Home » Ашық сабақтар » Физиканы оқытуда эксперименттік жұмыстар арқылы оқушылардың логикалық ойлауларын дамыту әдістері

Физиканы оқытуда эксперименттік жұмыстар арқылы оқушылардың логикалық ойлауларын дамыту әдістері

Мектептегі физика курсы бойынша эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру – бұл физика ғылымының негізі болып табылып, ғылыми зерттеу әдісінің көрінісі ретінде айқындалады. Физикалық экспериментік жұмыстарды ұйымдастыруды негізге алып, құбылыстарды оқып үйрену – оқушылардың ғылыми көзқарасының қалыптасуын, физикалық заңдарды неғұрлым тереңірек меңгеруін, мектеп оқушыларының пәнді оқып-үйренуде қызығушылығын арттыруға, құбылыстарды көрнекілеуге және өлшеу икемділіктері мен дағдыларын меңгеруге септігін тигізеді.
Жаңа материалды түсіндіруде фронталь тәжірибелер мен эвристикалық қойылған лабораториялық жұмыстарды қолданған әдістемелік тиімді болады. Фронталь тәжірибелер-мұғалімнің басқаруымен барлық оқушы бір уақытта орындайтын қысқа уақытты фронталь лабораториялық жұмыстар. Бұл жұмыстар әдетте орындалу техникасы бойынша қарапайым болады. Оларды демонстрациялық эксперименттерді қою қиындығы туындаған кезде қолдану қажет.
Фронталь тәжірибелер оқушыларды құбылысты бақылауға және талдауға үйретеді, ойлауының дамуына мүмкіндік жасайды. Ойлау іс-әрекетін белсендендіруге қарастырып отырған мәселенің мәнді жақтарына назар аударатын сұрақтардың қойылуымен қол жеткізіледі.
Оқушылардың ойлауын дамыту және олардың танымдық өз бетіншелігін дамыту мақсатында фронталь тәжірбиелерді қолданумен қатар фронталь лабораториялық жұмыстарды эвристикалық өткізу әдісін кеңінен қолдану керек. Фронталь лабараториялық жұмыстарды эвристикалық орындау тәсілін сәйкес материалды оқып үйренгенге дейін өткізген дұрыс.
Оқыту тәжірибелері көрсеткендей VII-VIII сыныптағы көптеген фронтальды лабораториялық жұмыстарды эвристикалық тәсілмен қоюға болады. Мұндай жұмысқа VII сыныптағы мынадай жұмыстар мысал бола алады: серіппені градуирлеу және күшті диномометрмен өлшеу, сырғанау үйкеліс күшін өлшеу және оны дененің салмағымен салыстыру, рычагтың тепе-теңдік шартын түсіндіру. Ал VIII сыныпта: температуралары әр түрлі суларды араластырған кезде жылу мөлшерін салыстыру, кристалл денелердің балқу мен қату процесін бақылау, тізбектей жалғанған электр тізбегінің әр түрлі бөліктеріндегі ток күшін өлшеу, тізбектің әр түрлі бөліктеріндегі кернеуді өлшеу, тізбектей жалғанған өткізгіштерді оқып үйрену, параллель жалғанған өткізгіштерді оқып үйрену.
Соның ішінде мысалы, “Өткізгіштерді параллель жалғауды оқып үйрену”– бойынша лабораториялық жұмысты өткізуді осыған ұқсас ұйымдастыруға болады.
Мынадай мәселе қойылады: кедергілері R1 және R2 екі өтгізгіш параллель жалғанған. Тәжірибенің негізінде келесі сұрақтарға жауап беру талап етіледі: Бұл тізбектегі және оның жеке бөліктеріндегі кернеу неге тең? Тізбектің кедергісі неге тең? Тізбектегі және оның жеке бөліктеріндегі ток күші неге тең?
Дәптерге зерттеу тақырыбы жазылады; оқушыларға қажетті құрал жабдықтар таратылады.
Бірінші сұраққа жауап беру үшін оқушыларға 2–суреттегідей схема бойынша тізбек жинап, реостаттың көмегімен тізбектің тармақталмаған, бөлігіндегі ток күшін 0,6 А–ге келтіріп, оның жеке бөліктердегі және тармақтардағы кернеуді өлшеу ұсынылады. (Оқушыларға кілтті тек өлшеулер жүргізген кезде ғана қосу керек екендігін ескерту қажет. Әйтпесе өткізгіштер қызады да, құралдардың көрсетуі өзгеріп кетеді).
2-сурет

Одан кейін сол өлшеулерді ток күшін 1,2А-ге келтіріп жүргізу керек.Орындалған өлшеулердің негізінде қорытынды жасалады (Uж=U1=U2).

