Home » Жаңалықтар » Халықаралық мектептер Кеңесінің (CIS) тіркелуі

Халықаралық мектептер Кеңесінің (CIS) тіркелуі

Халықаралық мектептерді қолдау және бағалау бойынша CIS тобының мамандары Көкшетау қаласына келді.

Бір апта бойы, құрамында 10 адамнан тұратын комиссия мүшелері мектепті CIS-тің 7 стандарты бойынша бағалады. Тіркеу нәтижелері 2 айдан кейін белгілі болады.

         – Біздің топ мүшелерінің назары бір апта бойы мектеп жұмысында болды, мектепте үш тілде білім беру үшін барлық жағдайлардың жасалуын ерекше атап өткім келеді. Мектепте білімді, ерекше балалар көп. Еліміздің болашақ көшбасшыларын тәрбиелеп жатқан оқытушылардың жұмысында үлкен жауапкершілік жатыр. Үш тілдік және мултимәдениет саясаты өте анық көрінуде, алдарыңызға қойған барлық мақсаттарыңызға жететіндеріңізге сенеміз – деді эксперттер тобының төрағасы Джеймс Швец.

CIS мүшесіне кіру арқылы мектеп өзінің мектеп өмірін ұйымдастыру және білім беру процесстерінің халықаралық стандарттарына сай екендігін көрсетеді. CIS қауымдастығына кіру дамудың жаңа жолдарын және мектептің үнемі жетілдірілуіне кең мүмкіндік береді. Ал бұл, өз кезегінде мектептің білім берудегі жоғары сапаға ұмтылуын дәлелдейді.

Халықаралық Мектептер Кеңесі (CIS) – мектептерді тіркейтін және алдыңғы қатарлы білім беру әдістерін әзірлейтін, халықаралық білім беру жүйесіндегі ұйым. CIS – құрамына 112 елден 697 мектеп және 508 университет және колледждер кіретін, бүкіл әлем бойынша білім беру қауымдастығының коммерциялық емес ұйымы. CIS  100-ге жуық елдерде, мектепке дейінгіден 12 сыныпқа дейін білім беру саласында тәжірибесі өте мол, ұйым қызметкерлері мен кеңесшілерінің көбі кезіндегі халықаралық мектептер директорлары. Халықараллық мектептер кеңесі әлемнің 50 үздік университтерімен қызмет жасайды.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.