Home » Сценарийлер » Халықаралық Музыка күніне арналған «Әсем саз жүректен-жүрекке» атты мерекелік шара

Халықаралық Музыка күніне арналған «Әсем саз жүректен-жүрекке» атты мерекелік шара

Тайпақова А.Ү, Муканова Д.Н.
 Т.Құлтумиев атындағы
№1 Құлсары балалар саз мектебі

 

 

Мақсаты: Оқушылардың музыка өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, сахна мәдениетін дұрыс меңгеруін қалыптастыру.

  Өткізілу барысы:  Мерекелік концерт түрінде

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, шарлар,  проектор

Жүру барысы

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!!!

«1 — қазан Бүкіләлемдік музыка күніне арналған  “Әсем саз жүректен -жүрекке” атты мерекелік кешімізге қош келіңіздер!

— Бүгін бізде мектепте дүбірлі той

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,

Қош келдіңдер, қонақтар, сергісін бой!

Халықаралық музыка күні 1975 жылы 1 қазанда ЮНЕСКО шешімімен бекітілді.
Халықаралық музыка күнін бекіту бастамашыларының бірі композитор Дмитрий Шостакович болып табылады. Мереке бүкіл әлемде жыл сайын үздік артистер мен көркем ұжымның қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламалармен мерекеленеді. Бұл күні әлем мәдениетінің құндылығына енген туындылар шырқалады.

Жанарын жалынды егілген
Жаныңды жадыратар тілегімен
Ізгілік иманымен нәр беретін
Ләззат ал әншілердің жүрегінен.
«Халық термесі» орындайтын халық әні сыныбының оқушысы  Андреева Аймира
Музыка әлемі — адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажап дүние.
Музыкада адамның асқақ ойлары мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді.
Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан зор,
Сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.
Музыканың жанрлары, түрлері өте көп:
Олар: опералық, балеттік, симфониялық, камералық, халықтық музыкалар, әскери және
Аспаптық, вокалдық, эстрадалық, биге арналған, балаларға арналған, және т. Б музыка түрлері бар.
Әлемдік музыка қорына әр халық, әр ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді.
Олардың музыкалары әр түрлі жанрды қамтиды. Әр халықтың өзіне тән ерекшеліктері болады.
Ол ерекшелік адам мінез — құлқы, іс — әрекеті, өмірдегі тұрмыс тіршілігі, әдет – ғұрпы,
Түсінік — түйсігі мен ойлау, сезіну қасиеттері сияқты дара сипаттарға байланысты.
Р.Сабиров . «Восточная мелодия» Орындайтын қобыз сыныбының оқушысы  Сұпығали Гүлназарды тамашалайық.
Музыканың ерекшелігі ескермей, бір өлшеммен өлшеуге болмайды.
Музыканың шынайылығы мен өміршеңдігі де сол халықтығында.
Музыканың халықтық, классикалық, жалынды, жігерлі, тіпті жеңіл түрлерінің бәрі де — өмірімізге қажет дүниелер. Бірақ музыканы тыңдап, түсіну үшін дұрыс таным, талғам болуы тиіс.
Қазақ халқының музыкасы – халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы.
х.ә «Елигай» алдарыңызға сырнай аспабының оқушысы Батыржанұлы Әділханды шақырамыз
Қошеметтеп қарсы алайық!
Музыка – адамның тікелей жан дүниесінің тілі.
Музыка өзінің өте нәзік, сырлы әуенімен сезімтал адам жанының бар байлығын ашып бере алады.
Қазақстанның қазіргі даму барысында музыка мәдениетінің көп тармақты құрылымы қалыптасты. Республикада европалық жанрдағы орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қоса, әуенді шығарудың жаңа дәстүрлі, әлемдік көпшілік музыка (рок, эстрада, джаз) және әлемдік концессиялардың діни музыкасы, қазақстанды мекендеген халықтардың — ұйғырлардың, кәрістердің, немістердің, дұнғандардың орыстардың, татарлардың ауызша кәсіби фольклоры негіз салды.

Моцарт «Волынка» .Сахнада күйсандық сыныбының оқушысы Маратқызы Асылай.

Адамның тіршілігі үшін тамақ қандай қажет болса, музыка ән — күйдің де сондай физиологиялық қажеттігі бар.
Ән — халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі.
Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері бүгінде бірыңғай стандартты нұсқалар шеңберінде қалып қоймай, дәстүрлі үлгілер түрінде жандана, жалғасын тауып әрі қарай дами түседі. Қазақтың дәстүрлі ән айту өнерінің қазақстанның әр өлкелерінде өз ерекшеліктерімен әр түрлі болып келеді.
Келесі кезекті әнге берейік

Мектебіміздің ұстаздары  Айтжанова Бақытгүл апай мен Бақытжанұлы Айбол ағайды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:
Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл — күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы.
Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте — бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады.

