«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» — деп, Елбасымыз өз жолдауында айтып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақпаратты техногиялармен қамтамасыз етуде. Ақпараттық технологиялардың білім берудегі пайдасы атап өтер болсақ, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану, түрлі жүйелерге ену арқылы өз бетімен іздену, сұраныс бойынша ақпарат алу, интернет тарапында берілген тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, ақпаратты кез-келген арақашықтықта тез арада жеткізу, өзі оқып отырған тілде электронды пошта арқылы хат алмасу, ақпараттың қажетті түпнұсқасына қосылу, т.б. Осы интернет ақпараттарын пайдалана отырып оқушы кез-келген оқу үдерісіне қатысты ақпаратты жинап ала алады және үнемі іздену үстінде болады. Интернет арқылы ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдана отырып, оларды оқу үрдісіне енгізіп, сәйкес дидактикалық түсініктемелер беру арқылы дидактикалық мәселелердің келесі жолдарын тиімді шешуге болады. Мектепте физика пәнінен білім берудің маңыздылығы физика ғылымының қоғам өміріндегі өзіндік орнымен және оның ғылыми – техникалық үдерістің даму қарқынына тигізетін ықпалымен анықталады. Сонымен қатар, физикалық теориялардың сабақтастығы туралы түсініктерді, физиканың дамуында теория мен тәжірибенің байланысын, іс- тәжірибенің танымдық маңызын қалыптастыру; табиғатты танып-білудің ғылыми әдістерін меңгеру бақылау, талдау және оның қорытындысын тұжырымдау, адамның іс-әрекет тәжірибесінде физика заңдарын қолдану, оларды ғылыми–техникалық үдерісті жеделдету ықпалымен таныстыру және экологиялық мәселелерді шешу, қазіргі өмірдегі экологиялық, саяси, ұлтаралық және басқа өзекті проблемаларға бағдарлана білуге үйрету, рухани құндылықтар әлемінде бағдарлана білуге үйрету, т.б. кеңінен қамтуға болады. Үш тілде оқытуда әрбір сабақтың соңында үй тапсырмасы ретінде бірнеше сөздіктер жазып келу тапсырылады.
Мысалы:
кернеу-напряжение-voltage
ток күші-сила тока-amperage
қозғалыс- движения-movement
күш-сила-power
үдеу-ускорение-acceleration
жылдамдық- скорость-speed
жол-путь- path
Күрделілік дәрежесі жағынан түрлі материалдарды оқу дағдылары мен біліктерін қалыптастыру, интернеттен алынған материалды талдау негізінде ауызша сөз іскерліктерін жетілдіру, жазбаша серіктеріне хат жазу, жауап жазу, баяндама, реферат т.б. жазба жұмыстарын дайындау арқылы жазбаша тіл білігін арттыру, өзі оқып отырған тіл елінің тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрлері, экономикалық даму ерекшеліктерін қамтитын танымдық білімдерін кеңейту. Яғни, ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор. Өйткені ол оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Бұл баланың ой өрісін кеңейтіп қана қоймайды, білім деңгейін көтеруге үлкен үлесін қосады. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек. Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді. Сонымен сөзімді қорытар болсам, сабақ барысында мынадай талаптар басшылыққа алынуы қажет:
- Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.
- Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.
- Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек.
- Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.
- Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.
Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу–оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп жан–жақты білім алуына көмектеседі.
Реформаны жүзеге асыру әрбір ұстаздың басты міндеті. Сондай міндеттердің бірі ретінде топтық оқыту әдістемесі негізінде кіріктірілген білім беру бағдарламасының үштілдік саясатының мақсатын жүзеге асыру болатын.
Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер! Тәрбие үш нәрсені қажет етеді — ол қабілет, білім, тәжірибе екенін ескере отырып қиын да қызықты жұмысымызда Тәуелсіз еліміздің жарқын ертеңі үшін Рухы биік, саналы, білімді азаматтар тәрбиелей берейік.
Бекмұхаметова Гүлзина
«Қызылордаоблыстық білім басқармасының
Еркін Әуелбеков атындағы №4 облыстық дарынды
балаларға арналған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі»,
физика пәнінің мұғалімі
Қызылорда қаласы