«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш
нәрсе үйретпеймін, тек қана олардың
оқуы үшін жағдай жасаймын»
Альберт Эйнштейн
Жақсылыққа бастаудың бірден-бір жолы – оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ.
Қазіргі оқытушылардың алдында тұрған басты міндет – студенттердің шығармашылық білімін дағдыларын қалыптастыру. Соның ішінде физика пәнін игеруде, тек кітап материалын оқу ғана емес, студенттер заңдарды білуі тиіс. Студенттерге нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері маңызды практикалық есептерді шешуге қажет екендігін түсіндіру керек. Студенттердің білімінің өмірлік маңызын түсіндіру, теория мен практикамен тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады. Студенттердің білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігін арттыруна білім сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінуін қалыптастыруына мүмкіндік береді, жалпы оқу процесінің денгейі көтеріледі. Білім берудің құрылысын, студенттер оқытушы қойған мақсаттары түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және студент оқытушының қойған мақсатты белсенді жүзеге асыруы тиіс. Студенттердің білімге деген ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолдын бірі сабақтарда – ойын түрлерін қолдану. Ойын – арқылы студент білімін толық жеткізуге және студенттердің өздерін жұмыстандыруға, өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, ойын тұжырымдату, өз пікірін еркін айтуға үйретеді. Ойынды топтастырып яғни топтарға бөлу арқылы ойнатқан ойындарда студенттер бір-бірімен ақылдаса отырып шешім қабылдауға және басқа топтардан озуға тырысады, білімдерін көрсетуге тырысады. Студенттер бір-бірімен өз ойларын ортаға салады, негіздейді, есеп жауаптарын бірге шешеді, тексереді, қателерін түзейді т.с.с. Мұндай жағдайда, сөйлемейтін тұйық студентердің өзі де сөйлеп араласып, білімдері төмен студенттердің алға ұмтылуына мүмкіндік береді.
Физика сабағында ойынды ұйымдастыруда студенттер бір-біріне көмектесетіндей жағдай жасау керек. Әсіресе топқа бөлген кезде бұны ескеру міндетті. Мұндай сабақтардың өткізуі нәтижесінде студентер бір-бірімен сөйлесу мәдениеті, жауапкершілігі, топпен жұмыс жасау қасиеттері қалыптасады. Атақты француз ғалымы Луй де Брайль былай деген: «Ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі. Екі жағдайда да ең бастысы қойылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалық ашу қуаныш. Міне сондықтан да бар адамдарды жасына қарамастан, ойын өзіне тартып тұрады».
Сондықтан да, оқытушының ең басты мақсаты – ойынның мақсатын ескере отырып физика сабағында және сабақтан тыс шараларға орынды қолдана білу. Ойын идеясын және оның элементтерін негізінен оқытушы ойлап табады. Физика пәнінде ең жақсы ойынды ойлап табуды, топтарға немесе топтағы студенттерге жүктеуге болады. Студенттердің ойынды ойлап табуы өте пайдалы, ойынды құру үшін алдымен тақырыпты толықтай оқып және оған түсіну қажет болады. Сондықтан, оқытушы осы ойынды құрған оқушының еңбегін бағалауға тиіс және марапаттау әдісін қолдануға болады.
Оқытушы әр сабағанда ойын элементтерін қолданса, материалды қызықты жеткізсе студенттердің білімге деген және сол пәнге деген құштарлығы артар еді.
Усенова Набат Сейдуллаевна
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
«Болашақ» колледжі