Home » Білім және өнер » Халықаралық сайыста ел намысын Еркебұлан қорғайды

Халықаралық сайыста ел намысын Еркебұлан қорғайды

Петропавл қаласында республикалық ХІІІ Ұлттық жастар дельфийлік ойындары өтті. Өнердің барлық түрін қамтыған (бейнелеу, орындау, қолданбалы, ауызша, әлеуметтік, экологиялық) сайыс бүгінде жас таланттардың ертеңіне жол ашар шара саналады.

«Өнерім – рухани қазынам» атты осы сайыстан ыммен ән айту номинациясы бойынша Қызылордадағы №6 есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Еркебұлан Қуандық алтын медальмен оралды.

Енді Еркебұлан келер жылы ТМД елдері арасында өтетін халықаралық Дельфийлік ойындарда ел намысын қорғайды.

Жыл сайын 10-25 жас аралығындағы дарынды балалар мен жастардың басын қосатын шығармашылық жарыс 20 шақты өнер түрінен тұрады.

М. Ақынұлы

тілші

Қызылорда

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.