Құрметті қонақтар! Сіздердің назарларыңызға шертер аспабының оқушысы Түгелов Әділбектің орындауында “ Веселая”  шығармасы. Қабыл алыңыздар!

Қазақ халқы үшін домбыра аспабының орны ерекше. Домбыра аспабы қазақты нағыз қазақ екеніне көз жеткізеді.
Домбыра күйлерін бізге жеткізген көптеген күйшілері баршылық, олар күй атасы Құрманғазы, Дина, Даулеткерей және тағы басқалары.
Күй — музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй — қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М. Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні «көк» деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар..
Келесі кезекте алдарыңызда  мектебіміздің жас ұстазы Досықызы Наркиз. Құрманғазының күйі «Бұлбұл»

Абай қазақ музыкасынан ерекше орын алады. Абай әндері басынан аяғына дейін қазақ музыкасының халықтық интонациясына құрылған.

Абайдың “:Желсіз түнде жарық ай” әнін орындау үшін ортаға  Рзаханұлы Мұхаммедты    шақырамыз

  Ж.Мұсанын әні “Ақ Сиса” орындайтындар Қанатқали Мадина мен  Қайырхан Ерқас.
Музыканы елемейтін адам жоқ шығар. Музыканы дүниеге әкелген композиторлар сол арқылы жанының қалауын тыңдарманына жеткізе білген. Олардың есімдері әндерімен бірге ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді.

Музыка ешқашан ескірмейді, ол адамзатпен бірге жасай береді.

Сахнада Елдосова Меруерт “Елім менің әні.Тамашалайық

Ән-жырдан көңілдерді қуантыңдар

Барымен шат-жадыман болыңыздар

Қоштасайық келесі кездескенше,

Әрдайым сау саламат болыңыздар!

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға коп коп  рахмет. Сау саламат болыңыздар!

Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы.

А.Н.Серов

  • Музыканның жұмыс салдарынан пайда болған шаршағандықты ұмыттырып, өзіне баурап әкететін қасиеті болады. Ол – бізге осы жұмыстың зардабына шыдауға, төзуге көмек береді.

Әл-Фараби

  • Музыка адам жанын жарқындатып, жалындатуға тиіс.

Л.Бетховен

  • Бұл ғылым (яғни музыка) өзінің байсалдығынан айрылған адамдарды түзетуге, қызба адамды қалпына түсіруге, байсалды адамды ылғи да бір қалыпта ұстауға құдіреті әбден жетеді.

Әл-Фараби

  • Музыка – адамзаттың әмбебап тілі.

Г.Лонгфелло

  • Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі.

Ахмет Жұбанов

  • Музыканың үш түрі бар. Біріншісі, жәй ғана рахат сезімін туғызады, екіншісі құмарлықты, ынтықтықты білдіреді, үшіншісі біздің қиялымызға бағытталады. Жағымды сезім оятатын музыка демалыс үшін қолданылады, ол бізді жақсы тынықтырады.

Әл-Фараби

  • Музыка арқылы біз өзімізді үлгілі өнерге бейімдеп өркендете аламыз… Музыканың моральдық мәні сол, біз оның әсерімен таза нәр аламыз, яғни шынайы сүйеміз, немесе жиренеміз… Музыканың шын мәнінде біздің жан дүниемізді толқытып, көңілімізді көтеруге құдіреті әбден жетеді.

Аристотель

  • Музыкалық өнер – мелодияларды (әуендерді), сондай-ақ оларды барынша тартымдырақ және кемелірек ететін нәрселермен шұғылданатын өнер.

Әл-Фараби

  • Практикалық музыка өнерінің әртүрлі бөлшектерін оқудың, үйренудің арқасында ұғынуға болады.

Әл-Фараби

  • Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе – оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте-бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады.

Д.Д.Шостакович

  • Мелодия тек қана еліктірмейді, ол сөйлейді… Оның тілі өткір, от-жалынға толы жәй, қарапайым сөзге қарағанда, әлде қайда күштірек деуге болады.

Ж.Ж.Руссо

  • Біржан – қазақтың халықтық музыка мәдениетінің алыбы.

Ахмет Жұбанов

  • Абай қазақ музыкасынан ерекше орын алады. Абай әндері басынан аяғына дейін қазақ музыкасының халықтық интонациясына құрылған.

Ахмет Жұбанов

  • Адамзатқа тән ерекше бір қасиет – өзін қоршаған дүниенің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ету.

Әл-Фараби

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.