«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет»
Шоқан Уәлиханов
1 желтоқсан Президент күніне орай Жалпы білім беретін №37 орта мектептің 3 «Ғ» сыныбында «Елім деп соғар жүрегім» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты оқушылардың жан-жақты дүниетанымын, қабілетін, талантын ашу мақсатында 7 бөлімнен құралып жасақталды. Сынып 3 топқа бөлініп түрлі сұрақтарға жауап беріп, берілген тақырыпқа өз пікірлерін білдіріп, қызықты ойындармен көрініс,шығармаларын оқып ұйымшылдықпен ат салысты. Тәрбиелік шараны өткізуге қолдау көрсеткен сыныбымның ата-аналарына, оқушыларыма шексіз ризашылығымды білдіремін. Биылғы оқу жылында жаңадан алған сыныбым болса да бәріміз жақсы тіл табысып,бірлесе еңбек етіп жатқаныма өте қуаныштымын.Тәрбиелік шараға қатысқан қонақтар,мектеп әкімшілігі жоғары деңгейде баға берді. Бұл да мен үшін жетістік деп есептеймін. Сонымен қатар Тәуелсіздіктің 26 жылдығы қарсаңына орай ұйымдастырылған мектепішілік көркемөнерпаздар сайысына сыныбым хормен ән айту шебері бойынша жүлделі ІІІ орынды және көркем сөз оқу шебері бойынша қатысып «Алғыс хатпен» марапатталды.Оқушыларым қалалық сайыстарданда өздерін көрсете біліп, «Алғыс хаттармен» және жүлделі орындармен марапатталды. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын басшылыққа ала отырып Республикалық «IQ» — Интеллектті дамыту орталығы ұйымдастырған қашықтық олимпиадасына оқушылар өздерінің мақалаларын жариялап жүлделі І-ІІІ орындармен марапатталды. Болашақта тәуелсіз еліміздің жарқын болуына үлес қосатын ұл-қыздарымыздың өнерлері үстем, өмірлері қызықты болсын дегім келеді. Мектеп ұжымына толағай шығармашылық табыс тілеймін!
Зейнова Гүлжамал,
Жалпы білім беретін №37 орта мектеп,
Атырау облысы,
Атырау қаласы,