Home » Жаңалықтар » Халықаралық «ВІ Жұлдызай» фестивалінің қалалық кезеңі өтті

Халықаралық «ВІ Жұлдызай» фестивалінің қалалық кезеңі өтті

Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі — жастар. Жастардың бүгінгі міндеті – оқу, білім, тәрбие мен шығармашылық жұмыстары.

2005 жылдан бастап елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қолдау мақсатында халықаралық «ВІ Жұлдызай» шығармашылық фестивалі ұйымдастырылып келеді.
Наурыз айынан бастап республиканың барлық облыс орталықтарында фестивальдің іріктеу кезеңі өтуде. Осы орайда бүгін жыл сайынғы дәстүр бойынша ағымдағы жылдың 16 наурызы күні Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен С.Әлжіков атындағы №144 мектептің акт залында Халықаралық «ВІ Жұлдызай» фестивалінің 14 кезеңі өтті. Фестивалды қалалық білім бөлімінің басшысы Ақзира Бақтыбайқызы мен Қиянбекова Айжан ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жалпы фестивалдің мақсатырекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, талантын ашу, жүректеріне сенім ұялату. Олардың тұлғалық дамуына үлес қосып, өмірден өз орындарын табуына ықпал ету.

«BI Жұлдызай» фестивалі 14 жылдық тарихында талай балаға жол ашып, өмірдегі өз жолын табуға көмектесті. Бұл сәйкесінше, балалар денсаулығын жақсарту мен оңалтуға оң әсерін тигізуде. Атап айтқанда, 2018 жылы фестивалге 50 бала қатысып, 10 бала ән-би номинациясында облыстық іріктеу кезеңіне өтіп жеңімпаз атанған болатын. Биылғы жылы -94 оқушы  қатысысып бақ сынасты.  Барлық қатысушы оқушылар қалалық білім бөлімінің алғыс хаты, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.