2017 жылдың 29 маусымында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының СҚО бойынша ПҚ БАИ» жоспардағы кезекті Ғылыми кеңес отырысы өтті.
Ғылыми кеңес отырысы аясында аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттердің меңгерушілеріне ФАО «Өрлеу «БАҰО «СҚО бойынша ПҚ БАИ» жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстық дайындықтан өткен мұғалімдердің жиынтықты бағалау бойынша ұсынымдарын және қалыптастырушы бағалау жинақтарын тапсыру жүзеге асырылды.
Құрамына облыстың білім беру ұйымдарының директорлары, қалалық және аудандық әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері, филиал кафедрасының меңгерушілері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары кірді.
Күн тәртібіне келесі сұрақтар кірді:
- Сертификатталған мұғалімдердің кәсіби дамуын ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуінің тиімділігі
Калиева Т.К.,
Деңгейлік бағдарламалар орталығының жетекшісі
- «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО бойынша ПҚ БАИ» академиялық бөлімнің мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша негізгі бағыттарының өзара әрекеттесуі
Мұрзабаева А.С., академиялық бөлімнің бастығы
- «Өзін-өзі тану» мұғалімдері шығармашылық бірлестігінің есебі
Даулетова Д.О., «Өзін-өзі тану» пәнінің тренері
- Ғылыми-зерттеу қызметі бойынша зерттеушілік топ жетекшілерінің есебі
Альмагамбетова Л.С., «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру»
кафедрасының меңгерушісі
- 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ауд (қал) ӘК тиімді қызметінің сараптама нәтижесі
Пшенова Т.Н., инновациялық дамуды әдістемелік
қамтамасыз ету бөлімнің бастығы
Әр-түрлі:
- «Өрлеу «БАҰО АҚФ СҚО бойынша ПҚ БАИ орта білім беру мазмұнын жаңарту бойынша курстық дайындықтан өткен мұғалімдер үшін формативті және суммативті бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен жинақтарды қалалық (аудандық) ӘК меңгерушілеріне тапсыру. (осыған орай АӘК меңгерушілеріне келу міндетті).
Калиева Т.К., деңгейлік бағдарламалар Орталығының жетекшісі, туралы әңгімеледі курстан кейінгі кезеңде сертификатталған облысы мұғалімдермен тиімді жұмыстары туралы мәлімдеді, оған — семинарлар, практикумдар, тренингтер, іскерлік ойындар, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар, мастер-кластар кіреді .Деңгейлік бағдарламалар Орталығының тренерлері педагогтармен интерактивтік режимде желілік өзара іс-қимыл, электрондық пошта, Skype, WhatsApp, әр түрлі web-сайттар арқылы байланысты қолданады. Мұндай өзара байланыс сертификатталған мұғалімдердің негізгі құзыреттілігін жетілдіруге ықпал етеді және тәжірибе алмасып бірлескен кәсіби міндеттерді шешу үшін қосымша мүмкіндіктер береді.
Мұрзабаева А.С. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО бойынша ПҚ БАИ» академиялық бөлімнің мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша негізгі бағыттарының өзара әрекеттесуі жайлы баяндап берді. Осы жұмыс қосымша білім беру ұйымдарының қызметінің нормативтік-құқықтық құжаттар шеңберінде құрылады. Айжан Сарқытқызы, ауд (қал) ӘК меңгерушілерге жаңартылған білім беру мазмұнының курсына педагогтерді сапалы іріктеуді күшейтуге жауапкершілікті арттыруды назарға салды.
Дәулетова Д.О., деңгейлік бағдарламалар Орталығының тренері, бірыңғай білім беру кеңістігіне «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялау жөніндегі жұмысты жандандырудың негізгі тәсілдерін енгізу туралы әңгімеледі және өзін-өзі тану мұғалімдері бірлестігінің шығармашылық есебін ұсынды
Альмагамбетова Л.С., «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі, 2017 жылдың 1 жарты жылдығындағы ғылыми-зерттеу қызметі бойынша бірінші зерттеушілік топтың есебі ұсынды. Өз есебінде зерттеушілік топтың сапалық-сандық құрамы жайында статистикалық мәліметтерді келтірді.Ғылыми-зерттеу жұмысы 3 кезеңнен тұрады: диагностикалық-болжамдық, тәжірибелік-практикалық, қорытындылау.
Лейла Сериковна, өз сөзінде ЖТС ұйымдастыру кезінде білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің озық тәжірибелерін жинақтаудың нысаны ретінде, мектепке дейінгі, бастауыш және қосымша білім беру педагогтеріне ғылыми-әдістемелік материалдарды рецензиялау арқылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жүйелі-бейімделген іс-тәжірибесін тарату мақсатында ғылыми-әдістемелік көмек көрсетілді — деп атап өтті.
Пшенова Т.Н., инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімнің бастығы, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында шарттық кысқа мерзімді курстар, жаңартылған білім беру мазмұнының курстары, семинарлар, байқаулар, олимпиадалар, «Білім берудегі балалар — балаларға білім беру» облыстық электронды газеті мен «Педагогикалық ізденіс» облыстық ғылыми-әдістемелік журналдағы басылымдар саны, эксперттік кеңеске ұсынылған әдістемелік әдебиеттер бойынша ауд (қал) ӘК тиімді қызметінің сараптама нәтижесін ұсынды.
2017 жылдың 1-ші жарты жылдығының қорытындысы бойынша аудан педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту бойынша оқу-әдістемелік жұмыс жүргізгені және сапалы ұйымдастырғаны үшін аудандық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері сертификаттармен марапатталды (3-ші орын – Айыртау ауданының ӘК, 2-ші орын – Жамбыл ауданының ӘК, 1-ші орын — Мамлют ауданының ӘК).
Отырыстың материалдарымен филиал сайтының «Институт қызметі – филиадың ғылыми кеңесі» бөліміндегі «Ғылыми кеңесінен хабар» бөлімшесінен немесе сілтеме бойынша қарауға болады
Тайланова А.С.,
баспа қызметі және қоғаммен байланыс
бөлімінің жетекші маманы