшелерін атап береді.
  • Ал, ендеше, балалар, сендер мына жұмбақтарды шешіп көріңдерші.Отбасында ол біздің, басшы болған әкем — … . (father)Әркез жарқын күлкісі, әсем менің әпкем — … . (sister)Еркелеткен әр кез мені, менің атам ол — … . (grandfather )
  • Тәттілерін сақтап маған аппақ әжем ол — … . (grandmother)
  • Жақсы көрер ойынды менің бұзық інім — … . ( brother)
  • Ұйықтар алды ертекті айтар ылғи анам — … . (mother)
  • Сен ерінбе қайтала отбасы ол — … . (family)

Ал, біз, балалар, қанекей сергіп, жаттығу жасайық!

«Head and shoulders»
Head and shoulders, knees and toes,
Knees and toes.
Head and shoulders, knees and toes,
Knees and toes.
Eyes and ears,
And mouth and nose,
Head and shoulders, knees and toes,
Knees and toes.

(Балалар іс-қимылмен сергіту жаттығуын түсініп жасайды)

— Now children lets continue our lesson.

Балалар оқу қызметімізді жалғастырайық.
Балалар, қазір адамдар отбасы талын ойлап шығарған ол жерде бұтақтары мен жапырақтары ұрпақтары мен отбасы мүшелерін бейнелейді. Бұл ағашты отбасы талы деп атайды – «Family tree». Ол үшін сендер мына жұмбақта кім туралы айтылып тұрғанын шешулерің керек, ал ендеше мұқият тыңдаңдар!

Отбасылық ағашы (Family tree)
Менің әкемнің әкесі (ата) — grandfather – дедушка

Менің әкемнің анасы (әже) — grandmother – бабушка
Менің атам мен әжемнің баласы (әке) — father –папа
Менің әжем мен атамның қызы (анам) — mother – мама
Менің анамның баласы (аға,іні) — brother — брат
Менің әкемнің қызы (әпке,қарындас, сіңілі) — sister –сестра

(Балалар ағашқа аты аталған адамдардың суреттерін апарып іледі, қазақша, орысша, ағылшынша атайды)

Мақал-мәтел:

Әкеге қарап ұл өсер.           Ұл – boy – мальчик

Анаға қарап қыз өсер.         Қыз – girl – девочка

— Олай болса, балалар, біз сендермен ойын ойнайық, lets play a game!

Шарты: балалар мұғалімнің «girls», «boys» командасын естігенде: қыздар орындарынан тұрып, тізе бүгеді, ұлдар орындарынан тұрып, бастарын изейді.

Мақсаты: балалардың есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, ептілікке баулу.

«Baby boy, baby girl» дидактикалық ойын (ТРИЗ бойынша)

Шарты: балалар сәби баладан ата-әже болғанша дамуы, өсуіне байланысты суреттерін алып жеке-жеке апарып іледі.

Мақсаты: TTШТ (Триз) технологиясы арқылы ойлауын, зейінін дамыту, ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

« Қай зат кімдікі, атын атап бер» (үлестірмелі материалмен жұмыс)

Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін, ептілігін дамыту. Жұмысты бастамас бұрын техника-қауіпсіздігімен таныстыру. Қарындашты пайдаланып ысқылау әдісі арқылы қолға жаттығу жасау.

Самолеттің дыбысы естіледі.

Балалар, қараңдаршы бізге Англиядан досымыз Хелен келе жатыр екен. (музыка әуенімен)

Мұғалім:

Hello, Helen! How are you?

Helen: Hello, children! Hello, my friends!

Мұғалім: Қош келдің Хелен! Welcome! Балалар сені өте жақсы көреді. Біз сені сағынып қалдық! Біздің балалар қазақ тілін ғана емес ағылшынша да, орысша да біледі.
Балалар мен Хеленнің арасында диалог:

Хелен: Балалар сендер бүгін ағылшын тілінде қандай сөздер үйрендіңдер, айтыңдаршы? Tell me please!

Балалар: отбасы мүшелерін! «Family!»

Хелен өзінің сөмкесінен үлкен қазақ-орыс сөздігін алып шығып: «Family!» Оh, I don’t know. What is it? A family?

Балалар: отбасы – семья — family

Хелен: What is it? А father?
Балалар: әке – папа – father

Хелен: What is it? А grandfather?

Балалар: ата – дедушка – grandfather

Хелен: Very good my friends! Thank you very much! Маған көмектескендеріңе рахмет!
Олай болса, балалар біз бәріміз бірге «Family fingers» әнін айтайықшы!
— Now children, let’s sing the song about family fingers.

«Family fingers»
Daddy finger, daddy finger
Where are you?
Here I am, here I am
How do you do?
Mommy finger, mommy finger
Where are you?
Here I am, here I am
How do you do?
Brother finger, brother finger
Where are you?
Sister finger, sister finger
Where are you?
Baby finger, baby finger
Where are you?
Here I am, here I am
How do you do?

Самолеттің дыбысы естіледі.

ХЕЛЕН: — Ой, балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер, ағылшын тілін жақсы үйреніпсіңдер. Ал мен болсам қазақ тілін үйренудемін, олай болса, мен сендермен қоштасайын, менің ұшағымның уақыты болды. Сау болыңдар, балалар! Good bye,children!

Балалар: Goodbye, Helen!

Рефлексивті-түзетуші кезең:
Қорытындылау: Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әңгімеледік. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды, оларға көмектесуді үйрендік. Ойындар ойнадық. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер. Жарайсыңдар балалар! The lesson is over!

Ән: «We say Goodbye!»

We say Goodbye!

We say Goodbye!

Goodbye and bye,

We say Goodbye!

Белсенді қатысқан балаларды мақтап,мадақтау! (Жалаушалар тарату) Балалар қонақтармен қоштасады.

Goodbye, goodbye dear guests ! До свидания! Сау болыңыздар!

Қоштасу. Goodbye,children!

Күтілетін нәтиже:
Біледі: отбасы мүшелерін ағылшын тілінде атауды;
Игереді: сөзтіркестерді пайдаланып, толық сөйлем құрап сөйлеуді;
Меңгереді: отбасы мүшелерін дұрыс атап, тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді, фразаларды меңгерді.

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.