Home » Білім және өнер » Халық педагогикасын — асыл қазына

Халық педагогикасын — асыл қазына

Ауыз әдебиеті — халық педагогикасының тынық мұхиты. Мақал-мәтел, өсиет өлеңдер мен ертегілердің, жаңылтпаш пен жұмбақтардың батырлық жырлардың тәрбиелік мәні үлкен. Халық педагогикасының асыл арнасы ата, ана тәрбиесі. Ана тәрбиесі мол мейірімділікке, перзенттердің бір-біріне бауырластығына шыншылдыққа, ар тазалығына, әдептілік пен тәртіптілікке баулиды.Ал ата тәрбиесі — ата тегін білу, қонақ күту, алысжақын мен достық, жолдастық қарым-катынаста болу, сөз тыңдауға тәрбиелейді. Халықтық педагогиканын қайнар көзі-ауыз әдебиеті.

Ертегілер-бұл арқылы оқушыларды «жақсыдан үйреніп, жаманнан жирентеміз»

Тұрмыс-салт жырлары. Қазақ халқының күн көрісінің, шаруашылығының негізгі саласы-төрт түлік мал хақында әңгіме жүргізіп, аңшылық,

шаруашылық туралы өлең-жырлар арқылы еңбекке кәсіпке баулимыз.

Наурыз — халықтық мейрам. Бұл мейрамға біз тәрбиелеп жатқан жас буын, дүйім халық өнерімен, білімімен, тапқырлығымен үлес қосуға тиіс.

Батырлар жыры. Мұның озық үлгілері халқымыздың, еліміздің тарихын, шежіресін, өнерін айқындап тұрғандай.

Мақал-мәтелдер, яғни халық даналығының үйретері мол. Біз әрбір сабағымызда әрбір қадамымызда оған тоқталамыз, мол ғибрат аламыз.

Айтыс жырлары. Мұның кейбір үлгілерінен пайдаланып, жас буын арасында кішігірім айтыстар ұйымдастырып, оқушылар бір-бірінің мінін, кемшіліктерін сынап, достыққа, әділдікке баулысақ, нұр үстіне нұр болғандай.

Халықтық педагогикамызда 3,4,5 және 7 сандарына қатысты ұғымдар да мол орын алған. 7 ата, 7 қазына, 7 шәріп, 7 –жұт, 7 жок, 5 парыз, 4 кітап, 4 қылыш, 3 арсыз, 3 дауасыз, 3 жүз, т.б.ұ ғындырып бару, оқушылар білімін тереңдей түседі.

Ұлттық дәстүрлерді сақтай білу ұрпақтардың өз тағдырына аялай қарауы, қадірлеп қастерлеуі, иманды тірлігінің ұятына сенуі.Өзінің болмысында халықтық сипаты бар, ізгілікпен мейірімділікке үндейтін ел ішіне кең тараған дәстүрлерімізді үйрету -біздің парызымыз. Солай екен, мен де өзімнің іс тәжірибемді ұлттық болмысымызды үйретуге мән берудемін.

Тараз қаласы №47 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Досжанова Рахия Каюмовна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.