Home » Мақалалар » Функционалдық сауаттылықты арттырудағы мұғалімнің алатын орны

Функционалдық сауаттылықты арттырудағы мұғалімнің алатын орны

 «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз

көтеріп отырғанда ғана мұғалім.

Оқуды, ізденуді тоқтатысымен

оның мұғалімділігі де жойылады»

К.Д. Ушинский

Мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ барысында оқушыларға терең де, тиянақты теориялық және тәжірибелік білім беру. Келешек елдің тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпаққа білім мен тәлім-тәрбие беру ұстаз алдындағы ең ауыр міндеттің бірі. Бүгінгі жаңа ғасырдың жаңашыл шәкірттерін тәрбиелеуде, мұғалім үздіксіз ізденіп, кез-келген тосын сұраққа жауап бере алатын, кез-келген жағдайдан шыға алатын, білімдар болу қажет.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2012-жылғы 27-қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету болып отыр.

Функционалды сауатты адам қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ахуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзіреттіліктерді меңгерген адам болып табылады. Жаратылыстану білімі ерекше және өзекті маңызға ие, ол оқушылардың бойында табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы ұғым қалыптастырады, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашады, оқушылардың табиғат әлемімен қатар өзгермелі әлемде өз орнын табуларына жағдай жасауға бағытталған және олардың дүниетанымдық, мәдениетті тану және тәжірибеге бағытталған сипатын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту негізінде сыни ойлау қабілеттерін дамытады, құндылықты және тұлғалық сапалар жүйесін тәрбиелейді. Оқушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып табылады.

  • Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану процестері мен құбылыстарын суреттеу, түсіндіру және болжау білігін дамыту;
  • Оқушылардың дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру білім-білігін арттыру;
  • Оқушылардың зерттеу әдістерін түсінуі, ғылыми әдістердің көмегімен шешілетін сұрақтар мен мәселелерді анықтауды дамытуға қажетті жағдайлар жасау.

Мұғаліммен жұмысты талқылау, талдау және шешімдерді алдын-ала қарастыру барысында оқушылардың өздерінің оқу процесін жеткілікті деңгейде түсінулеріне, сонымен қатар білімді бағалау, түсіндіру және тануларына көмек көрсету ұсынылады.

Қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау білік, дағдыларын меңгерту мақсаттары көзделгенде ғана оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға болады.

Білім алудағы оқушы әрекеті:

— Ақпаратпен танысу. Оқу барысында алынған ақпаратқа да, оқулықтар, энциклопедиялар немесе сайттар, дереккөздерден жинақталған ақпаратты қолдану.

— Болжамды анықтау. Дәлелдемелердің анықтығын және дәйектілігін, сонымен қатар дәлелдер, пікірлер мен зерттеудің нақтылығын.

— Ақпаратты талдау. Тақырыптың негізгі компоненттері, ауызша дәлелдердің біріктірілуі және өзара байланыс принциптерін.

— Салыстыру және зерттеу. Жеке компоненттер арасындағы ұқсастықты және айырмашылықты.

— Жинақтау. Түрлі ақпарат көздерін, дәлелдерді немесе идеяларды біріктіру.Түрлі ақпарат көздері арасындағы байланысты табады.

— Дәлелдеу. Тұжырымдалған шешімдердің өзектілігі мен маңыздылығын.

-Қолдану. Сұрақтардың жауаптарын түсіндіру.

Биология пәнін оқытудың ең маңызды мақсаттарының бірі – практикалық мүмкіндіктерін ашу. Ол үшін күнделікті оқыту үдерісінде биология пәнінен берілетін теориялық білімді өмірдегі жағдайлармен байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру керек. Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір сабақ бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Сондай-ақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті.

Оқушы бойында функционалдық сауаттылық дағдыларды қалыптастыруда басшылыққа алатын сапалар:

-белсенділік;

-шығармашылық тұрғыда ойлау;

-шешім қабылдай алу;

-өз кәсібін дұрыс таңдай алу;

-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың үйлесімді жолы. Оны дамытудың негіздері:

  1. бақылаған нәрселерін салыстыру арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын айқындай білу;
  2. Нәрсені ой жүзінде жеке бөліктерге жіктеу, оларды қайтадан біріктіру арқылы нәрсенің тұтас күшін және жеке бөліктерінің арасындағы байланысты танып білу;
  3. Нәрселердің елеулі қасиеттерін елеусіздерінен ажыратып, бөле білу;
  4. Бақылаулардан және жеке деректерден тиісті қорытынды жасап, дұрыстығын тексере білу;
  5. Өз ойының дұрыстығын дәлелдеп, жалған болжамдарды теріске шығара білу;
  6. Өз ойын анық, жүйелі және нанымды баяндауға үйрету.

Іс-әрекеттер маңыздылығы мен құрылымына байланысты сатылай жіктеледі:

мақсат қою; мақсатқа жету жолдарын ашу; қажеттілікті анықтау; нәтижесін шығару және қолдану.

Қорыта айтқанда, функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың басты міндеті — оқушылардың теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолдануымен қатар тәуелсіз еліміздің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға үлестерін қосу болып табылады. Осы ретте, жаратылыстану бағытындағы пәндерін дұрыс жүргізе білудің маңызы өте зор. Оқушылардың функционалдық дағдылары мектеп қабырғасында қалыптасады. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендіру маңызды.

Абильмажинова Алия Каирнасовна

Солтүстік Қазақстан облысы,

Қызылжар ауданы,

«Петерфельд орта мектебі » КММ

химия және биология пәндерінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.