Home » Ашық сабақтар » Фариза Оңғарсынова «Жылу»

Фариза Оңғарсынова «Жылу»

Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру. Оқушылардың анасына деген сүйіспеншіліктерін өз сөздерімен жеткізе білуге үйрету, өлеңді жаттай білуге дағдыландыру.
  2. Баланың анаға деген құрметін арттыру. Сөздік қорларын, тіл байлығын, шығармашылығын дамыту.
  3. Анаға сый-құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ — жауап, топтық жұмыс, түсіндіру, мәнерлеп оқу, жалғастыра оқу, шығармашылық жұмыс, модель қорғау.

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу, дүниетану, музыка.

Көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреті, интерактивті тақта, суреттер, «Ана» моделі.

                                           Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:

Қол ұстасып бәріміз

Жылылықты сезейік.

Күндей болып әрқашан,

Күлімсіреп жүрейік.

ІІ. Топтастыру. Түстер қиындылары арқылы топтасу

1 топ: Әлжан (Нұрсұлтан Назарбаевтың анасы)

2 топ: Ұлжан (Абай Құнанбаевтың анасы)

3 топ: Жібек (Мейрамбек Беспаевтың анасы)

4 топ: Әмина (Әмина Өмірзақова)

Үй тапсырмасын сұрау

«Кубизм» стратегиясы бойынша:
1. Қабуснама деген не? Қайқаус кім?
2. «Ата-ананы құрметтеу туралы» мәтінінің бөліктерінің шегін тауып оқу.
3. Үйге берілген «Ата-ананы құрметтеу» тақырыбына жазған
шығармаларын оқу.

4.«Ана» туралы ақындардың өлеңінен үзінді келтіріңдер.

Суреттерге жауап берген сайын «Ана» портретінің қиындылары ілінеді.

«Ана» сөзін үш тілде айту. Ана – мама – mother.
— Міне, өздеріңнің ата-аналарыңа деген ізет, құрметтеріңнің қандай екенін жазған шығармаларыңнан білдік. Әрдайым ата — анаңды құрметтесең, олардың да ізгі тілектері қабыл болғаны.
— Ата-ана туралы бабаларымыздың даналық сөздері бар.

III. Жаңа сабақ.
1. Құт берекең – атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат

Асқар тауың – әкең қымбат.

— Бұл даналық сөзді жазған адамның кім екенін білеміз бе? (Қазыбек би).

— Жүректеріңнен шыққан жылы сөздерің, мейірімділік, жанашырлық сезімдерің кімге арналады?

2.Балалар, кімнің суретін көріп отырмыз? (Фариза Оңғарсынованың суреті көрсетіледі).

— Фариза Оңғарсынованың қандай өлеңін білеміз? («Білім керек бәріне»).
Фариза Оңғарсынова. «Жылу» өлеңі.

  1. Фариза Оңғарсынова Атырау облысында Новобогат ауданында дүниеге келген. Атырау педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген, көрнекті ақын, жазушы (мәлімет беру).
    4. Өлеңді мәнерлеп оқу.
    5. Өлеңді талдау. (Сұрақ — жауап).
    Өлең кім туралы айтылған?
    Ана құшағы
    Ана жанары
    Ана сүті
    Ана жылуы
    6. Жалғастыра оқу.
    (Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап, тізбектей)
    7. Сөздік жұмыс. (Дәптерге жазу).
    Өң — бет, ажар, түс.
    Жалғанда – дүниеде.
    Ғұмыр — өмір.

    8. Суретпен жұмыс. (Сұрақ — жауап).
    Күн, Ана

 

     

Күн жер бетін жылытады, ал ана үйді жылытады.
(Суреттегі байланысты анықтау).
— Берілген суреттер арасында қандай байланыс бар?
— Ақын ананы не үшін күнге ұқсатады?
— Ана мейірімі туралы не дейсің?
— Ана сүті туралы ше?
— Ананың алақаны қандай?
9. Сергіту сәті
— Ана менен баланың айырмасы,
Ана – ән, бала оның қайырмасы,- деген тамаша сөз бар. «Қос бәйтерегім» әнін тыңдап бойымызды сергітіп алайық.
10. Топтық жұмыс
1 тапсырма. «Даналық сөзден дән ізде» демекші, ана туралы мақал-мәтелдер. (Ана туралы мақал-мәтелдер жазу.)

2 тапсырма . «Өлең ұйқастыру» стратегиясы
———————————— сыйлаймын,
———————————— тыңдаймын.
———————————— аламын,
———————————— баламын.
3 тапсырма. Өлең жолынан есте қалған сөздерді дәптерге жазу.

Жер бетінің ғұмыры,

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы,

Анамыздан тарайды.
4 тапсырма.
Постер қорғау

«Ана» дегеніміз кім? Ол қандай адам?

Асыл жан, мейірімді, шуақ төгеді, сұлу, тілекші, қамқор, пана, ақ сүт берген, отбасының жылуы, сезімтал.

ІV. Қорытынды.

  1. Топтастыру
  2.  Үйге тапсырма:
    «Жылу» өлеңін жаттау, талдау. Ана туралы шағын шығарма жазу.
  3. Оқушылар білімін бағалау.

Әбдіғалым Әйгерім Еркеғалиқызы,

Сәтбаев қаласының № 1 мектеп-гимназиясы,

Бастауыш сынып мұғалімі,

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.