Home » Балабақша » Халықаралық байқау жеңімпаздары!

Халықаралық байқау жеңімпаздары!

Әр кәсіптің өз жемісі бар. Біздің жемісіміз – алдымыздағы шәкірттер. Олар – біздің бүкіл ұстаздық өміріміздің гүлі, мәні мен сәні десек артық айтпағандық болар. Қазақта «Ана мейірі мен ұстаз мейірі егіз»деген тамаша мәтел бар. Халық айтса қалт айтпайды. Мейірімін ана мейірімен теңестірген ұстаздың бойында қандай қасиеттер болу керек. Тәрбиешілер мейірбан адамдар,балаларды қаз — қалпында сүйеді, шолжаңды да, тіл алғышты да, ақылдыны да, жалқауды да бірдей жақсы көреді. Өзінің жан — шуағын балаларға алаламай тең үлестіреді. Балаға деген мейрімділігі мен махаббаты педагогикалық қызметінің ең басты дәлелі.
Сондай-ақ  тәрбиешілер,өз еңбегінің жемісін балабақша ішілік іс-шаралар мен қоса қалалық,республикалық,халықаралық іс-шараларға атсалысып,тәрбиеленушілерінің жетістіктеріне қарай бағалауда. Атап айтсақ, 2019жылдың 7-ші сәуірінде  өткен ІІІ-ші халықаралық балалар мен жасөспірімдер мен ересектерге арналған «Живи танцуя»би чемпионатына қатысқан «Құлыншақ» тобының  өнерлі биші қыздар І-ші орынды иеленсе, cол күнде өткен «Гүлдер ханшайымы» атты V-ші Республикалық сұлулық пен өнер байқауына Сасембай Інжу қатысып «Алтын дауысты Ханшайым-2019»атты жүлдесімен марапатталды. Ел ертеңі-білімді жастар демекші,біздің алар асуларымыз әлі алда.Тұңғыш Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек ет­іп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс­тазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады.

 

Бекбаева Гульмира Шайкеновна,
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
№ 60 «Арай» балабақшасының тәрбиешісі

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.