Home » Ашық сабақтар » Фастфудтың зияны

Фастфудтың зияны

Бөлім атауы: Денсаулық – зор байлық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары     5.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру; 5.5.1.1 — мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу; 5.2.6.1 — тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау.

Сабақтың мақсаттары Барлығы: аудиовизуалды ақпаратты түсіне алады; Көбі: аудиовизуалды ақпарат бойынша сұрақтарға жауап бере алады;

Кейбірі: аудиовизуалды ақпаратты талдап, қорытынды шешімге келе алады.

Тілдік дағдылар      Пәнге тән лексика мен терминология: қауіп, сапа, құндылық,семіздік.  Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: тағамның сапасы, зиянды тағам, шикі картоп, күрт семіру. Талқылауға арналған сұрақтар: «Фастфуд» өнімдерінің адам ағзасына әсері қандай?

Құндылықтарды дарыту Құрметтеу: өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, қазақтың ұлттық тағамдарына деген құрметін арттыру; тәрбие: «Ас – адамның арқауы» деген түсінік қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс: Биология

АКТ-ны қолдану, Аудиовизуалды ақпарат, интербелсенді тақта

Бастапқы білімі; Ас атасы – нан

Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері   Ресурстар

Сабақтың басы (5 минут)    Мұғалім «жүректен жүрекке» тренингі құрғызып, ынтымақтастық­атмосферасын орнату үшін оқушыларға бір-біріне жақсы тілектер айтқызады, сәттілік тілейді.

Үй жұмысы тексеру. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

І. Қызығушылықты ояту. Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан слайдтарды көрсетеді.

Ой шақыру сұрақтарын қояды: -Дұрыс тамақтанасыңдар ма?

— Тамақтану ережелерін білесіңдер ме?

ІІ. Мағынаны тану.   1. Сөздікпен жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадан жаңа сөздермен таңыстырады, оқытады, қайталатады. Сөйлемдер құрастырады.

Мәтіналды жұмыс. 1-тапсырма. Интерактивті тақтадан тағамдардың түрлері көрсетіліп, олардың пайдасы мен зияны туралы сұрақтарға жауап берді.

Сабақтың ортасы (19 минут)

(10 минут)

Аудиовизуалды тыңдалым.

Фастфуд — өте тез әрі кең қолданылатын тағамдардың бірі. «Фастфуд» термині тағам деген мағынада қолданылады және бұл тағам тез дайындалады, ал бұл тұтынушыға өте қолайлы.1920 жылдары ең бірінші фастфуд тағамы Америкада қолданысқа ие болды. 1921 жылы Канзаста White Castle атты компания ашылып, алғашқылардың бірі болып гамбургер дайындаған еді. Бұл компания келушілерді гамбургердің бағасының тұрақтылығымен жаулап алды, бірақ тағамның сапасымен құндылығы жөнінде компания басшысы Билли Инграма ойламады. Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторандарға жол тартты. Солтүстік Кореяда Кока-Кола мен Пепси-Кола сатылымда жоқтың қасы. Фри картофельдерінің көпшілік арасында кең етек жайғаны соншалық, оның сатылымының көлемі шикі картоптардан да асып түсті. Фаст-фуд тағамдарының кең етек алуы америкалықтардың күрт семіруіне әкелді. Америка ауруларды бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың америкалық өледі екен.Тамақты үйде дұрыстап дайындауға мүмкіндігіміз болмағанда, ол бізге қолайлы, тиімді тамақ ретінде көмекке келеді. Ол қымбат емес, бірақ өте қауіпті. Денсаулығымыздың қауіпті жауы әрқашанда жаныңнан табылады, ол есірткі сияқты, қарның аш болғанда қолың өзі тартылып тұрады. Көбі фастфудтардың зиянды екенін түсінеді.

Мәтінмен жұмыс.

«Поп- корн» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді.

  • Фастфуд қандай тағам?
  • Қай жылдары фастфуд тағамы, қайда қолданысқа ие болды?
  • Гамбургер қашан дайындала басталды?
  • Компания басшысы кім болды?
  • Фастфуд тағамдарына кімдердге қолжетімді болды?
  • Фастфуд несімен адамдарды баурап алды?
  • Фастфуд тағамдары қандай зиян әкелді?
  • Қандай пайдасы бар еді?

Айтылым.

«Сен маған, мен саған» әдісі арқылы топтар бір-біріне мәтін бойынша сұрақ қояды (доп лақтыру арқылы).

Тілдік бағдар (аудиовизуалдық тыңдайды).

Жазылым. Тыңдалған мәтіннен жалпы және жалқы есімдерді есте сақтап жазады.

Венн диаграммасы. «Фастфудтың пайдасы мен зияны» жасайды.

Қалыптастырушы бағалау.

Топқа бөлу. (Сурет арқылы топқа бөлу.)

1-топ                          2-топ                  3-топ

Әр топ фастфудтың пайдасы мен зиянын әңгімелейді.

Ой толғаныс.

Жұптық жұмыс. Дұрыс тамақтану ережесін құрастырады.

Бекіту. Әр топ өз пікірлерін «Фастфуд тағамдары» туралы ортаға салады.

Бағалау. Формативті бағалау. Оқушылар «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір- бірін бағалайды.

Қорытынды бағаны мұғалім қояды.

Үйге тапсырма. 7-тапсырма.

Рефлексия. Оқушылар параққа сабақтан алған әсерін сурет арқылы көрсетеді.

 

 Оразаева Қ.К.
«№5 мектеп- гимназия» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.