Home » Жаңалықтар » Халықаралық Олимпиада күніне арналады

Халықаралық Олимпиада күніне арналады

Қазақстан Республикасы Астана қаласы,
Ә. Бөкейхан көшесі 1,
«Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ

Баспа және жұртшылықпен байланыс қызметі

Тел.: 8 (7172) 69-30-56, 69-30-57, 69-30-54

E-mail: presidentlibrary.pr.kz@gmail.com

 

 

 2018 жылдың 24 мамырында сағат 17.00-де Елбасы кітапханасында «Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыс» тұрақты экспозицияның салтанатты ашылуы өтеді. Іс-шара 23 маусым жыл сайын аталып өтілетін Халықаралық Олимпиада күніне орай ұйымдастырылады. Шара барысында Қазақстанның олимпиадалық қозғалыс науқаны басталады.

Экспозиция ашылардан бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтеді. Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Рахымжанов, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің директоры Нұрлан Нөгербек, Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен сөз сөйлейді. Шара барысында Қазақстанның Олимпиада чемпиондары Елбасы кітапханасының қорына жеке заттарын сыйға тартады.
Көрме материалдары келушілерге спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негізі, Мемлекет басшысының әлемдегі олимпиадалық қозғалысты дамыту және қазақстандықтардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы бастамалары туралы баяндайды. Материалдардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылу тарихына, оны Халықаралық Олимпиада комитетінің тануына, қазақстандық спортшылардың қатысуы және жеңісіні арналады. Көрмеге келушілер назарына Елбасына ХОК Президенттері тарту еткен сыйлықтар жиынтығы, ҰОК құрылғанына 25 жылдығына орай берілген сыйлықтар, сондай-ақ спортшылардың жеке заттары ұсынылады.

Кез келген көрермен өзін ауыр атлет ретінде зілтемір көтеріп, олимпиадашылардың бойшаң сұлбаларымен суретке түсетін, марапаттау сәтін сезініп, жеңіс тұғырында тұруға мүмкіндік алатын интерактивті аймақтың болуы көрменің ерекшелігі болмақ.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі, 1.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.