Home » Мақалалар » Халық ауыз әдебиетінің балалардың тілін дамытудағы маңызы

Халық ауыз әдебиетінің балалардың тілін дамытудағы маңызы

Ұлы ғұлама ақын Абай ауыз әдебиетін зерттеп, мақал-мәтел мәнін, маңызын ашып берген мақал-мәтелдерді балалардың жасына сай талдап, қолданамын. Өнерлінің — өрісі кең. Домбыра ұстаған бала, өріс немесе жайлаудың суреті. Қыз — өмірдің гүлі. Нан — ас атасы. Халық ауыз әдебиетінің бір түрі — жаңылтпаштар. Жаңылтпаштар — халық шығармашылығының керемет жанры. Қысқа рифмдік фразалар, дыбыстарды құруға айтылуы күрделі, тілді дамытуға арналған тамаша құрал. Жаңылтпаштар дыбыстық аппараттардың дұрыс айтуға көмектеседі. Дикцияның дұрыс қойылу қабілетін дамытады, тілді естуін, сөздік қорын молайтады. Жаңылтпаштарпен жұмыс істегенде, оны түсініп қана қоймай, есте сақтау керек. Мнемотехниканы қолдану мақсатында жеңіл есте сақтау және есте сақтау қабілетінің дамуы қосымша ассоцияция білімі жолында жүзеге асады. Жаңылтпаштар мазмұны заттар мен іс-әрекеттердің қарапайым схемалық бейнелерінің көмегімен іске асады. Пиктограмма-тірек арқылы графикалық анология мен заттың немесе іс-әрекеттің нағыз бейнесі есте сақтаудың тірегі болып табылады. Жаңылтпашпен таныстыруда тәрбиеші бос кестені есте сақтайды. Баламен әрбір бейненің мағынасын талқылайды.

Халық ауыз әдебиетінің тағы бір түрі — болжамдар. Қазақ халқы ежелден ауа-райын  алдын-ала болжап отырған. Табиғат құбылыстарын балалармен күнделікті болжап отыру арқылы балалардың алғыр, зерек, байқампаздығын дамытуға болады. Сондай-ақ,  көзделетін мақсат-табиғат құбылыстарын түсіндіріп қана қоймай, сызба-тірек арқылы үйрету де тиімді. Мнемотаблицаны қолдана отырып, сөздік қорын молайтып, жаңа сөздерді меңгереді. Мысалы: «ерте көктемде қарға су ішсе, күн жылынады», «тауық биікте қонақтаса, жаңбыр жауады», «бал аралары топтасып ұшс, күн ашық болады» т.б. «Оқу құралдары — мектеп жұмысының айнасы», — деп атақты ұлы педагог-психолог, ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім, тәрбие жолына пайдаланатын әдістемелер мәнді, жұмыр, бала ұғымына сәйкес болуы керек. Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықталып, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек. Мен өз тәжірбемде тобымдағы балалармен жұмыста халық ауыз әдебиетінің тағлымды үлгілерін үнемі қолданамын.

 

БАТТАЛОВА Әсемгүл Есенқызы,

Павлодар қаласы

№33 сәбилер бақшасының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.