Ары қарай оқушыларға Ом заңының негізінде параллель жалғанған кедергілерден тұратын бүкіл тізбектегі кедергіні есептеу ұсынылады:

 

Әдетте жалпы кедергі мен тізбектің жеке бөлігіндегі кедергілер арасындағы байланысыты оқушылар қиналады. Сондықтан оларға екі өткізгіштің кедергілерінің кері шамаларын қосуды тексеруді ұсыну қажет.

( ). Одан кейін оқушылар мына қорытындыға оңай келеді.

Жалпы тізбектегі ток күші мен тізбектің тармақталған бөліктеріндегі ток күштерінің арасындағы байланысты оңай табады, егер ток судың ағысы сияқты деп сілтеп жіберсе (Іж=I1+I2).

Келесі эксперимент айтылған гипотезаларды тексеруге бағытталады. Амперметрлерді тармақталған тізбектің әрбір бөлігіне кезекпен жалғап, оқушылар шынында да,

Іж=I1+I2

екендігіне көздері жетеді.

Алынған нәтижелерді талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: немесе .

Осымен параллель тізбекті зерттеу аяқталады.

Мұндай әдіспен лабараториялық жұмыстарды тек оқушылардың құралдармен жұмыс істеу дағдысы болған жағдайда ғана өткізуге болады.Ал бұл дағды оларда бірінші жұмысты орындағанда қалыптасады (электр тізбегін жинау, амперметрмен ток күшін өлшеу, тізбектің жеке бөліктеріндегі кернеуді вольтметрмен өлшеу). Бұл лабараториялық жұмыстарды орындауға оқушыларды дайындауға алдын ала иллюстративті таратпа материалдарды қолдану үлкен көмек береді.

Эвристикалық қойылған фронталь лабораториялық жұмыс оқушылардың танымдық өз бетіншілігін дамытады, оларды экспериментальдық зерттеулердің мәнімен таныстырады, оқып үйренетін материалын ойлауға және меңгеру беріктігіне мүмкіндік жасайды. Мұндай лабораториялық жұмыстар фронталь тәжірбиелерімен қатар мектеп практикасында кеңінен қолданылуы керек, әсіресе физиканы оқудың бірінші басқышында. Ары қарай оқушылардың өзбетіншелігі жұмыстарды орындауда жоғарылауы керек, яғни жұмысты орындау жоспары ұжыммен талқыланғаннан соң оқушылар эксперименталдық тапсырманы мұғалімнің сәйкес нұсқауынсыз өз беттерінше орындауы қажет. Мұндай жағдайда эксперимент нәтижесін талқылау кезеңі мен жүргізілмейді, жұмысты толық орындап болған соң жасалады. Кейде негізігі қорытындыны оқушылар ұжымдық талқылауға дейін өзбетінше жасап қояды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Жүсіпқалиева Ғ.Қ., Джумашева А.А., Құбаева Б.С.Оқу құралы/ Жүсіпқалиева Ғ.Қ., Джумашева А.А., Құбаева Б.С./ — Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ редакциялық баспа орталығы, 2012. -195б.
  2. Мектепте физика курсын оқытудың теориясы мен әдістемесі:
  3. А.А. Марголис, Н. Е. Парфентьева, Л.А. Иванова «Практикум по школьному физическому эксперименту», Москва, 1977г.
  4. Физика және астрономия журналдары
  5. А.Қ.Ершина, Н.А.Сәндібаева «Оқу эксеприментін ұйымдастыру және зертханалық жұмыстар» Алматы 2010 ж.

            Алтунбекова Айсулу Абилхаирқызы,
    Гуманитарлық агроэкономикалық колледжі,
    ОҚО Сайрам ауд, Ақсукент ауылы,
    Физика пәнінің оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.